8.12.16 Шакарим 8 сынып Алуаш.ppt
- Количество слайдов: 12
Сабақтың тақырыбы:
1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай атамыз кімдерден алған? 2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? 3. Абай қай жылы дүниеге келді? 4. Құнанбай қандай адам болған? 5. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? 6. Абайдың неше қарасөзі бар? 7. Олар қандай тақырыпта? 8. . «Он жетінші қара сөзінде» «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді?
ӨМІРБАЯНЫ: Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11 де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т. б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды
«БҮБ» стратегиясы бойынша стикерге өз ойларыңды жазыңдар: Білемін Үйрендім Білгім келеді?
Жылдар (1857 – 1931) Оқиғалар Шәкәрім – Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы. 1864 7 жаста әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастады. 1878 20 жасында өз елінде Ысқақтың орнына бір сайлау болыс болады. 1881 Болыстықты Абайдың ақылымен Оспанға өткізеді. (1905 – 1906) 1909 - 1910 1912 Меккеге қажылық сапар шегеді. Барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды. Ел ортасын тастап оңаша елсізге кетіп, шығармашылықпен айналысты. Семейде 1878 - 1904 ж. жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасы 1882 жылы жазылған 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген. - Оқиғаның болған жері - Сыр өңірі 1722 ж. қазақтың «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы кезеңі суреттеледі. Жанры – эпикалық - ғашықтық дастан. Тақырыбы – екі жастың махаббат драмасына құрылуы. Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.
Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па?
ШЫҒАРМАЛАРЫ «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық» , «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза» , «Қалқаман — Мамыр» , «Ләйлі — Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» , «Жастық туралы» , «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Айсұлу-Нартайлақ" поэмалары. Хафиз, Физули, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, алуан этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, "Кеңес өкіметінің жауы" деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. 1905 жылы Шәкәрім Құдайбердиев қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі" (1911) кітабын.
ШӘКӘРІМ-АУДАРМАШЫ 1) Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары бағалап, ("Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына") өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Л. Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. 2) Американ жазушысы Гарриет - Бичер Стоудың (1811 -96) "Том ағайдың балағаны" романын. 3) Л. Н. Толстойдың "Асрхадон патша", "Үш сауал" т. б. әңгімелерін 4)А. С. Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне аударды.
nҚазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер.
8.12.16 Шакарим 8 сынып Алуаш.ppt