1335327201254.ppt
- Количество слайдов: 23
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин « Әке мен бала »
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесін жан- жақты талқылау. Дамытушылық: «Әке мен бала» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру. Тәрбиелік: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік.
“Ә К Е М Е Н Б А Л А” Ыбырай Алтынсарин
С Ө З Ж Ұ М Б А Қ С Ұ Р А Қ Т А Р: Р 1. Асқар тауға кімді теңейміз? 2. Алдардың қосымша есімі? 3. Киелі сан 4. Ай аты 5. Ерте, ертеде деп басталады? 6. Ас атасы 7. Адамзатқа ең керек нәрсе 8. Дүниедегі ең қымбат жан 9. Өнер алды-қызыл. . . 10. Күндіз жоқ, түнде бар Ә К Е М Е Н Б А Л А
С Ө З Ж Ұ М Б А Қ С Ұ Р А Қ Т А Р: Р 1. Асқар тауға кімді теңейміз? 2. Алдардың қосымша есімі? 3. Киелі сан 4. Ай аты 5. Ерте, ертеде деп басталады? 6. Ас атасы 7. Адамзатқа ең керек нәрсе 8. Дүниедегі ең қымбат жан 9. Өнер алды-қызыл. . . 10. Күндіз жоқ, түнде бар Е Ә К К Ө Ж Е Т М А М Ы Р Т Е Г Н А Н Б І А Н А Т І Л А Й Е С І Р І Л Е І М
Қазақ әдебиетінің атасы, Ұлы педагог, жазушы (1841 -1889) 1841 жылы Торғай жерінде дүниеге келген Ыбырай Алтынсарин Ата-анасынан жастайынан қалған Торғайда, Қостанайда мектеп, училище, Атасы Балқожа лицей-интернант бидің тәрбиесінде ашқан болған Мақсаты: ұстаздық қылу, мектеп ашу, балаларды оқыту
Торғайда ашқан ең алғашқы мектеп Қостанайда ашқан орыс-қазақ мектебі 1879 -1883 ж. 1887 ж. Қолөнер метебін ашты Бір сыныптық мектептер
Шығармалары: “Қазақ хрестоматиясы”(1879 ж оқулық) “Кел, балалар, оқылық”, “Өнер-білім бар жұрттар, Асан мен Үсен”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Әдептілік”, “Әке мен бала”, “Таза бұлақ”, “Өзен” және т. б.
Ыбырай ескерткіші, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар интернаты
Жаңа сабақ Мәтінді оқу. (Магнитофоннан тыңдату). Сұрақ –жауап әдісі арқылы түсіндіру. - Әңгіме кімдер туралы? - Әкесі жолда не көрді? - Баласы не деп жауап берді? - Әкесі ақшаға не сатып алды? - Жерге түскен шиені баласы не істеді? - Әкесі балаға не дейді?
Оқулықпен жұмыс Мәтінді тізбектей оқу Тауып оқу. Мәтіннен әкесінің баласына айтқан ақыл сөзін тауып оқы.
Сөздік жұмыс Таға – доға пішінді темірден жасалған, темір шегемен қағады, аттың аяғына тас батпау үшін тұяғына тағады. ыа
Ой қозғау Мақалдың жалғасын табу 1. 2. 3. Мақалдың жалғасын тапқан оқушы топ басшысы болып сайланады
Топтық жұмыс I – топ. « Әке» сөзін топтастыру. II – топ. Әке мен балаға мінездеме беру. III – топ. Бөлімдерге бөлу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақ
Шығармашылық тапсырма: Мәтін мазмұнын көрініспен көрсету.
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: Анау тағаны, балам ала жүр, - деді Бала әкесіне: Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз өткен соң, әкесінің қолынан бір шие түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие , сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұры п айтты: Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың: азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың, - деді.
МӘТІН ЖӘНЕ ӨТКЕН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚ - ЖАУАП 1. Ы. Алтынсарин қандай кітап жазды? 2. Ы. Алтынсарин кім? 3. Әкесі жолда не тауып алды? 4. «Анау тағаны ала жүр, балам» - кімнің сөзі ? 5. Баласы не деді? 6. Әкесі тағаны не істеді? 7. Мәтінде кездесетін мақалды тап? 8. Әкесі баласына шиені неге бермеді? 9. Әкесі баласына қандай ақыл айтты? 10. Бұл әңгіме сендерді неге үйретті?
Суретпен жұмыс Балалар мен сендерге суреттер беремін сол суретті әңгіме желісінің мазмұны бойынша құрастырып бересіздер. Қане қай қатар жылдам әрі тез орындайды екен.
- Бағалау. Балалар өз-өздерін бағалайды. Мен топ бойынша бағалап, мадақтап, жұлдызшалар беремін. - Үйге тапсырма. Әке мен бала мәтінін түсініп оқу, әңгімелеу.
Жүректен-жүрекке Оқушылар тағаны жақсы тілек айта отырып бір-біріне сыйлайды
1335327201254.ppt