economy-slide.pptx
- Количество слайдов: 19
САЛЫҚТАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ААТ Your Subtitle
Мақсаты: Салық қызметіндегі ААЖ «Салық» атқарымдылық есептеу сипаттамасын беру Жоспары: • Салықтағы басқару жүйесінің ерекшеліктері • Салық қызметіндегі ААЖ «Салық» атқарымдылық есептеу сипаттамасы • Салық органында ақпаратты технологияны қамтамасыз ету ААЖ-сі • Салық қызметіндегі АТ қолдану ерекшеліктері • ҚР салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (ҚР СБАЖ)
1. 1 Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ААЖ Әрбір елдің экономикасын басқару үрдісі экономикалық өмірдің түрлі салаларына мемлекеттің ықпалына байланысты. Мемлекеттің ықпал етуінің негізгі мақсаты: елдегі экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу, тауар мен қызмет құнының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халқының еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыздандыру, халық өмірінің деңгейінің жоғарылауын қамту және т. б. болып табылады. Бұл мақсаттар өзара байланысты, әрі олардың бәріне бірден қол жеткізу тәжірибе жүзінде мүмкін емес. Эконимиканы басқаруда тұрақтылыққа қол жеткізу мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі – салық саясаты. ҚР-ның салық саясаты, төлеушілерден – мемлекет аймағындағы заңды және жеке тұлғалардан бекітілген мөлшерде салық, алым, баж алымы мен басқа да төлемдер жиынтығын өндіріп алу түрінде құрылған. Барлық салықтар, алымдар, баж алымдары мен басқа төлемер ҚР-ның бюджеттік жүйесіне түсіп, мемлекеттің ақшалай табысын құрайды. Жиналған қаражат, мемлекет өзіне алған әлеуметтік, қорғаныстық, құқыққорғаушылық қызметті орындау үшін керек. КСРО кезінде мемлекеттік кәсіпорындардың төлемдері салықтық сипатта болмаған. ҚР-да нарықтық өзгерістерді жүзеге асыру, салықтар мен алымдар жүйесі арқылы мемлекеттің экономикаға қаржылық ықпал ету механизмі болып табылатын салықтық ұйымдардың құрылуына әкелді.
ҚР-ның салық қызметі, салықтар мен алымдар туралы ҚР-ның заңының орындалуын, салықтар мен алымдардың сәйкес бюджетке дұрыс мөлшерде, ҚР-ның заңына сәйкес басқа да міндетті төлемдердің уақытылы, әрі толық төленуін, салық органдарының құзыретті аймағында этил спиртін, алкогольді және темекіні өндіру, оның айналымын, валюта туралы заңың сақталуын бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыратын, атқарушылық өкіметтің мемлекеттік органы болып табылады. Салық коммитеті атқарушылық өкіметтің заңды тұлғаларды, жеке тұлғаларды – дара кәсіпкер, ауыл шаруашылық кәсіпкерлері ретінде тіркеуге, сонымен бірге, банкроттық туралы істерде өкілетті, міндетті төлемдерді төлеуді талап етуге уәкілі орган. Салық коммитетінің үш деңгейі бар: 1) мемлекеттік - ҚРның салық коммитетінің орталық аппараты; 2)облыстық - ҚР-ның облыстарындағы басқармалар; 3)аудандық (жергілікті) – аудандарда, қала аудандарында, ауданға бөлінбейтін аудандардағы комитеттер.
Мемлекеттік салық органдарының негізгі мақсаты, салық туралы заңның сақталуын, салықтың дұрыс есептелуін, заңнамада бекітілген мемлекеттік салық пен оған сәйкес басқа да төлемдердің тиесілі бюджетке уақытылы және толық төленуін қадағалау. Салық салу жүйесін басқарудың мақсаты, басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал етуі арқылы экономиканы оңтайлы және әсерлі дамыту. Қарастырылып отырған жүйеде, басқару объектілері ретінде халық пен әртүрлі меншікті ұйымдар алынған. Басқару субъектісі - салық органдары түрінде көрініс табатын мемлекет болып табылады. Ықпал ету заңнамада бекітілген салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Салық жүйесінің тиімді қызмет етуі тек қана заманға сай компьютерлік техникаға негізделген алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолданған жағдайда ғана мүмкін. Осы мақсатта, салық қызметінің органдарында бюджет пен бюджеттен тыс қорларға салық пен одан да басқа міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыздандыратын салық қызметтерінің барлық деңгейлеріне арналатын , салық туралы мәліметтерді кешенді жедел анализін жасауға, басқару органдары мен сәйкес деңгейлі салық қызметтерін сенімді ақпаратпен қамтамасыздандыруға мүмкіндік беретін авторматтандырылған ақпараттық жүйе құрылуда. Салық комитеттерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру үшін әрбір басқару деңгейіне қандай қызметтер сәйкес және ол деңгейлер арасында әрекеттесу қалай жүзеге асырылатынын білу керек. ҚР-ның салық салуды басқару жүйесінің құрамы мен құрылымы оның әкімшілік-территориалдық бөлінуіне сай.
