синтаксис.pptx
- Количество слайдов: 20
Салалас құрмалас сөйлем арасындағы компоненттік байланыс
Құрмалас сөйлемдердің барлық грамматикалық түріне қатысатын амалдарды – универсал амалдар деп атаймыз.
Универсал амалдар: Демеуліктер салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге бірдей қатынасып экспрессивтік мағына қосу үшін жұмсалады. Жаңбыр жауса–ақ , көл тасиын деп тұр. Мен сөйлесем–ақ аузыма қақпақ қояды. (А. Нұрманов). Орын тәртібі Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлеріне, коммуникативтік түрлеріне қатысты орын тәртібінің ережесі бар. Бұл ережелер құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруда елеулі қызмет атқарады. Интонация
Интонацияның басты компоненттері: Сөйлемнің айтылуындағы жиілік; Сөйлемнің созылыңқылығы; Сөйлемнің айтылуындағы пауза, екпін.
Салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырушы амалдар: Жалғаулықтар Анафористік есімдіктер Байланыстырушы қайталамалар есімдіктер, есімдік негізді сөздер (сөйтіп, солай болғандықтан), бұл сөздер құрмалас сөйлемнің екінші компонентінің сөйлем мүшесі ретінде қатынасып, алдыңғы компонентті бір синтаксистік байланысқа түсіріп тұрады. Кім келді онысынан хабар болмады. (Б. Соқпақбаев). Дыбыс не, қарып не, таңба не оны ешбір айыра алмайды. (Ғ. Мүсірепов)
Ø Жалғаулықсыз салаластың алдыңғы компоненттінің баяндауыштары көпшілік жағдайда еді, екен, емес етістіктерін көмекшіге алып тұрады. Бұл көмекшілер кейбір жағдайларда өзі құрамына еніп тұрған жай сөйлемдерге тиянақсыздық мән беріп, екі жай сөйлемді құрмаластырушы дәнекер болып келеді. Ø Мысалы: Айналаға мойын созып қарап едім, қыбыр еткен жан көрінбеді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда алдыңғы компоненттің баяндауышы қызметінде қолданылатын сол есімдігінің де ролі ерекше. Бұл есімдік алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылғанда, формалық құбылыстарға ұшырап, соншалық, сондай, соншама болып айтылады. Тек бір –ақ қана тілегім сол, толып дами берсеңші, биікке баса берсеңші (Әуезов). Пластының енсіздігі, жұқалығы сонша, бұлар жер бауырлап келе жатыр (Ерубаев).
• Сол есімдігі арқылы құрмаласатын салаластың бірінші компоненті жалпылауыштық мәнде, сілтеу мәнінде айтылады да, екінші компонент тұтасымен бірінші компоненттегі бастауыштың баяндауышы функциясында, яғни сол есімдігінің орнына жұмсалады. • Сізге беретін кеңесім сол, Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз (Айбек).
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері жеке алынғанда ойдың тиянақталмағандығы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады.
Компоненттердің мағыналық жағынан бір-бірімен іліктес, сабақтас болып, интонация жағынан бір бүтін болып келуі – жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жасаудың ең басты тәсілі болып табылады. Жай сөйлемдер құрмаласуының тағы бір елеулі жолы – компоненттердің бәріне бірдей қатынасты, солардың басын құрап тұратын ортақ бір сөздің (мүшенің) болатындығы. Ондай сөз салалас құрмалас сөйлемнің тек бірінші компонентінде ғана айтылады да, оның кейінгі компоненттерге қатынасы, ортақ мүше болып тұрғандығы компоненттер мағыналарынан өте айқын байқалып тұрады.
• Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді, Самарқанның мазар, ғымыраттарына қадалтады, Мерв, Мешхедтың миалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына әкетеді, ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медресселеріне, кітапханаларына әкетеді (Әуезов). • Алдарында жапырақ тас үй тұр, төбесін жаңада көтеріп жауыпты, екі жақ қабырғасы шыпырлаған есік (Мұстафин). • Қазақтың ұғымында кедей я момын болу ұят емес, келімсек я кірме болу ұят, ал құл болу – қорлық (Мұқанов). • Жүз қырық түйенің жүгі артылды, енді қалғаны екі жүз пұт, он түйеге артылады да кетеді (Мүсірепов).
Жалғаулықсыз салалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірбірімен құрмаластық қатынасы компонент баяндауыштарының бір бастауышқа ортақтасып тұруы арқылы да, белгілі бір сөздің (мүшенің) бірінші компонентте де, екінші компонентте де қайталап айтылуы арқылы да байқалады. Інісі оған жәбірленген жоқ, ұзай берген ағасының желкесіне ай сәулесін түсірем деп әуіреленген бойы қала берді (Мүсірепов). Олжабек екеуміз кезеңді жерде кездесіп едік, тағы бір кездескелі отырмыз. Шығанақ оған тек бала оқытушы деп қана қарамайды, жаңа заманның ой-қырын, оң-солын, көбінесе, содан сұрап, қанып отырады (Мұстафин). Кетерде Боржабай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқан жоқпын (Мұқанов). Жолдасын таппаған ер азады, басшысын таппаған ел азады. Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. Алтын тісті ауыздан аса жаман сөз шығар, жаннан безген жауыздан жазығы жоқ көз шығар (мақал).
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерін бірбірімен байланыстыруда компонент баяндауыштарының жақтық, шақтық, санмөлшерлік жағынан бірыңғай, бір тектес болып келулерінің де елеулі мәні болады. Мұның өзін де атпайын, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпен атып уатайын (“Ер-Тарғын”). Баласына билік бермейді, ол әкесінен шыға алмайды, мен одан шыға алмаймын.
Компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы. Бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталанып айтылуы; Белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; Жай сөйлемдер мағыналарының бірбірімен байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы; Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда компоненттер бірлігін қамтамасыз ететін немесе олардың байланысын күшейтуге септігін тигізетін амал –тәсілдер: Интонация тұтастығы арқылы; Компоненттердің біріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы; Компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы;
Тапсырмалар
• Универсал амалдар дегеніміз не? • Универсал амалдар нешеге бөлінеді? • Интонацияның басты компоненттері?
I. Таяқ тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер, Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер. ІІ. Құбылып бурыл гуледі, Табаны жерге тимеді, Тау менен тасты көрмеді, Төрт аяқты сермеді, Тер шыққан соң өрледі, Адырды көзі көрмеді, Көлденең жатқан көк тасты Тіктеп тиген тұяғы Саз балшықтай иледі. (“Қобыланды батыр”)
Бір жылы бозға жұмыртқалаған үйректі тұзақ құрып ұстап алдым да, терісін бітеудей сойып, басыма кидім, сөйттім де, көлге бардым. . . (С. Мұқанов)
Назарларыңызға рақмет! Қыдырбекова Іңкәр Kz 3
синтаксис.pptx