Митоз.pptx
- Количество слайдов: 17
Сабақтың тақырыбы: Митоз Сабақтың мақсаты: Циклдің кезеңдеріне жалпы сипаттама беру Оқушылар орындай алады: 1. Жасуша циклі дегеніміз не екенін білу? 2. Хромосомалар саны мен ДНК репликациясын ескере отырып, жасуша циклінің сызбасын жазу? 3. Хромосомалар саны мен ДНК репликациясын ескере отырып, жасуша циклінің сызбасын түсіндіру? Тілдік мақсаты: Қазақшы ДНҚ Репликация Интерфаза Митоз Амитоз Мейоз Орысша Ағылшынша
интерфаза – жасуша ұлғайып, ДНҚ репликациясы жүріп жасуша бөлінбейтін кезең митоз – ядро екі жаңа еншілес ядро қалыптастыру үшін бөлінеді цитокинез – цитоплазма бөлінеді және екі еншілес жасуша құрау үшін жарғақтар түзіледі
митоз үшін 105 минут (= 26. 3° цикл) цитокинез үшін 25 минут (= 6. 1° цикл) интерфаза үшін 1310 минут (= 327. 6° цикл).
Жасушаның бөлінуі 1. Митоз Жануарлар мен адамның соматикалық Жасушалары мен өсімдік жасушаларында жүреді. Бастапқы бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде, екі жаңа жасуша пайда болады. Бөліну кезінде жасушадағы хромосомалар тең бөлінеді. 2. Амитоз Жасушаның тікелей бөлінуі. Өте жиі кездеседі және митоздық бөліну қабілетінен айырылған жасушаның толық бөлінбеуі. Айырмашылық хромосомалардың еншілес жасушаларға тең бөлінбеуінде. Мыс: адамда 46 хромосома. Екіге бөлінгенде біреуіне 48. екіншісіне 44 хромосома бөлінуі. 3. Мейоз Жануарлар мен адамдардың жыныс бездерінің жасушаларында және өсімдіктердің споронгилерінде (спора түзілетін орын) жүреді.
Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым (Жасушалық цикл)деп аталады. Жасушалық айналым 3 кезеңнен Цитокенез үдерісі Органеллалар мен цитоплазмалардың еншілес жасушалар арасында біркелкі бөлінуі Интерфаза бөлінуге даярлық –интерфаза Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%Митоз бөліну үдерісі - митоз ын алады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және Митоз -соматикалық жасушалардың бөлінуі. жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне Осы әдіс генетикалық материалдың жас цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). қамтамасыз етеді. Митоздың биологиялық Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға Хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі маңызы - хромосома санының екі еселенуі және шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай генетикалық материал алады яғни хромосома еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша жиынтығы тең болады. Митоз процесі 4 сатыдан бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. екі хроматидтен тұрады.
Интерфаза –бұл жаңа туған жасушаның өсуі және бөлінуге даярлану кезеңі. Жасушаның тіршілігінің 80% алады. Интерфаза (prophasis, гр. pro, inter — арасы, аралығы, phasis — фаза) — жасуша бөлінісінен кейінгі кезең ( митоз бен мейоз), яғни ядроның дем алатын кезеңі. Ядросы бөлінбейді және бастапқы қалпына келмейді № Сат ыла ры Жасушада өтетін оқиғалар 1 G 1 Жасушадағы синтездің қарқынды үдерістері. Жасушалық органелалардың түзілуі. Қарқынды жасушалық метаболизм. Жасушаның өсуі. Келесі сатыларды басатын немесе дем беретін заттар түзу. 2 S ДНҚ репликациясы. ДНҚ тізбегінің әрқайсысын жабатын, гистон деп аталатын нәруыздық молекулалар синтезделеді. Әрбір хромосома екі хромотидтке айналады. Жасуша құрамында бұл сатыда гомологиялық хромосомалардың әрқайсысынан екі –екіден, ДНҚ молекуласының әрқайсысынан 4 көшірме болады. 3 G 2 Жасушадағы синтездің қарқынды үдерістері. Митохондриялар мен хлоропластардың бөлінуі. Энергия сақталмасының көбеюі. Бөліну шүйкесі түзіле бастайды. 4 М Төрт сатыдан тұратын ядроның бөлінуі. 5 С Органеллалар мен цитоплазмалардың еншілес жасушалар арасында біркелкі бөлінуі
G 1 –Жасушалары қазір ғана бөлінген жасушалар, ағзалардың қалыпты санын қалыпына келтіру. S –Cинтетикалық кезең. Мұнда ДНҚ синтезі –оның реплекациясы жүреді, яғни хромосомалар екі еселенеді. S кезеңінің соңына қарай жасушаның барлық хромосомалары ДНҚ –ның екі молекуласынанхромотидтерден тұрады. Реплекация нәтижесінде түзілген екі хромотидтің бір хромосомасы бір-бірімен Центромерге қосылған. Басқа қажетті заттардың: ферменттердің, АТФ –ның, жиырылғыш нәруыздың және т. б. Да синтезі қатарласа жүреді. G 2. -Жасушалардың бөлінуге дайындығы. Бөлінуге қажетті құрылымдардың қалыптасуы –жиырылғыш нәруыздардың жинақталуы, олардың бөліну шүйкесі (веретено) түзіледі. Жасушалар көлемінің ұлғаю үдерісі, яғни өсу жалғаса береді. G 0. -басталуы мүмкін. Бұл кез-келген уақытта болады. Мысалы: анабиоза ға тап болған тыныштық күйдегі тұқымды өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары сиақты тіршілік үдерістері тежелген кезде өтеді. Анабиоз (гр. anabіosіs – жандану, қайта тірілу) – қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесе эволюциялық даму жолында организмнің тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.