ҚР-ның салық органдарының бірінші екі деңгейінің аппараты, ҚР-ның салық туралы заңында қарастырылған құқықтарын қолданып және міндеттерін атқара отырып, мемлекеттік салық комитеттерінің жұмысына жетекшілік жасай отырып, келесідей негізгі қызметтерді атқарады: v салық пен бюджетке деген басқа да төлемдер туралы заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын салық қызметінің инспекциясының жұмысын ұйымдастырып жүргізеді; vартығынан есептелген салық пен бюджетке деген міндетті төлемдерді банк және басқа да қаржынесиелік мекемелер арқылы қайтарады; vсалық пен бюджетке деген басқа да төлемдер туралы нормативті актілерді қолдану тәжірибесін ортақтандырып, бұл жұмысты салық қызметі инспекциясының жүргізуін ұйымдастырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлайды; vесептік, статистикалық мәліметтерді талдап, солардың негізінде салық пен бюджетке деген басқа да міндетті төлемдер туралы заңдық актілерді қолдану туралы нұсқаулық әдістемелік және басқа да құжаттарды әзірлеуге ұсыныстар даярлайды; vбарлық деңгейдегі инспекциялардағы жұмыстың ұйымдастырылуын зерттейді және тексереді, тексеріс барысында табылған кемшіліктерді жою шараларын қабылдап, тексерілген инспекциялардағы бақылау жұмыстарының әл ауқаты туралы жетекшілерінің есептерін тыңдайды, оны ұйымдастыруға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіп, жұмыс үрдісінің қойылыммен танысып, салық қызметкерлері арасында оң тәжірибе алмасады;
vсалық пен бюджетке деген басқа да міндетті төлемдерді төлеушілерді тікелей қадағалайтын жағдайда, бұл төлуешілерге қатысты аудандарға бөлінбейтін қалалардағы және аудандары бар қалалардағы инспекциялар сияқты қызметтерді атқарады; vминистрліктер мен ведомстволарда, кәсіпорындарда, кез-келген меншік формаларына негізделген мекемелер мен ұйымдарда, қаржылық құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептерді, жоспарларды, сметаларды, декларациялар мен салық пен бюджетке деген басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеумен байланысты құжаттарды тексереді; vсалық қызметінің барлық деңгейінде ақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған жұмыс орындарын құру және жұмысты автоматтандыру мен компьютерлендірудің басқа да құралдарын қолдану шараларын жүзеге асырады. vсалық пен бюджетке деген басқа да міндетті төлемдер туралы заңдардың сақталуын қадағалауды күшейту үшін құқыққорғаушы және республикалық қадағалаушы органдармен бірлескен шараларды үйлестіреді; vаймақтық инспекциялардың жүргізілген жұмыс туралы есептерін алып, ортақтандырып, талдап, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді; vбекітілген тәртіпте КР-ның басқа да министрліктерімен қатар саясат пен салық заңдылықтарын әзірлеуге қатысады;
Басқару объектілерімен, басқаша айтқанда, салық төлеушілермен (заңды және жеке тұлғалар, халық) тікелей байланысқа түсетін үшінші – аудандық – деңгей. Салық коммитетінің аудандық. , ауданға бөлінбейтін қалалық және қаладғы аудандық аймақтық инспекциялар келесідей қызметтер атқарады: § салық пен бюджетке деген басқа да төлемдер туралы заңның сақталуын қадағалау; § салық төлеушілер мен бюджетке түскен төлемдер есебін жүргізу; § салықтар мен төлемдердің есептелуінің дұрыстығын қамтамасыздандыру және олардың бюджетке уақытылы түсуін қадағалау; § төлеушілердің беретін бухгалтерлік есебі мен есептеу мәліметтерінің сенімділігін және уақытылы берілуін қадағалау; § атқарушы өкімет, құқық қорғаушы, қаржылық және несиелік органдармен заңның орындалуы мен сақталуы мәселесінде өзара іс-әрекеттесуі; § заң бұзушылық үшін, қарастырылған мөлшерде жауапкершілікке тарту; § аудандық және қалалық қаржылық ұйымдарға іс жүзінде келіп түскен төлемдер туралы мәліметтерді құру, талдау, беру; § мемлекеттік жоғары салық ұйымдарындағы бекітілген есеп берулер туралы талдау, мәліметтер беру; § бекітілген тәртіпте іс-қағаздарды және қызметтерді жүргізу;
