салт прен.pptx
- Количество слайдов: 32
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 1) Сүйінші 2) Сәлемдеме 3) Базарлық 4) Көрімдік 5) Жеті ата 6) Тыйым 7) Араша 8) Құтты болсын 9) Тоқымқағар 10)Тізе бүгер 11)Шашу 12)Айдар 13) Сыбаға 14)есік ашар 15) сәукеле кигізу 16) Құйрық бауыр 17) Сыңсу 18) Жоқтау 19) Көңіл айту 20) Тұсау кесу 21) Сүндетке отырғызу 22) Беташар 23) Тілашар 24) Босаға майлау
Сүйінші – қуанышты хабарды жеткізуші адам. Бұрынғыда қазақтар сүйінші сұрап келген адамға қалаған затын беретін болған. Сәлемдеме – адамдардың бір – біріне деген құрметінің бір белгісі. Ол көптен көрмеген жақын адамдардың бір – біріне жіберген қымбат бұйымы. Көрімдік – жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген адамға берілетін сый. Көрімдік тек құнды зат берумен ғана шектелмейді, ол көрімдік беруші адамның ақ көңілдігін, қолы ашықтығын және кең пейілділігін айқын көрсетеді. Көрімдік пен байғазы екеуі екі басқа ұғым. Байғазы жансыз заттарға берілетін сый болса, көрімдік адамдарға берілетін сый.
Базарлық – бұл алыс жолға кеткен адам жақындарына, көршілеріне, достарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлық әкеледі. Ол базарлық деп аталады. Бұл сыйластықтың, жақсы көрудің белгісі және ол ескерткіш ретінде қабылданады. Құтты болсын айту - бала туған, келін түсірген тағы басқа сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі. Тоқымқағар - жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Ол үшін арнаулы мал сойылып, сыйлы мүшелер салынып, ет асылып, кең дастархан жасалады және ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің көрінісі.
Жеті ата – қазақта жеті атасын білмеген жетесіз деп айтады. Әр адам өзінің жеті атасын білуі керек. Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бөгде жандармен танысқанда ата тегін, руын сұрайтын болған. Және жеті ата әкеден төмен емес, әкеден жоғары таратылады. Атай кететін болсақ олар 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. ( Ата - тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі. Тізе бүгу - халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі. 2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған. 3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыстартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
Шашу шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Шашу келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Айдар - ғұpып. Бұл бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады. Мысалы, Кенесарының ініcі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болғaн. Араша – бұл екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Тыйым - «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Ойлан тап
Бұл өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын ең алғашқы той
Шілдехана
Қырқынан шығару
Сүндет той
Қаз-қаз, балам, қаз, балам Қаз-қаз, балам, қарағым, Қадам бассаң мәз болам. Құтты болсын қадамың. Күрмеуiңдi шешейiк, Өмiрге аяқ баса бер, Тұсауыңды кесейiк. Асулардан аса бер. Қаз-қаз, балам, қаз, балам. Жүгiре қойшы құлыным, Тақымыңды жаз балам. Желбiресiн тұлымың. Қадамыңа қарайық, Елгезек бол ерiнбе, Басқаныңды санайық. Iлгерi бас шегiнбе. Қаз-қаз, балам, жүре ғой, Ала жiптi алайық, Балтырыңды түре ғой. Әжеңе алып барайық. Тайғалақ боп шаба ғой, Ер жеттi деп айтайық, Қозы, бәйге ала ғой. Шашуын жеп қайтайық.
Тұсаукесер
• Беташар
Сырға салу
• Алтыбақан тебу
• Сыңсу
• Келін түсіру
• Үйлену той
салт прен.pptx