Митоз сатысы Кариокинез Профаза –Ядрошық пен ядро қабықшасы бұзыла бастаған кезден басталады. Цитоплазмада қалған хромосомалар шиыршықтанады. Олар жасушаның орталық бөлігіне – экваторлық жазықтыққа қарай жылжи бастайды. Жасушалық орталықтың центроилдары жасушаның полюстеріне қарай тармақталып, бөліну шүйкесінің жіпшесін қалыптастыра бастайды. Профаза мен метафаза аралығында нақтылы шекара болмайды, сондықтан кейде прометафаза бөлініп шығады.
Митоз сатысы Метафаза –Барлық хромосомалардың екі хромотидті жасушаның экваторлық жазықтығында «Метафазалық тақташалар» түзіп жайғасумен сипатталады. Жасуша тіршілігінің тап осы кезенде барлық хромосомалар, олардың мөлшері және пішіні жақсы көрінеді. Бөліну шүйкесінің жіпшесі әрбір хромотидке бекінеді. Олар центромерге немесе бірінші реттік қынамаға қосылады. Яғни әрбір хромосомаға шүйкенің екі жіпшесі – бір жіпшесі бір хромотидке, екіншісі –екінші хромотидке жақындап келеді.
Митоз сатысы Анафаза –бұл сатының басты басталуын дәл анықтауға болады. Ол екі хромотид қосылған орынцентромер үзілген жерден басталады. Бөліну шүйкесінің жіпшелері АТФ энергиясының есебінен қысқарып, центромерді үзеді. Сондықтан еншілес хромотидтер дербес қос шиыршықты ДНҚ молекулаларына ыдырайды да олар жасуша полюстеріне қарай жылжиды. Хромотидтерді сол кезден бастап хромосомалар деуге болады.
Митоз сатысы Телефаза –еншілес жасушалар денелерінің қалыптасуы үдерісінде аяқталады. Кейде телефазаны «кері профаза» деп атайды. Дербес хромотидтер жасуша полюстеріне жеткен кезде кәдімгі интерфаза формасына ие болады. Яғни еншілес жасушалардың хромосомалары бола бастайды. Хромосомаларды цитоплазмадан бөліп тұратын ядролық қабықша қалыптасады. Бұдан соң кариокенез аяқталады. Кариокенез –ядроның бөлінуі, яғни еншілес жасушалар ядросының қалыптасуы.
Митоз сатысы Цитокенез үдерісі – цитоплазманың бөлінуі органоидтар еншілес жасушаларға азды көпті біркелкі таралады. Цитоплазма қайтадан баулықтанады, еншілес жасушалардың сыртқы жарғақшасы қалыптасады. Жасушалар аралығында цитоплазмалық тартқы жойыла салысымен олардың жарғақшалары дербес жасушаларды шектеп, митоз үдерісі аяқталады. Кейде кариокинез- қайта –қайта жүріп, цитокенез жүрмейді. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының жасушалары сиақты көп ядролы жасушалар.
Зертханалық жұмыс № 7 І. САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Микроскоп астында пияз қабығы жасушалардында митоз фазаларын зерттеу ІІ. Жұмыс мақсаты: 1. митоз фазаларын көрсету үшін уақытша микропрепараттар дайындау 2. көмекші микропрепараттармен митоз фазаларын зерттеу 3. митоз фазаларын ажырату Болжам_____________________________________________________________________________________ ІІІ. Құрал жабдықтар мен материалдар. Микроскоп, пияз қабығы, қандауыр, заттық шыны, жабатын шыны, бекіткіш, бояу IV. Жұмыс барысы: 1. Пияз қабығын алу, көлденең кесікжасау және оны бекіткіште бекіту. 2. Микроскоп астында қарау, бөлінетін жасушалар арасында митоздың нақты фазасында болатынын табу, көргенді суреттегі берілген нысан суреттерімен салыстыру V. Қорытыныды.
Митоз.pptx