«Салық» атты автоматандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мәліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен әдістерін пайдалануға негізделген салық органдарын ұйымдастырушылық басқару формасы болып табылады. «Салық» ААЖ шешілетін мәселелер шеңберін кеңейтуге, талдамалылықты жоғарылатуға, қабылданылып отырған шешімдердің негізделген және уақытылы болуына, салық органдарының басқарушылық әрекетін экономико-математикалық әдістерді, есептеуіш техника мен байланыс құралдарын қолдану, ақпарат ағымын реттеу арқылы оңтайландыруға мүмкіндік береді. q Салық төлеушілер есебі бойынша мәліметтер сенімділігін және салық заңдылығының сақталуын қадағалаудың әсерлілігін жоғарылату. q Барлық деңгейдегі салық комитеттерін салық заңдылығы туралы толық және уақытылы ақпаратпен қамтамасыздандыру «Салық» автоматандырылған ақпараттық жүйенің қызметінің мақсаттары q. Бухгалтерлі к есептің сапасы мен жеделділігін арыттыру. q Салық пен бюджетке деген басқа да төлемдердің түскені туралы мәліметтерді алып отыру. q Салық сомаларының түсу серпінділігін талдау және осы сарпінділікті болжай алу мүмкіншілігі. qҚағаз құжат айналымының көлемін қысқарту. q. Салық инспектрлерінің жұмысын жеделдетуді және еңбегінің өнімділігін арыттыруды жетілдіру. q Қабылданатын шешімнің жеделділігі мен сапасын арыттыру арқылы салық жүйесінің әрекет ету тиімділігін жоғарылату. q Салықтың түсуі мен салық заңдылығының сақталуы туралы әртүрлі деңгей әкімшілігін ақпараттандыру.
Салық жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттық технология (ААТ) дегеніміз – ақпараттық ресурсты қолдану үрдісін жеңілдету және олардың сенімділігі мен жеделділігін арыттыру мақсатында, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату және көрсетуді қамтамасыздандыратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, ақпараттық үрдістер мен программалық-техникалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық ресурстар деп пішінделген ойлар мен білім, түрлі мәліметтер, оларды жинақтау, сақтау, мәліметтер көзі мен тұтынушылар арасындағы ақпарат алмасу әдістері мен құралдарын атауға болады. Салық органдарының басымды мәселелерінің бірі болып пішіндеу саналады, себебі, ол ақпараттық технологияларды қолданып, ақпараттық жүйелерді тұрғызу мүмкіншілігі. Салық қызметінің ААЖ-ң құрылымы, салық органдарының құрылымы сияқты көпдеңгейлі. Елімізде әрекет етуші салық комитетінің жүйесі коптеген элементтерден тұрады. Бүкіл жүйе және әрбір элемент көлемді ішкі және сыртқы байланыстарға ие болады. Жүйенің дұрыс әрекет етуі үшін жеке элементті (комитет) басқару қалай жүзеге асырылса, бүкіл жүйені түгелімен де басқаруға болады. Салық жүйесінде басқару үрдісі ақпараттық үрдіс болып табылады. Әрбір экономикалық жүйе секілді, салықтық қызметтің ААЖ-сі де стандартты құрылымда атқарымдық және қамтамасыздандырушы, сонымен бірге, ШҚҚЖ (Шешім қабылдауды қолдау жүйесі) бөліктерінен тұрады. Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) салық органдарының жетекші буынына қызмет көрсету үшін арналған ақпараттық жүйе болып табылады да, жетекшілердің нақты уақыт тәртібінде талдау және болжау жұмыстарына арналған. Атқарымдық бөлім пәндік аймақты көрсетеді. Салық органдарының атқаратын қызметіне қарай атқарымдық бөлімде ААЖ әрбір деңгейі үшін өзіндік «Салық» болады.
