himiyaly_talshytar_prezintaciya_1420477064_73707.ppt
- Количество слайдов: 64
Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. п/ж Мата түрін анықтау
1. Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш. Қайшы
2. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне, Киім тігіп береді ол өзіңе Ине
Ізгілендіру диаграммасы Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
• Тұңғыш рет химиялық талшықтарды 1853 жылы ағылшын Аудермас алған. • 1891 жылы француз Шардонне алғашқы болып осы тәріздес жіптердің өндірісін ұйымдастырады. • ХVІІ ғасырда ағылшын ғалымы Роберт Гук талшықтарды химиялық жолмен алуға болатынын айтты.
• 1753 жылы М. В. Ломоносов лағыл шыны жасауға қол жеткізді, жасанды талшықтардан өнеркәсіптік өндіру тәсілін табуға талпынды. • 1913 жылы, Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында жасанды жібек өндіретін бірінші зауыт тұрғызылды.
Химиялық талшықтар: • Жасанды • Табиғи органикалық материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрліхимиялық заттармен: ацетон, сіркесу, азот, күкіртқышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады. Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады • Синтетикалық • Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады. Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б. ) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады
Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады: • Иіру ертіндісін алу • Талшықтарды қалыптау • Өңдеу
• Бірінші кезең- бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу
• Екінші кезең- алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60 -100 сүзгі болады. Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24 -36 мыңға дейін.
• Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу. Алынған жіптер жуудан, құрғатудан, иіруден, термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді
• Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі: Оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.
Жасанды талшықтар: 1. Вискозалы 2. Ацетатты
Вискозалы талшықтан жасалған маталар • Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім.
• Вискозаның кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады (50%); тез отырып, қатты қыртыстанады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар • Вискозалық талшықтан айырмашылығышикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда – сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады. • Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін
Кемшілігі: • Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар.
Синтетикалық талшықтар: • Полиамидті(капрон, дедедрон, нейлон); • Полиэфирлі(лавсан, полиэстер); • Полиакрилді(нитрон, акрил, эластан)
1. Полиамидті • капрон, дедерон, нейлон • Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді.
Капрон маталардың кемшілігі: сусымалылығы, сетінегіштігі, ылғалсіңіргіштігі. Жоғары температураға төзбейді, .
2. Полиэфирлі • лавсан, полиэстер • Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр)қосып, көйлекке арналған маталар, , трикотаж шығарады
• Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. • Кемшілігі: жоғары температураға төзбейді.
3. Полиакрилонитрилді • нитрон, акрил, эластан(лайкра) • Ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас. Нитрон мен акрил талшықтарынан трикотаж бұйымдарын, сондай-ақ иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді.
• Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады
• Нитрон, акрил, эластан жоғары температураға төзбейді, қоңыр түске еніп, балқиды, сонан соң бықсыған жалынмен жанады
Түрлі талшықтардан жасалған мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы
Қасиеттері : Беріктіктігі • • • 1. Нейлон 2. Полиэстер 3. Зығыр 4. Жібек 5. Мақта • 6. Акрил • 7. Вискоза • 8. Ацетат • 9. Жүн • 10. Эластан
Отыруы • • • 1. Жүн 2. Мақта 3. Зығыр 4. Жібек 5. Ацетат
Ылғалсіңіргіштік • • • 1. Мақта 2. Зығыр 3. Жібек 4. Вискоза 5. Жүн 6. Ацетат 7. Нейлон 8. Акрил 9. Полиэстер 10. Эластан
Созылымдылық 1. Эластан 2. Нейлон 3. Жүн 4. Жібек 5. Полиэстер 6. Акрил 7. Вискоза 8. Макта
Жуылуы • • • 1. Эластан 2. Полиэстер 3. Нейлон 4. Акрил 5. Жібек 6. Ацетат 7. Зығыр 8. Мақта 9. Вискоза 10. Жүн
10 20 30
• Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері? Слайд 47
• Қандай талшықтарды жасанды деп атайды? Слайд 47
• Мата талшықтарын білу үшін не керек? Слайд 47
• Сендердің киімдерің қандай матадан тігілген? Слайд 47
• Вискозалық талшықтардан жасалған маталардың кемшіліктері? Слайд 47
• Жаздық көйлектерге арналған маталардың құрамы қандай болуы керек? Слайд 47
• Жасанды тері, кілем жасау үшін қандай талшықтар пайдаланылады? Слайд 47
• Джинсы, денеге жабыстыра киетін шалбар, шұлық жасау үшін қолданылатын талшық? Слайд 47
• Синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие? Слайд 57
ІV. Практикалық жұмыс Мата түрін анықтау
• Материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған мата үлгілері, жұмысқа қажетті құрақтар, ине, пинцет, қайшы, отқа төзімді ыдыс, оқулық, дәптер.
Қауіпсіздік ежелерін еске түсіру • Инені арнаулы қобдишаларда ұстау керек. Инені киімге қадауға, ауызға салуға болмайды. • Қайшыны арнаулы қобдишада ұстау керек, қайшыны ашық қалдыруға болмайды. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
• • • Жұмыстың орындалу реттілігі: Маталардың үлгісін қарастыру. Сыртқы түрі бойынша анықтау. Сұрыптау. Әрбір үлгіні қолмен қысып, матаның умаждалуын анықтау. Инемен матаның шетінен бірнеше жібін суырып, қандай матаның тарқатылу дәрежесі жоғары екендігін анықтау. Ені 1 см, ұзындығы 3 см мата үлгілерін қиып алу. Тұтату, талшықтың түрін жану сипатына қарай анықтау. Жұмыстың нәтижелері бойынша химиялық талшықтардан жасалған маталар жиынтығын құрастыру
Кесте № Қыртыста Тарқаты нуы луы Жануы Талшық түрі
Ізгілендіру диаграммасы Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
Үйге тапсырма: • № 1 -2 тақырыпты оқу. • № 2 кестені толтыру.
himiyaly_talshytar_prezintaciya_1420477064_73707.ppt