Сабақ тақырыбы : К. Линней. Ж. Б. Ламарк. Ч. Дарвин енбектері. Сабақ мақсаты: К. Линней, Ж. Б. Ламарк, Ч. Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу. Оқушылар орындай алады: 1. 3 топқа бөлінеді, әр топ мүшелері 1 ғалымның жұмысын зерттейді. ( К. Линней, Ч. Дарвин, Ж. Б. Ламарк) әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, презентация дайындайды 2. Олардың еңбектеріндегі негізгі қағидаларын салыстырады, бір-бірінен айырмашылықтарын анықтайды.
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 1. Аңғырттық-табиғи кезең 2. Қарабайыр (метафизикалық) кезең 3. Сипаттау кезең Дронт немесе Додо деп аталады 4. Эволюциялық кезең 5. Қазіргі заман кезеңі, эволюциялық синтездік теориясы Дронт немесе Додо деп аталады
Карл Линнейдің негізгі ғылымға сіңірген еңбегін былай бөлуге болады: • Өзі өмір сүрген кезде өсімдіктер мен жануарлардың ең жақсы жүйелеуін құрастырды. • Бұрыннан қолданыстағы терминологияны жеңілдетті, түрді белгілеуге сын есімді, туысты белгілеуге зат есімді пайдаланып, қосарланған латын атауын енгізді. • Жүйелеу өлшем бірлігінің ең кішісі ретінде түр ұғымын анықтады. • Ең алғаш жүйелеуді жасауға түрдің морфологиялық өлшемін жетілдіріп қолданды, яғни жүйелеудегі орнын сыртқы ұқсастығымен пайымдады. • Адамды адамтәріздес маймылдарға жатқызды. • Жүйелеудің бес бірдей бағыныңқы санатын (класс, қатар, туыс, түрше) енгізді. • Өсімдіктер мен жануарлардың өте көп түрлерін өзі сипаттап жазды. Карл ЛИННЕЙ (1707 -1778)
• Дінге қатты сенетін адам ретінде Карл Линней адамның маймылға туыстығын мақұлдамады, алайда оларды салыстыра келіп бір отрядқа жатқызды.
Жан Батист Ламарк (1744 -1829) • Ламарктың биология ғылымының дамуында еңбегі орасан зор. Оның негізгі гылыми жетістіктері мынадай: • Линнейдің, әсіресе омыртқасыз жануарлар саласында жүйелеуін жетілдірді. • Тірі ағзалардын, күрделенуін дәлелдей отырып, салыстырмалы-анатомиялық әдісті ойдағыдай қолданды. • Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай эволюциясын дәлелдеді. • Тірі ағзалардың табиғи жағдайларға бейімделгіштік жағына өзгеруін анықтайтын негізгі күші ретінде қоршаған ортаның рөлін алғаш негіздеді. • «Биология» терминін енгізді. Ламарк теориясының мынадай кемшіліктері бар: Эволюция себептерін «тіршіліктің жетілуге ұмтылуы» деп қате түсіндірді. Жаттығу барысында алынған белгілер тұқым қуалайды деп теріс шамалады.
Ж. Б. Ламарктың пікірі бойынша жасалған сызбанұсқа Мойны қысқа жайлаңдар жапыраққа жетуге ұмтылып, мойнын созып жаттықты. Ең ынталы жайлаңдардың баласы ұзын мойынды болып туды. Жайлаңдар пайдалы нәтижелерін жаттығу және ұрпақтарына табыстыру нәтижесінде осы заманғы түрге жетті.
Жылқылар 56 жыл бойына жетілді. Олардың дене мөлшері біртіндеп үлкейіп, осы заманғы келбетке келді. Соңғы 2 млн жылда олар онша өзгерген жоқ. Ж. Б. Ламарк жасаған теория трансформизм идеясының шыңы болып табылады. Ол бүкіл тіршіліктің біртіндеп өзгеруі туралы түсінікке негіз болып, ғылыми баянды етті. Трансформистер тіршіліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді.
Чарлз Дарвин ілімі Чарлз Дарвин еңбектері Ч. Дарвин (1809 -1882) 1859 жылы «Түрлердің пайда болуы» 1868 жылы Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі 1871 жылы «Адамның шығу тегі» 1875 жылы «Жәндік қоректі өсімдіктер» 1876 жылы «Айқас және өздігінен тозаңданудың әсері» 1877 жылы «Орхедияның тозаңдануы» атты еңбектері жарыққа шықты • Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде“Бигль” кемесімен жер шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде жиналған материалдарын Дарвин өмір бойы өңдеді.
Қолдан сұрыптау нәтижелері • Чарлз Дарвин ілімінің дүниеге келуінің қоғамдық-саяси алғышарттарына XIX ғасырдағы Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Сол кезде Англия өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша дүние жүзінде көшбасшы ел болды. Капиталистік өзара қатынас пен нарыктық экономика қолдан сұрыптаудың дамуын мәжбүр етті. Қыска мерзімде (бірнеше жылдан бірнеше ондаған жылдар ішінде) қажетті өсімдік іріктемелері мен жануарлар қолтұқымдары шығарылды
Эволюциялық теорияны қалыптастыруда белгілі рөл атқарған негізгі ғылыми ашылулар 1828 ж. Ф. Велер ең алғаш ағзалық зат – несеп нәрді колдан синтездеді 1828 ж. Бүкіл омыртқалылар ұрықтарының эмбриондық дамудың ерте сатыларына ұқсастық заңы. К. М. Бер. 1883 ж. Ч. Лайельдің «Геология негіздері» . 1830 -1834 жж. Әлемнің көптеген өңірлерінің, солардың ішінде Қазақстанның (1829) да флорасына саяхатының барысында сипаттап жазған А. Ф. Гумбольдтың геоботаникасы. 1838 ж. Бүкіл тірі жасушалардың құрылысы мен шығу тегінің ортақтығын дәлелдеген Т. Шван мен М. Шлейденнің жасушалық теориясының қалыптасуы. 1841 -1844 жж. Энергияның (куаттың) сақталу заңы. Ю. Р. Майер, Г. Л. Гельмгольц, Дж. П. Джоуль.