Есептеу алгоритмі әдістемелік деректерде, нормативті құжаттармен нұсқауларға негізделеді. Әрбір кешен құрамына бөлек мәселелер кіреді. Мәселе бірегей бастапқы мәліметтер негізінде алынатын логикалық байланысқан соңғы шығу құжатарымен мінезделеді. Қамтамасыздандырушы бөлім ақпараттық, техникалық, программалық және басқа да түрлі ұйымдастырушылық ААЖ-ге тән қамтамасыздандыруларды қосады. Ақпараттық қамтамасыздандыруға көрсеткіштер, құжаттар, классификаторлар, кодтар, әдістер, олардың салық жүйесінде қолданылуы, сонымен бірге, мәліметтердің ақпараттық массивтері кіреді. Техникалық қамтамасыздандыру дегеніміз – ақпаратты өңдеудің техникалық құралдар жиынтығы, олардың негізін әртүрлі қуатты және жылдамдықты компьютерлер мен түрлі автоматтандырылған жұмыс орындары арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құралдар. Программалық жабдықтау дегеніміз – салық органдарымен шешілетін түрлі мәселелерді орындау үшін жалпы және қолданбалы сипаттағы түрлі программалық құралдар кешені. Салық қызметінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ірі жүйелер санатына жатады. Оған қандай да бір басқа жүйе сияқты бірқатар талаптар қойылады: v жүйені құру мақсатына қол жеткізу; vберілген жүйенің барлық элементтерінің осы жүйемен және басқа да жүйелермен сыйысымдылығы; vжүйелілігі; vдекомпозиция және т. б.
Бұл талаптар жүйенің элементтерінің жаңару мүмкіндігін қарастырады, олардың өзгермелі жағдайларға икемділігі, ақпараттың сенімділігін және қолданудағы бастапқы ақпараттың бір реттік енгізілуін және шығыс ақпаратын көп айналымды пайдалануды, ақпараттардың өзектілігін білдіреді. ААЖ қол еңбегінің минималды шығынында басқару объектісінің жағдайы туралы ақпаратты сараптау, өңдеу және жинауды, жүйе ішінде және басқа жүйелермен ақпаратттар алмасуды қамтамасыз етуі керек. ААЖ басқарылатын алгоритмдердің жүзеге асырылуын, жүйелер арасында байланысты, бастапқы ақпараттың енгізудің қарапайымдылығын, техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығымен технологиялығын, программалық, ақпараттық аспектілерде барлық техникалық модульдердің әртүрлілігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенімен жабдықтандырылуы керек. Қолданушылардың тапсырмаларын шешу үшін қажетті ақпараттарды енгізу және өңдеуге берілуін, жиналуын қамтамасыз ететін деректер қорын басқару жүйесінің қызметтік тапсырмаларын шешу және деректерді өңдеуге бағытталған түрлі операциялық жүйелер, қолданбалы программалық пакеті негізінде жүйені құру және қызмет етуі маңызды талап болып табылады. Ақпараттық аспектіде жүйе оның негізгі қызметтерін жүзеге асыру үшін толық және жеткілікті ақпараттарды беруі керек, кодтаудың орынды жүйесін иеленуін, ақпараттардың жалпы классификаторларын пайдалануы, жақсы ұйымдастырылған ақпараттық файлдар және деректер қорын иемденуі керек. Ақпараттық технологиялар құралдарын нәтижелі пайдалану үшін барлық деректер қорларынан ақпараттарды алу қажет. Кәзіргі таңда сыртқы орта және салық органдары мен орта арасында тұрақты ақпараттық байланыстарды жүзеге асырумен бірегей ақпараттық кеңістікті құру мәселесі тұр.
