
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 10
Сабақ тақырыбы: Жасушалар, ұлпалар, мүшелер және ағзалар. Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын жіктеу. Сабақ мақсаты: Жасуша, ұлпа, мүше, және мүшелер жүйесі түсініктеріне анықтама беру, Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын жіктеу.
Тілдік мақсат: № Қазақша русский english 1 Жасуша Клетка Cell 2 Плазмалық мембрана Плазматический мембрана Plasma membrane 3 Жасуша қабырғасы Клеточная стенка Cell wall 4 Ядро Nucleus 5 Ядро қабықшасы Ядерная оболочка Nuclear envelope 6 Ядрошық Ядрышко Nucleolus 7 Ядро сұйықтығы Кариоплазма Nucleoplasma 8 Рибосома Ribosomes 9 Жасуша орталығы Центриоль Centrioles 10 Митохондрия Mitochondrion 11 Вакуоль Vacuole 12 Лизосома Lysosome 13 Пероксисома Peroxisome 14 Эндоплазмалық тор Эндоплазматический ретикулум Endoplasmic reticulum 15
Өсімдік жасушасының құрылысы. • Пластидтері бар; • Қоректену типі автотрофты; • АТФ синтезі хлоропластарда және митохондрияларда жүреді; • Целллозалық жасуша қабырғасы бар; • Вакуольдері ірі; • Жасуша орталығы тек төменгі сатыдағыларында
Жануар жасушасының құрылысы • Пластидтері жоқ; • Қоректену типі – гетеротрофты; • АТФ синтезі митохондрияларда жүреді; • Целлюлозалық жасуша қабырғасы жоқ; • Вакуольдері ұсақ; • Жасуша орталығы барлық жасушаларда бар
Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысындағы айырмашылықтар Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы Қоректену типі автотрофты гетеротрофты Хлорофилл және хлоропластар бар жоқ Жасушалық қабырға бар, целлюлозадан тұрады жоқ Вакуольдер бар, ірі барлық кезде бола бермейді, ұсақ (жиырылғыш, асқорыту) Жасуша орталығы ашық және жабық тұқымдыларда - жоқ бар Көмірсу қоры крахмал гликоген Минералдық тұздар кристалл түрінде қорға жиналады еріген күйінде
Жануар және өсімдік жасушаларына тән ортақ ерекшеліктер • Құрылысының принциптік тұтастығы (беткейлік жасуша аппараты, цитоплазма, ядро) • Цитоплазма мен ядрода жүретін көптеген химиялық үрдістердің ұқсастығы • Жасушалардың бөлінуі кезінде тұқым қуалау ақпаратын тасымалдау принципінің тұтастығы • Жарғақша құрылысының ұқсастығы • Химиялық құрамының тұтастығы
Өсімдік ұлпаларының жіктелуі Түзуші Жабындық Негізгі Қоректік Өткізгіш Тірек ұлпа Түзуші ұлпа (меристемалар) Төбелік меристема Төбелік (апикальдық) меристема. Төбелік меристема және олардың инициальдары сабақтың, тамырдың негізгі және бұйірлік өстерінің ұштарында орналасады (35, А сурет). Ол негізінен мүшелердің ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Шығу тегі жағынан төбелік меристема алғашқы меристемаға жатады. Бұйірлік меристема Қыстырмалы меристема Бүйірлік (латералды) меристема. Өстік мүшелердің Сабақтың буын ұзына бойында, олардың аралықтарының төменгі үстіне параллель, цилиндр жағында және жапырақтың тәрізді ор наласады. Әдетте ол гүл сағағының түп жағында соңғы меристемаға жатады орналасады және мүшелердің көлденеңінен жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Жарақат меристема Өсімдік денесінің жарақаттанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болады. Өсімдіктің денесінің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады. Элодейдің өркенінің төбелік бүршігі: Қара бидайдың сабағындағы қыстырма меристеманың орналасуы Бөліп шығарушы
Жабындық Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа дейміз. Өң Тоз Қыртыс Негізгі Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары). Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді. Қоректік ұлпа. Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады.
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді. Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т. б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады.
Бөліп шығарушы ұлпа Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т. б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді.
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx