Паткуллаева Жанерке Ф-13-1.ppt
- Количество слайдов: 25
Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі. Потенциал және потенциалдар айырымы Сабақтың мақсаты: Электрленген денелердің өзара әрекеттесуін түсіндіре отырып, тәжірбелердің нәтижесінде Кулон заңын анықтау, электр өрісі ұғымын түсіндіріп және өріс кернеулігінің бағытын анықтау, потенциалдар айырымын түсіндіру
Дидактикалық міндеттері Білімділік мақсаты: оқушыларда электр зарядтарының өзара әсерлесуі, нүктелік заряд ұғымдарын қалыптастыру; Кулон заңының физикалық мағынасын түсіндіру; Кулон заңының формуласын қолданып қарапайым есептер шығару; Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау. Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру. ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру. / ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 1) Электр заряды дегеніміз не? 2) Зарядталған денелер өзара калай әсерлеседі? 3) Электр зарядтарының сақталу заңы қалай тұжырымдалады? 4) Атомның құрылысы қандай? 5) Элементар электр заряды дегеніміз не?
Шарль-Огюстен Кулон Француз ғалымы Ш. Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқаннан кейін, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай , электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. «Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады. Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
Кулон тәжірибиесі Ол жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәрізді ыдыста орналастырылған шыны таяқшадан тұратын қондырғы-иірілмелі таразыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкене металл шар бекітті, ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк ілді. Жіптің жоғарғы ұшын оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітті. Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізді. Содан соң шарларға оң заряд берді және олар бір-бірімен өзара әрекеттесті.
Ал олардың әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтады. Өлшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей, заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша, Кулон тәжірбиелерін қорыта келе, шарлардың өзара әрекеттесу күші олардың арақашықтығының квадратына кері, ал шарлардың зарядтарының көбейтіндісіне пропорционал екенін анықтады.
ε 0 = 8. 85*10 -12 Кл 2/Н*м 2 тұрақтысы электр ε- диэлектрлік өтімділік.
• 2. Электростатикалық өріс – берілген санақ жүйесінде тыныштық күйдегі электр зарядының өрісі. Электр өрісінің кернеулігі – өрістің берілген нүктесінде тыныштық күйдегі сыншы нүктелік зарядқа әсер ететін күшпен анықталатын физикалық шама. • кернеулік векторының бағыты сыншы зарядқа әсер етуші электрлік күштің бағытымен сәйкес келеді.
Электрстатикалық өріс кернеулігінің сызықтары (күш сызықтары) - жанамалары берілген нүктедегі кернеулік векторымен сәйкес келетін сызықтар. Электр өрісінің әрбір нүктесінде кернеулік векторының бағыты тек біреу болатындықтан, күш сызықтары ешқашан өзара қиылыспайды.
Электростатикалық өрістерді кернеулік сызықтары арқылы кескіндеу мысалдары А) Ә)
§Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. §Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда, өріс атқаратын жұмыстың осы зарядтың осы шамасына қатынасын потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды. §Потенциалдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
v. Потенциал φ – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын скаляр шама. Ол өрiс зарядының потенциалдық энергиясының осы зарядқа қатынасына тең v. Екi нүкте арасындағы потенциалдар айырымы (кернеу) зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктеге орынауыстырғанда электростатикалық өрiс жұмысының зарядқа қатынасына тең
ØЕгер 1 Кл заряд бiр нүктеден екiншi нүктеге орынауыстырғанда электр өрiсi 1 Дж жұмыс жасаса, онда бұл екi нүкте арасындағы потенциалдар айырымы бiрге тең. Бұл бiрлiк вольт (В) деп аталады; 1 В = 1 Дж/1 Кл.
Бұл кім, ол не? 1. Ток күшінің өлшемі , 2. Хабар алған алыстан, Ағып өткен мөлшері, Екі өріс табысқан. Физикалық шамаға, Фарадейден қалыспай. Ғалым атын сыйлады. Зерттей білген қай ғалым? 3. Күші бар жерде білек бар, 4. Итальиян ғаламы Барлығы қалай шешілді. Қандай құбылысты ашыпты? Бақтағы алма үзілді, Оны білген балалар Бұл заң қалай ашылды? Залда жүгіруден қашыпты Кім болды екен бұл ғалым?
Сырлы сауалдар 1. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. қандай құбылысқа негізделген? 2. Елеуішпен су әкелуге болама? 3. Кесеу ұзын болса қол күймес. 1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? 2. Стакандағы суды ішіп қойса не қалады? 3. Тайып жығылған таянып тұрады.
“Физика туралы “ән Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер, Бар ізгілік тек білімнен алыңдар, Білімменен аспанға жол салыңдар, Физика да, табиғат тілі тілдесер, Аяғыңды аттап бассаң кездесер, Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар, Барлық ғылым табиғаттан жаралған, Салған әнім, айтылған сөз бәрі де, Аққан судың, соққан дайыл желі де. Бәрінің де бағынары физика, Сондықтан да физикасыз күнің жоқ.
1. Куәсі жастықтың, Сенің де менің де, Физика кеші бар, 304 -аудиторияда, Ағынан жарылар, Достарда табылар, Бір, екі, үшінші парталар тағы бар. Қ/сы Тәлім алған, тәртіп қатаң, Физика кафедрасы. Физиканы үйренген, Қиындықты жеңе білген, Студенттер мекені. 2. Мәртебен өседі, Оқысаң талпынып, Ұстаз бен студенттер Еңбегі еселі. Біліміміз шындалып, Ойымыз өседі. Қызықты өтеді, Лаборатория мен лекциясы. Қ/сы
І топ: 1. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше? 2. Ара қашықтығы 2 см, ал зарядтары 2*10 -9 Кл және 4*10 -8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі?
ІІ топ: 1. Екі нүктелік зарядталған денелердің біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда , олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше? 2. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір – бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?
• § 34, 35, 36 оқуға. • 17 жаттығу (5, 6, 7) есеп шығару
Еліміздің болашағы біздердің қолымызда! Білім мен өнер егіз. “Білім “ атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді , алғырда ашық , білгір де білікті, көңілді де көрікті болуларыңызға тілектеспін!
Назарларыңызға рахмет!!!
Паткуллаева Жанерке Ф-13-1.ppt