v v Сыртқы орта мемлекеттік билік органдары, ҚР қаржы министрлігі, кедендік қызмет, мемлекеттік статистика қызметі, банкттік және несиелік мекемелер, ҚР зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жылжымайтын мүлікті тіркеу ұйымдары болып табылады. Осы ұйымдармен ақпараттық өзара байланыс – салық органдарының басты мақсаттарының бірі. Осы мемлекеттік құрылымдардың келесідей деректер қорын пайдалану және өзара алмасу есебінен қамтамасыз етуге болады: салық төлеушілердің мемлекеттік тізімі; салық төлеушілердің банк шоттары; сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары туралы, ҚР шекарасын кесіп өтетін түрлі құндылықтардың көлемдері және бағалары туралы мәліметтер; мемлекеттік бюджеттің заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін салықтық түсімдер бөлігіндегі шоттар қозғалысы. Салық органдарының автоматтандырылған жүйесін құру, бірқатар мәселелерді шешті. Ең алдымен, бұл – олардың телекоммуникациялық желілермен ақпараттық байланысуы, мәліметтер базасының әзірленуі, жүйенің қызметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін програмалық құралдардың әзірленуі. Орталық аппаратта Ақпараттық технологиялар басқармасы ұйымдастырылып, аймақтық жергілікті деңгейде – ақпараттандыру бөлімшелері мен мәліметтер базасының әкімшілігі құрылды. Жүйені пайдалану үрдісінде жобаны демеп отыру керек, себебі, негізінде жобаланып отырған жүйенің прототипі, сондықтан, ол келешекте жетілдіріліп, толықтырылуы мүмкін.
Осы мақсатта мемлекеттік және аймақтық деңгейде ғылыми-зерттеу есептеу орталықтары құрылып, оларға аймақтық және аудандық деңгейде ақпараттандыру бөлімшелерінің жұмысын бағдарлап отыру жүктелді. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі ААЖ «Салық» өмірлік циклын демеу. Бұл мақсатардың программалық қамтамасыздандырылуы тапсырыс бойынша әзірленіп, ҚР-ның салық комитетінің меншігі болып табылады. Өнім ретінде ол демеу мен дамуға кепілденілген, «Салық» ААЖ жүйелік талаптарына сай. Жүйелік талаптарды жүзеге асыру, «Салық» ААЖ жүйелік жобасында сипатталған жобалық шешімдерге сай орындалады. Бұл талаптардың негізгісі болып, деректерге қол жеткізу мүмкіншілігі «Салық» ААЖ-ң кез-келген объектісінен берілген сұлбаға сай мүмкін, әрі үлестірілген мәліметтер банкі жағдайында ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру болды.
1. 2 ҚР салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (ҚР СБАЖ) ҚР СБАЖ өңдеуiнiң негізгі мақсаттары: ҚР СБАЖ Қазақстан республикасының мемлекеттiк табыстары министрлiгiнiң тапсырысы бойынша құрылады. Автоматтандыру объектілері мемлекеттің салық органдарының бөлiмшелерi болып табылады. Салық қызметінің құрылымдарына: Бас салық комитетi, облыстық салық комитеттерi және 200 аудандық салық бөлiмдерi жатады. Бұл бөлiмшелер республиканың барлық аумағына таратылған. Мақсат 1: Салық түсiмдер жиынының, бюджеттен тыс қорлар мен басқа да міндетті төлемдердің ұлғаюы. Міндеттер: Øсалық комитетiнiң барлық ұйымдастыру деңгейлерiнде тиiмдi және бiртiндеп басқару; Øсалықпен басқарудың атқарымдық тәртіптерін бақылауды жүзеге асыруды жақсарту; Øсалық операцияларын қолдану әдістері мен технологияларының тиімділігін жоғарылату; Øсалықтық әкімшіліктерді жүзеге асыру барысында материалдық-еңбектік шығындарды қысқарту. Стратегиялар: Øдер кезiнде және жеткiлiктi мәлiметпен, шешiм қабылдайтын адамды қамтамасыз ету; Øтексерулер үшiн салық төлеушiлердiң iстерiнiң таңдауы, ықтиярсыз төлем және тағы басқалар және автоматты салықпен басқару қызметін жүйелік бақылауы; Øқазіргі заманғы салықтық әкімшіліктін атқарымдық тәртіптерін жүзеге асыру үшін ұйымдастырудың әр деңгейінде барлық қажетті ақпаратты ұсыну. Øжинақтаудың әлеуетті сомасы мен басқа критерийлер негізінде жұмыстағы басымдықтарды анықтау (жедел және қорларды тексеру және үлестiрiлуi үшiн салық төлеушiлердiң таңдауы). Мақсат 2: ҚР-ның қаржылық жүйесінің, оның негізгі компоненттерінің (банк жүйе, қаржы мекемесi, қаржы органдарының жүйесi, салық полициясы, кеден комитетi, зейнетақы жүйесi) неғұрлым жоғары интеграциялануы арқылы күшейтілуі. Міндеттер: Øақпараттық ағындардың және олардың ақиқаттығының тиiмдiлiгiн жоғарылату; Øмемлекеттік басқару органдарымен бірге қолданылатын жалпы ақпарат бөлігін жоғарылату. Стратегиялар: Øәр түрлi жүйелердiң бiрнеше рет мәндердi енгiзуiн және олардың автоматты бақылау әдiстерiнiң электрондық деректердi берудi әр түрлi деңгейлерде қолдану арқылы қысқарту; Øмемлекеттiк басқарудың барлық органдары үшiн болатын ортақ қызметтер үшiн бiртұтас ақпараттық жүйенiң тағайындалуы.
