
Бактерия.pptx
- Количество слайдов: 18
Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың жіктелуі, көбеюі, өсуі және дамуы. Орындаған: Дилдабекова М. Тексерген: Маматаева А.
Жоспар I. Кіріспе. II. Бактериялардың ашылу тарихы. а) Антони Ван Левенгук ә) Джозеф Листер, Луи Пастер, Роберт Кох III. Бактериялардың құрылысы, пішіндері, көбеюі. IV. Бактериялардың жіктелуі. а) Археобактериялар ә) Цианобактериялар V. Бактерияның типтері. а) Бактерия тіршілігіне қажет элементтер ә) Бактериялардың тіршілік ету ортасы VI. Бактериялардың экологиясы а) Адамға пайдалы бактериялар ә) Адамға зиян бактериялар VII. Қорытынды. VIII. Пайдаланылған адебиеттер.
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша» ) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады. Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Қолайсыз жағдайда спора түзеді.
Антони ван Левенгук (1632 -1723 жж. )
Джозеф Листер (1827 -1912 жж. ) Луи Пастер (1822 -1895 жж. ) Роберт Кох (1843 -1910 жж. )
Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді.
Бактериялар пішініне қарай 4 -ке бөлінеді. Коккалар Спирильдер Вибриондар Бацильдер
Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею). Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора түрiнде 30 жыл бойы тіршілік ете алады.
Архебактериялар (Archeobacterіa, грек. arch(іos — ежелгі және бактерия) жасушасында ядро болмайтын, таза бактериялардан өздерінің физиологиялықбиохимиялық өзгешеліктері арқылы ерекшеленетін микроағзалар тобы. Ғылымға Архебактериялардың 25 туысы, 40 -тан астам түрі белгілі. Архебактериялардың жасуша қабырғасында басқа бактериялардағыдай муреин (бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер) болмайды. Олардың май (липидтер) құрамы глицериннің қарапайым құрылымдар эфирлері мен көп молекулалы спирттерден тұрады.
Цианобактериялар (гр. kyanos — көк және бактерия) немесе көкжасыл балдырлар — фототрофты прокариотты организмдер тобы; бұларды дәстүрлі түрде көк жасыл балдырлар деп атайды. Цианобактериялар трихом түзетін, бір не көп жасушалы организмдер. Көлдерде, ылғалы мол топырақта, тұщы сулар мен теңіздерде кездеседі.
Цианобактериялардың 5 тобы бар: ØХроококкалар Øплеврокапсалар Øосциллаторлар Øностоктар Øстигонемалар
Бактерия тіршілігіне қажет элементтер Азот Аммоний тұздарынан Көміртегі Гетеретрофты Автотрофты Органикалық қосылыстардан Атмосферадан Ақуыздан Аминқышқылдан Нитраттардан
Бактериялардың тіршілік ету ортасы Аэробты Анаэробты
Бактерияның адам өміріне қатысы Адамға пайдалы бактериялар Микроорганизмдердiң адам үшiн маңызы зор: бiрiншiден, олар биосферада үлкен рөл атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi әдiстер арқылы қажеттi мақсатта қолдануға болады. Адамға зиян бактериялар Бактериялар адамға екi жағдайда зиян. Бiрiншiден, егер ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi бұзады. Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн.
Адамға пайдалы бактериялар Ағын суларды тазарту Симбиотикалық бактериялар Ашудың өндiрiстiк процестерi Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен бiрдей -ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Адамға тiкелей қатысты, өзiнiң iшегiнде “микрофлорасы” бар. Iшекте көптеген бактериялар тiршiлiк етедi, адамның терiсiнде тiршiлiк ететiн бактериялар патогендi организмдерден қорғайды. Сүтқышқылды стрептококтар қаймақты ашытып, сары майға тән дәм мен иiс бередi. Сүтқышқылды бактериаларды, орамжапырақ ашытуда, әртүрлi тұздаулар мен маринадтарды алуда қолданады.
Адамға зиян бактериялар Инфекцияларды таратушылар Инфекциялардың таралу жолдары Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын организмнен алады. Су арқылы — Тырысқақ, дизентерия жұғады. Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады. Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей кiрлену немесе дұрыс емес қолдану нәт-де. Жаралардың ластануы Тасымалдаушы – жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен б/ты ауруларды айтамыз. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе инфекциялары.
Қорытынды 1870 -1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортала тіршілігін жалғастыратынын көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты. Левенгуктың ашқан жаңалығы микроағзалар дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғатта таралуын толық зерттеп білу мүмкіндігі туды. Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жіберген хатында баяндалған. Бактериялар табиғатта орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м 2 ауасында 10 -15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактериялар болады. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер 1. М. Х. Шығаева, Ә. Т. Қанаев «Микробиология және вирусология» 45 -53 беттер; 2. http: //rvl. kz/kz/pajdaly_aparat/balytardy_bakteriyaly_aur ulary/; 3. http: //kk. wikipedia. org/wiki/Бактериялар. 4. Мишустин Е. М. , Емцев Е. Т. Микробиология. М. , 2005, 391 с.
Бактерия.pptx