
салы__.pptx
- Количество слайдов: 21
САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЛЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТІ 1. Мемлекеттің салықтық қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздері. 2. Салық салу әдістері. 3. Салық салу принциптерінің жүйесі. 4. Салықты белгілеу тәртібі.
Салық салу – бұл салықтардың белгіленуі мен жүргізілуі, олардың төленуі немесе өндіріп алынуы бойынша мемлекеттің қызметі. Салықтық қызмет – бұл өзінің ақша қаражаты түріндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында салық салуды ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің қызметі.
Мемлекеттің салықтық қызметі түрлі компоненттер мен бағыттардан тұрады: 1) Салықтарды белгілеу мен жүргізу жолымен мемлекеттің салық жүйесін қалыптастыру; 2) Салық салу саласындағы мемлекеттік билік органдарының құзыреттерін айқындау және олардың өкілеттіктерін бөлу; 3) Мемлекеттің мамандардырылған салық органдары жүйесін қалыптастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету; 4) Салық заңнамаларын сақтау, салық міндеттемелерін орындау үшін салықтық бақылауларды ұйымдастыру мен жүргізу; 5) Салық жинауды жүзеге асыру, ерікті не мәжбүрлі;
Мемлекеттің салықтық қызмет жүзеге асыру әдістері – бұл мемлекеттің салық салу саласында өз функциясын жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері. Салық қызметінің негізгі әдістері: 1) Сәйкесінше нормативтік актілерді қабылдау жолымен салықтарды белгілеу мен жүргізу; 2) Салық төлеушілердің есебін жүргізу; 3) Салық салу объектілерінің есебі; 4) Салық түрлері бойынша есептеулер мен өндіріп алулар;
5) Табыс көзінен салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру; 6) Салық төлеушілердің айқындалған санаты үшін салық есептілігін белгілеу; 7) Салық төлеушінің өз салық міндеттемесін орындауына бақылауды жүзеге асыру; 8) Салық төлеушінің өз салықтық міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану; 9) Мемлекеттің салық қызметін ұйымдастыру (салық органдарының жүйесі – салық әкімшілігі); 10) Заңды жауапкершілік белгілеу;
Салық саясаты - мемлекеттiң қаржылық қажеттiлiктерiн, мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық мүдделерi тепе -теңдiгiнiң сақталуын, қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және қолданыстағыларының күшiн жою, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасын өзгерту жөнiндегi шаралар жиынтығы.
САЛЫҚ САЛУ ӘДІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ СТАВКАСЫ БӨЛІНЕДІ: 1) теңестірілген Әр салық төлеушіден бірдей сомада өндіріп алу; 2) пропорциональды Әр салық төлеуші салық салу базасының үлесінде немесе пайыздық көрністе бірдей ставкада төлейді (М: табыстан 30 пайыз) 3) прогрессивті Салық базасы өскен сайын салық ставкасы өседі (М: көліктің жүк көтеру салмағының өсуі); 4) Регрессивті Салық базасының өсуіне орай салық ставкасы төмендейді (М: табысы 10 мың салық 10 пайыз)
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және жеке тұлғалардан алынады. Оған жататындар: ü азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық; ü мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар;
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарымжартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері: қосылған құн салығы және акциз.
Салықтың ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды: салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты); салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты); әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты); салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптері: Ø Салық салудың міндеттілігі; Ø Салық салудың айқындылығы; Ø Салық салудың әділдігі; Ø Салық жүйесінің біртұтастығы; Ø Салық заңнамасының жариялылығы;
Салық салудың экономикалық принциптері: ü Салықтың экономикалық негізділігі; ü Салық жүйесінің елдің бірыңғай экономикалық кеңістік талаптарына сәйкестігі ü Салық төлеушінің мүмкіндігін есепке алу; ü Салық салудың теңдігі; ü Салық салудың максимальдылығы.
Салық салудың заңдық принциптері: ü Мемлекеттің шектелмеген салықтық егемендігі; ü Салықтарды белгілеу мен өзгерту кезіндегі биліктің заң шығарушы тармағының үстемдігі; ü Салық заңнамаларының ҚР Конституциясына сәйкестігі; ü Салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; ü Салық заңнамалары жүйесінде Салық кодексінің үстемдігі; ü Азаматтардың жағдайын ауырлататын салық заңдарының кері күші болмайды.
Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондайақ басқа да міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдары жүзеге асырады. Салық органдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің облыстардағы, аудандардағы мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу заңда, ҚР Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының нормативтік құқықтық және нұсқаулық актілерінде көзделген мерзімде жүргізіледі. Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салық органдары алған салық төлеуші туралы кез-келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
Салық органдарының негізгі міндеттеріне: 1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) салықтардың, алымдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің тиісті бюджеттерге түсуін қамтамасыз ету; 3) мемлекеттің фискалдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыруға ат салысу; 4) халықаралық салу мәселелерін тиісінше шешуге байланысты халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың белсенді қатысушысы мәртебесіне ие болу жатады.
Мемлекеттің салық қызметінің мақсаттары: салық төлеушілердің экономикалыққаржылық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін ұтымды белгілеу; салықтардың көмегімен республикалық бюджет кірісіне ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық, әкімшіліксаяси және мәдени дамудың мемлекеттік бағдарламаларын ақша қаражаттарымен қамтамассыз ету; мемлекеттің салық жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
өндіріс аясын және өндірістік қатынастарды тиісінше салықтық-құқықтық реттеуді қамтамассыз ету; шаруашылық субъектілерінің халық тұтынатын тауарларды шығаруға және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді экономикалық қызметтерін салықтық ынталандыру; салық органдары қызметтерінің рентабльдігін арттыру, құқықтық негіздерін, әлеуметтік жағдайлары мен материалдық базасын жетілдіру түрінде көрініс табады.
Қазақстан Респубикасында мынадай тұлғалар: Ø тұрақты мекеме құру арқылы қызметін ҚР-да жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде резидент еместер орналасқан жері бойынша; Ø тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап кез-келген он екі айлық кезеңде отыз жұмыс күнінен астам қызметін ҚР жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыратын жері бойынша; Ø қызметін бірлескен жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер осы қызметін жүзеге асыратын жері бойынша;
Ø салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын резидент жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша; Ø Салық кодексінің 191 -бабының 1 -тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар ҚР-да болатын жері бойынша; Ø ҚР-да салық салу объектілерін иеленетін резидент еместер салық салу объектілері орналасқан және тіркелген жер бойынша; Ø салық кодексінде көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушілер ретінде резидент банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Салық төлеуші: 1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ ҚР қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға орналасқан орны бойынша, қызметті жүзеге асыру орны бойынша, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан және тіркеу орны бойынша; 2) жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін: резидент емеске-келген орны бойынша, салық салу объектілерінің, салық салуға байланысты объектілердің орналасқан және тіркеу орны бойынша, кәсіпкерлік қызтетті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу есебіне тұруға міндетті.
Салық органдары салық төлеушілерді тіркеу есебін жүзеге асыру кезінде мынадай: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды жүзеге асыратын; статистика жүргізетін; салық салуға байланысты объектілерді және салық салу объектілерін есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын; лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін; жеке тұлғаларды ҚР-дағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүргізетін; азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын; нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын; қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын; басқа да уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет жасайды.
салы__.pptx