Ақпараттық жүйенiң тағайындауы Қазақстан республикасының салық төлеушiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң орталықтандырылған жүргiзуi, соның iшiнде: ØСалық төлеушiлердiң есепке алуын тiркеу, қайта тiркеу, алу. ØСалық төлеушi туралы қосымша мәлiметтердiң енгiзуi. ØЖеке шоттардың автоматты ашылуы. ØТөлемдер және (салық формалары) декларациялардың өңделуi, соның iшiнде: ØСалық есеп беруiнiң формаларының қабылдау және енгiзу. ØБюджетке төлемдердiң түсуiн бақылау. ØСалық төлеушiлердiң жеке шоттарының жүргiзуi. ØЕсептеп шығаруларды есептеу. ØЕсептеуде нақты көрсеткiштер бойынша айыппұлдар және пения есебі. ØСалық операцияларының орындауын қолдау (салықты тексеру және жинақ), соның iшiнде: ØТiркеу және төлемдер мен декларацияларды өңдеу, салық операцияларын өткiзу үшiн мәлiметтер негiзiнде iстердiң таңдалуы. ØІріктелген iстер бойынша нысандырылған салық операцияларының өткiзуiн бақылау және салық тәртіптемелерінің нәтижелерiн бекiту. ØӘр түрлi тұрғыларда салық операцияларының өткiзуiне есеп беру және нәтижелердi қорыту.
СБАЖ негiзгi iшкi жүйелерi салық төлеушiлердiң тiркеулерi тiркеуге құжаттардың қабылдауынан, алынған мәліметтерді сақтаудан, салық төлеушiге СТН-ді иемдетуден және тіркеу туралы растауды беруден, иемденулер тіркелу үшін төлқұжатты өзімен бірге болуы тиіс. жеке шоттардың жүргiзілуi ұйымдастырушылық басқару шешiм қабылдауды қолдау декларациялар және түсулердi өңдеуден, айыппұл мен өсімдерді есептеуден, төлемеушiлердің шоттарына ұйғарымдардың және қайтару немесе артық төлемдерді қайтару туралы қорытындылардың шығарылуынан тұрады. аудандарда бақылап, облыстық немесе республикалық салық инспекциялары, инспектордың аудандардағы салық операциялары тағы басқалар салықты тексерулердi өткiзу жеңiлдетедi және автоматтандырылған тәртiпте олардың орындалуын зерттеп отыруға мүмкiндiк бередi. жүйенің таратылған атқарымдық үрдісінде жинақталған ақпаратты жалпылауға мүмкіндік береді. Салық қызметтi құрылым бас салық комитетi, облыстық салық комитеттерi және 200 -ден астам аудандық салық бөлiмдерiн қосады. Бұл бөлiмшелер республиканың барлық аумағына бөлiнген. Осыған байланысты жүйенiң әртүрлi бөлiмшелерiне байланыс каналдарының мүмкiндiктерiн есепке алуымен программалық қамтамасыз етудi құрастырудың әдiстерiнiң дұрыс таңдауында болады. Географиялық жүйе үш деңгейден тұрады: республикалық, облыстық және аудандық. Оның атқарымдығы iшкi жүйелерде толығырақ қаралады.
