
Геом фиг.pptx
- Количество слайдов: 15
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Балаларға тіктөртбұрыш жайлы мәлімет беру. Білімділік мақсаты: Оқуға қызығушылықтарын ояту. Фигураларды айырып, дұрыс сыза білуге үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, өзін – өзі партада дұрыс ұстауға, заттарын ұқыпты ұстауға үйрету. Түзетушілік мақсаты: Ойлауын, қабылдауын, зейінін, сөздік қорын жетілдіру. Көрнекіліктер: Тіктөртбұрыш фигуралары, бағалауға арналған карточкалар.
Ұйымдастырушылық кезең Мұғалім: Оқушы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Бүгін қандай күн? - Бүгінгі ауа-райы қалай? - Қазір қай сабақты өтеміз? -Сәлеметсіз бе! - Қазанның тоғызы. - Бұлтты, жаңбырлы. - Математика сабағы. -Математика бізде нешінші сабақ, балалар? - Бүгін сыныпта кім кезекші? -Екінші сабақ. Мұрат: -Мен. - Барлығы түгел. - Сыныпта кім жоқ? - Олай болса, балалар, үй тапсырмасын тексеріп шығайық.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі - Қанекей, еске түсірейік, біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? - Үйге қандай тапсырма берілді? - Ол есепте қандай тапсырма берілген? - Тапсырма түгел орындалды ма? - Ендеше дәптерлеріңді ашып, партаға қойыңдар. Мен тексеріп шығамын. - Жарайсыңдар, балалар! - Біз алдыңғы сабақта төртбұрыш фигурасымен таныстық. Айнұр: - Үйге оқулықтың 15 -ші бетіндегі 6 -шы есептің «б» нұсқасы берілді. - Қабырғалары өзара тең болатын төрбұрыш сыз делінген. - Иә, орындалды.
Сөздік жұмыс. -Балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын тақтадағы мына сөздерді дәптерлеріңе түсіріп алыңдар. «Төртбұрыш, тіктөртбұрыш, сантиметр» . -Жазып болдық па, балалар? - Иә, апай.
Жаңа сабақ. - Бүгінгі сабақта біз түрлі-түсті карточкалармен бағаланамыз. Кім ең көп карточка жинаса, сол балаға жақсы баға қоямын. -Балалар, өткен сабақта қандай геометриялық фигураны өттік? - Өткен сабақты түсінбегендер бар ма? - Сонымен төртбұрыш дегеніміз қандай фигура екен? - Өте жақсы, жарайсың Алмас! Дұрыс жауап бергенің үшін мына көк карточканы ала ғой. - Төртбұрыш. - Жоқ. Алмас: Төртбұрыш дегеніміз – төрт нүктеден тұратын, төрт кесіндіні қосқанда шығатын фигура.
- Келесі біздің өтетін тақырыбымыз – «Тіктөртбұрыш фигурасы» туралы болмақ. Ол төртбұрыш секілді төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұрады. Оның қарама -қарсы қабырғалары өзара тең, барлық бұрыштары тік болып келеді. Мінекей, ол мынадай болады: - Түсіндіңдер ме, балалар? - Иә, апай!
- Олай болса тіктөртбұрышты салып үйренейік. Қолдарыңа сызғыш пен қарандаштарыңды алыңдар. Дәптерлеріңе дәл мынадай нүктелерді түсіріңдер. Олардың арасын кесінділермен яғни сызықтармен сызғыштың көмегімен қосамыз. Дұрыс қоссаңдар дәл менікіндей тіктөртбұрыш шығады. Пайда болған фигураны түрлі-түсті қаламмен бояңдар. - Жарайсыңдар, балалар! Балалар үлгідей тіктөртбұрыш салып, оны бояйды.
- Мына суретке қараңдаршы. Бұл жерден қанша тіктөртбұрыш көріп тұрсыңдар? - Жарайсың, Мұрат! Мінекей, саған көк карточка. Мұрат: - үшеу!
Сергіту сәті. - Балалар, шаршадыңдар ма? Сергіп аламыз ба? - Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын! - Сергіп қалдық па? - Олай болса орнымызға отырып, оқулықпен жұмыс жасайық. - Иә! - Иә, апай!
Оқулықпен жұмыс. - Енді оқулықтағы 5 ші есепке қарап, не берілгенін оқиық. Айнұр, сен оқышы. -Есептің мазмұны түсінікті ма? - Ендеше есепті орындайық. Асықпай сыртына шығармай бояймыз. Алғаш тексерткен екі балаға түрлі түсті карточка үлестіремін. Сол үшін тезірек орындайық. Айнұр: Қабырғалары 3, 4 см және екіншісі 2, 5 см болатын екі тіктөртбұрыш сызыңдар. -Ия, түсінікті. Бірінші болып Айнұр, содан кейін Алмас тексертеді. 3 см 5 см 4 см 2 см Дұрыс орындағандықтан балаларға бірден карточкалар үлестірілді.
Дидактикалық ойын. Балалар, мен сендерге «Су асты әлемі» атты ойын дайындадым. Осындағы теңіз жануарларын санап, жанына сандарын жазайық. Балалар теңіз жануарларын санап, жауабын жазды.
Бекіту. - Балалар, бүгін біз қандай фигурамен таныстық? - Оның қанша қабырғасы бар? - Оның қабырғалары қандай? - Оның қандай қабырғалары тең болады? - Бүгінгі тақырып барлығыңа түсінікті болды ма? - Тіктөртбұрыш. - 4қабырғасы бар. - Қабырғалары тік. - Қарама қарсы. - Иә.
Үйге тапсырма. - Балалар үйге тапсырма жазып алыңдар. 16 -шы беттегі 6 -шы есеп, мұнда: - Қабырғалары 3 және 5 см болатын екі тіктөртбұрыш, ал біреуінің қабырғасы 4, 7, 3, 5 болатын тіктөртбұрыш емес әр түрлі 3 төртбұрыш сызып, ішін бояймыз. - Тапсырма түсінікті ме? - Иә.
Бағалау. - Бүгінгі сабаққа барлықтарың белсенді қатыыстыңдар, жарайсыңдар! Енді сұрақтарға жауап бергендеріңе және алған карточкаларыңа қарап бағаланамыз. Алмаста және Айнұрда 2 екі карточкадан, ал Мұратта бір карточка жиналыпты. Олай болса, Алмасқа – 5; Айнұрға – 5; Мұратқа – 4 деген баға қоямын. - Бағаларыңа келісесіңдер ме? - Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды, сау болыңдар, балалар! Балалар жинаған карточкаларын санап, мұғалімге хабарлады. - Иә, апай, рахмет. - Сау болыңыз!
Геом фиг.pptx