1366089434366.ppt
- Количество слайдов: 23
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Каронмен күрес» ( «Балуан Шолақ» повесінен үзінді)
Сабақтың мақсаты: • оқушыларға қазақ халқының жазушысы С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. «Каронмен күрес» повесінен алынған үзінді мазмұнымен таныстыру арқылы Балуан Шолақ туралы түсінік беру. • оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдысын, дүнеиетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту; • танымал жазушыға, қазақтың белгілі ұлдарына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге, спортпен шұғылдануға ықпал ету.
Сәбит Мұқанов (1900 -1973)
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1900 жылғы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сәбит Мұқанов атындағы совхозда кедей шаруа семьясында дүниеге келген.
Ата-анасынан жастай жетім қалып, Октябрь революциясына дейін ауыл байлары мен деревня кулактарында жалшылықта болды. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса -дастандарды жаттап алып, мақамдап айтып үйренді
Сәбит Мұқоновтың “Өмір мектебі” , “Ботагөз”, “Балуан шолақ” т. б көптеген шығармалары бар.
“Сұлушаш” шығармалары “Балуан Шолақ” “Адасқандар”
Бұл күнде 35 -те менің жасым, Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын. Кешегі сентябрьдің базарында Көтердім елу бір пұт кірдің тасын. Жиылып орыс-қазақ таң қалысты, Болды деп Қаһарманнан мынау басым. Залог сап жетпіс бес сом күрескенде, Сындырдым Карон балуан қабырғасын… Нұрмағамбет Баймырзаұлы – Балуан Шолақ
мықты балуан композитор ақын БАЛУАН әнші батыр Өз Отанының патриоты
Ту ұстаушы Нұрмахан – аты аңызға айналған Балуан Шолақтың тікелей ұрпағы Атақты Балуан Шолақтың тікелей ұрпақтарының бірі, грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев.
Темір тұлпар ерттеген түйе балуан Қуаныш Жұмабекұлы 1971 жылы 8 шілдеде, бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келді. Самбодан Азия чемпионы, бес дүркін Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Қазақстан кубогының иегері. Қазақ күресінен Азияның екі мәрте абсолюттік чемпионы, 30 -ға тарта республикалық және халықаралық турнирлердің абсолюттік жеңімпазы, Қазақстанның төрт дүркін абсолюттік чемпионы, Қазақстан кубогының үш мәрте иегері.
• «Каронмен күрес» үзіндісімен танысу:
“Балуан Шолақ” повесінен үзінді Каронмен күрес 1899 жылы Көкшетаудағы үлкен жәрмеңкеде орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырып, 51 пұт (830 келідей) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңқалдырған өнерін осылайша өлеңге қосқан атақты балуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолақ бабамыздың атағы күллі алашқа ғана емес, Алтай асқан ағайынныңда ауызынан түспес әңгімесіне айналғаны белгілі. Бар өмірі Көкше өңірінде өткен Балуан Шолақтың азан шақырылып қойған аты- Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руы. Балуан Шолақтың әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған екен «Алып – анадан» , - демекші осы анасына тартқан Балуан Шолақ теңдессіз алып күштің иесі болған. Ел ауызында Балуан Шолақ әндерінің де кең таралғаны баршаға мәлім. Оның: «Ащылы-айырық» , «Балуан Шолақ» , «Желдірме» , «Дікілдек» , «Көкшетау» , «Қосалқа» , «Қос барабан» , «Қос перне» , «Құлан кісінесе» , «Кенже қоңыр» , - сияқты әндерінің өзі бір төбе болса, шоқтығы биік «Ғалиясы» тыңдарман жүрегінен орын таба білген әндердің бірі. Жауырыны жерге тимеген балуан, ақын, әнші, композитор екені баршаға аян. Ал, аттың құлағында ойнаған спортшы екендігі жайлы ел ауызында:
“Балуан Шолақ қалың топтың алдында атпен шауып келе жатып, үстіндегі киімдерін бір-бірден шешіп, жан-жағына тастай берген. Одан кейін астындағы ер-тоқымды шешіп, ерді бір жерге, тоқымын бір жерге, желдігін және ішкілігін бір жерге тастап топтың екінші жағына жалаң киіммен жайдақ шыға келген. Кері бұрылып қайта шапқан Балуан әлгі әбзелдерді іліп алып шауып бара жатып атты ерттеп мініп киініп жүре берген”- деген аңыз әңгіме де сақталыпты. Аты тарихта алтын әріппен жазылып, ел мақтанышына айналған тұлғаларымызды, әлемге паш етіп, төрімізде құрметтеп, өскелең ұрпаққа таныту – әрине біздің парызымыз. Ендеше қала әкімі тілге тиек еткен Балуан Шолақ ескерткіші ұлттық құндылығымыз ретінде қаламыздың қақ ортасынан ойып тұрып орын алса, тек жақсылыққа балайық ағайын.
Сабақты бекіту • Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды? • Балуан Шолақ достарымен қайда келеді? • Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді? • Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні оқып беріңдер. • Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?
Биіктігі 16 метрлік сәулеттік шешімі ерекше ескерткіш Балуан Шолақтың (1864 -1919 жж. ) өмірі мен сан қырлы дарынынан мол мағлұмат берсе, Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында қазақтың атақты ақыны, әншісі, композиторы, палуаны, Қазақстанда цирк өнерінің негізін салушы Балуан Шолақтың 20 метрлік биік ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Бұл ескерткіштің ашылуына Ақмола облысынан ақынның немересі, қала әкімі Шайдолла Құдайбергенұлы Шолақов арнайы қатысты.
• § § § § С. Мұқанов. . С. Мұқанов -. . . , . . . Жерлестері оны. . . атандырды. 1919 жылы … … … 1938 жылы. . Жазушы. . марапатталды. Балуан Шолақ туралы шығармасы. . . Балуан Шолақтың шын аты. . . Балуан Шолақ жеңген палуан. . .
VII Рефлексия кезеңі Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы: • Хрестоматияда берілген үзіндіні пайдаланып, балуандар туралы төмендегі кестені толтыру. 2. Қазақ халқының атақты балуандары туралы шығармашылық жұмыс орындау. Балуан Шолақ Түйе балуан Қандай? Карон
1366089434366.ppt