Тiркеудiң iшкi жүйесi. Республикалық деңгейде салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiмi жүргізіледі. Аудан деңгейде тiркеуге өтiнiштер қабылданады, бастапқы тексерулерден өтедi және республикаларға жолданады, тiркеу мәлiметтерiнiң ақырғы бақылауы iске асады, Төлқұжат (СТН) және мәлiметтi не салық төлеушiден кейiн тағайындайды да ДҚ-да сақталынады. Ауданға өтiнiштер табысты өңдеудi жағдайда салық төлеушiге қолда шығып тұрған тiркеу туралы растау жолданады. Облыстық деңгейде республикалық тiзiмнiң өзiмен ұсынатын iшкi жиынының облыстың салық төлеушiлерiнiң ДҚ-ын апарады. Әкiмшiлiк басқарудың iшкi жүйесі. Бұл iшкi жүйедегі негiзгi элемент тексеру iсі болып табылады. Iстер негiзгi елеулі белгілермен тексерiлетiн салық төлеушiлерге сiлтемесi, атқару мерзiмi, орындаушылар болып табылады. Iстiң мазмұны негiзiнде iс жасалған қалыппен анықталады. Қалыпты жұмыстың жүрiсiн инспекторлармен енгiзiлген деректер тiзiмiнiң бiріңғай тексерулерi анықтайды. Мұндай мәлiметтердiң ерекше түрi тексерiс нәтижесiнен шыққан төлеулер және айыппұлдардың тiзiмi болып табылады. Жоғарғы ұйымдарда қалыптардың бiрі негiзiнде, тәуелділігі құрылып орындаушы үшiн есептiң мерзiмдерін көрсетедi, iс кейiн ауданға бағытталады. Аудандағы жауапты жетекшi iстiң орындаушысын тағайындайды. Орындаушы тексерулер бойынша жаңа мәлiметтермен iстi толықтырады. Iс нәтижелерi тексерілініп жоғарыға беріледі де, есептеулер шығады. Төлеулер және декларацияның iшкi жүйесi Салық төлеушiлердiң жеке шоты облыстық деңгейде сақталады. Декларациялар негiзiнде және банктерден оған салық төлеушiлердiң өтiнiштерi және төлеу мәлiметi есептiк жазуларда енгiзiледi. Бұдан басқа, жүйемен оларды өңдеу үрдістерінде есептелiп айыппұлдар және пеня есебі кіреді. Барлық бастапқы құжаттар облыста сақталады. Төлеу мәлiметi облыстық серверге тiкелей (қаржы мекемесiнiң жағдайында), немесе республикалық сервер арқылы түседі. Салық төлеушiлердiң құжаттары аудандарда қабылданып алдын-ала тексерулерден өтеді, кейін облысқа жөнелтіледі. Аудан деңгейінде тексерулердi өткiзу үшiн жеке шоттардың көшiрмесi, тәптiштеудiң актілері, инспекторлар қажеттi мәлiметтi облыстардан сұрайды. Шешiм қабылдауды қолдау, мәні бойынша ДҚ-на сұрау салуға мүмкiндiк алып нәтижелерді бейнелейді. Бұл iшкi жүйе есеп беру құжаттарының ережесiн құрастыруға икемдi мүмкiндiк бередi, оларды алу технологиясы аймақтық. Жоғарғы ұйымның сұрау салуы бойынша алу және деректердi өңдеу автоматты немесе жартылай автоматты тәртiпте, және де төменде тұрған ұйымдар жергiлiктi ДҚнан мәлiметтердiң айғақтары туралы хабарландырылмауы мүмкiн.
Салық комитеттерiнiң ақпараттық байланыстары Облыстармен орталықтың байланыстары үшiн байланыстың ерекшеленген каналдары қолданылады және де өткiзу қабiлетi жеткiлiктi. Облыстармен аудандар байланысы барлық жағдайларда сапалы бола бермейді. Сенімсіздік және аудандық байланыс каналдарының төмендігі жүйенің құрылымына және ұйымдастырумен қамтамасыз етуіне аудандық, облыстық деңгейде ерекше талап қойылады. Сыртқы ақпарат көздерімен байланыс үшін бірнеше интерфейстер ескеріледі. Төлемдік ақпараттың импорты. Жүйеге бұл интерфейс банктiк төлеулердiң үйреншiктi банкаралық түрінде мәлiметтердi қабылдауға мүмкiндiк бередi. Қазына мекемесiнiң жүйесiмен өзара әрекеттесу арқылы және Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк Орталықта ескеріледі. Салық төлеушiлер туралы қосымша ақпараттың импорты. Салық төлеушiлер туралы әр түрлi мәлiметтерді (ТЗБ, кеден, банктер, көлiк терминалдары және тағы басқалар) үшiншi ұйымдардан алуға үнемi мүмкiндiк бередi. Ақпараттың экспорты. Салық төлеушілер туралы мәліметтерді мүдделі мемлекеттiк құрылымдарға жүйелі таратуды оңайлатуға мүмкiндiк бередi.
economy-slide.pptx