айдана материя.ppt
- Количество слайдов: 11
Сабақтың тақырыбы: Материя
Жоспар: 1. Материя туралы түсінік 2. Материяның түрлері 3. Материя құрылымының даму деңгейі
Материя туралы түсінік • Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар • мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Кеңістік Дүниенiңқұрылымдық қасиеттерiн, материалдық объектiлердiң және жүйелердiң, оларды құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа заттардың, денелердiң, құбылыстар мен процесстердiң арасындағы алатын орынын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңiстiк ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, Кеңiстiк дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы, ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек өмiр сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiрне қатысты алғандағы орналасу тәртiбiн бiлдiредi.
Уақыт Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының, үнемi өзгерiп, дамып, бiр күйге, бiр жағдайдан келесi жағдайға ауысып жататың процесстi уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт дегенiмiз- қозғалушы материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы. Уақыт материалдық процестер өрiстеуiнiң жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының бiрбiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.
Қозғалыс • Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара • байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады. Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.
• Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз. • 1. Механикалық. • 2. Физикалық. • 3. Химиялық. • 4. Биологиялық.
Материяның құрылымдық даму деңгейі Органикалық табиғат • Элементарлы бөлшектер, ДНК, РНК, белок, Адам, жанұя, • атомдар, молекулалар, клетка, организм, әлеуметтік топ, • галактика поуляция этнос, халық
• Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.
Қорытынды Материя қоғам, өндіріс пен жаратылыс ғылымдарының, әсіресе математика мен ғылым дамуы, қоғамдық бөлініс тереңдеуі, материяны механикалық заттармен тереңдеуге жол ашты. Материяның басты қасиеті санатан тыс обьективті нақты өмір сүреді.
Пайданылған әдебиеттер 1. Интертен желісі 2. http: //sheriazdanov. ucoz. kz/publ/filosofija /ontologija_d_nieni_filosofijaly_ynudy_filo sofijaly_kategorijalary_bolmys_materija_s ana/9 -1 -0 -33
айдана материя.ppt