Дронт Додо Дронт - 400 -ден астам жыл бұрын, 1598 жылы қанатсыз құс туралы алғашқы зерттелмеген деректер пайда болды. Оның аты додо немесе дронт еді. Дронттардың еуропалықтарға ертеден белгілі болғаны туралы ешқандай дәлел сақталмаған. Маврикий аралына голландтарға қарағанда 100 жыл бұрын XVI ғасырда барған португаль теңізшілері бұл құстар туралы жазбаша мәлімет қалдырмаған. Лиссабон жинақтарынан да дронт туралы мәліметті зерттеушілер таба алмайды. Дегенмен Үнді мұхитыныңтөңірегін шарлаған голландықтар дронттарды бүкіл әлемге танытып, оларды жергілікті назар аударарлық затқа айналдырды. Маврикий аралына кеме керуені жеткеннен кейін айбатты голландық адмирал Якоб Корнелисзоон ван Нектің өзі осы аралдағы жолдарында тірі және қызықты көргендерінің барлығының тізбегін жазуға кіріседі. 1601 -жылы оның жазба жолдарын латынша, ағылшынша және французша тілге аударады. Еуропаның ғалымдық әлемі оғаш ұшпайтын құс туралы білді. Ван Нек адмиралының күнделігінде мынандай сөздер бар: ” олар біздің аққулардан үлкен, жартысына дейін мамықпен жабылған үлкен басы бар. Бұл құстың қанаттары жоқ. Құйрығы ішке қарай майысқан күл түсті қауырсындардан тұрады. . . ” Қанат жайлы адмирал қателесті, олар болды, бірақ өте кішкентай. Шамамен үлкен құс 20 -25 кг болған. Салыстыру үшін индюктар болса 12 -16 кг болады. Дронттың төрт саусағы бар аяқтары да индюктікіне ұқсас. Бірақ та дронт индюкқа қарағандай ұзындау, 1 м-дей еді. Осы құстардың жалпы үш түрі бар. Осы үш түрі де бір-біріне тұмсықтарымен ұқсас екен. Дронттардың бүркіттікі секілді тұмсықтары болды. Латания пальмасының жемістері дронттардың бірден-бір тағамы болды. Әлемде тек латанияның үш түрі белгілі және олардың барлығы да тек қана. Маскаренс аралдарында кездеседі. Бұл құста көптеген ерешеліктер мен оғаш заттар болды. Мазмұны 1 Олардың ұя және жұмыртқа салуы • 2 Дронттың қазіргі ұша алмайтын ұқстардан айырмашылығы • 3 Галерея • 4 Сыртқы сілтемелер Олардың ұя және жұмыртқа салуы Олардың ұядағы мінезі. Дронттардың ұялары құмнан, пальма жапырақтарынан және бұтақтарынан таушық секілді жасалынатын. Сол ұяға олар тек қана бір ірі, ақ жұмыртқа салады. Осы жұмыртқаны ұрғашы мен еркек 7 ай бойы кезектесіп басады. Жауапкершілік жоғары мезгілде ата-аналары ешкімді 200 қадамнан жақын жерге жібермеген. Адам келмегенше басқа қандай қауіп болуы мүмкін еді? Тек сол тектің басқа мүшелері еді. Егерде бөтен дронт ұяға жақындап келе жатса, оны қууға сол жынысқа тән дронт барады. Мысалы еркек ұядағы жұмыртқаны басып отырған кезде бөтен ұрғашы жақындаса да, ол қууға өзі шаппайтын еді. Еркек қанаттарын қағып және дыбыстар шығарып өзінің ұрғашысын шақырады. Содан соң ұрғашылар өздері шешеді. Бөтенді қуғаннан кейін сол дронт ұяның айналасын айналып жүгіретін еді. Себебі бөтен құс өзіне ұнаған жерден бірден кетпейтін. Дронттың қазіргі ұша алмайтын ұқстардан айырмашылығы. Жоғарыда айтқандай бұл ірі құс ұшу білмейтін. Пингвин мен страустар да ұшу білмейді. Бірақ пингвин жақсы жүзеді, ал страус жақсы жүгіреді. Дронт ұша да, жақсы жүгіре де алмайтын. Оған ештеңе керек емес те еді. Себебі аралда құрлықта жүретін жыртқыштар болған жоқ. Көп ғасырлық дамудан кейін додо және оның ағайындылары қанаттарын жоғалтты. Бірақ та еуропалықтардың Маскаренс аралының табиғатына кіріскеннен кейін дронттардың бейбіт өмірі аяқталды. Негізі аралда ешқандай сүтқоректі болмаған еді. Алдымен португаль керуендері XVI-ғасырда ешкі, шошқа, қара тышқандар мен макакаларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан алып келді. Содан соң иттер және де басқа да үй жануарларын әкеле бастады. Талғаусыз жейтін шошқалар дронттардың жұмыртқаларын жеді. 1959 жылы неміс натуралисті Люттшвагер Лондон қаласында өткен бүкілхалықтық зоологиялық конгрессте алғаш рет бұл құстардың пайда болуы және туыстық қатынастары жайлы жаңа гипотеза айтты. Ол дронттарды коростеллаларға ұқсатты. Бұл құстардың түрі де додо секілді ұша алмайтын. Және де осы коростеллаларға ұқсас құстардың барлығы да дронттар секілді жер бетінде құрып кетті.