камера.pptx
- Количество слайдов: 9
Сақтау камераларының жұмысы және оның шарттары (темір жол вокзалында)
Жолаушылардың қол жүгін уақытша сақтау үшін темір жол станцияларында (вокзалдарында) бейне қадағалау камералармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камераларының блоктарын орнатуға рұқсат беріледі. Жергілікті жағдайларға қарай, қажет болған жағдайда қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының да ашылуы мүмкін. Өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камералары, сондай-ақ қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының жұмыс уақыты мен тәртібі туралы хабарландырулар жолаушылардың назары үшін сақтау камералары бөлімдерінде және көрінетін жерлерде ілінеді. Қоймашылар қызмет көрсететін стационарлық сақтау камераларына түрі мен жайына қарамастан ораудағы қол жүгін тапсыруға болады.
Автоматты сақтау камералары
автоматты сақтау камералары
Шарттары Ауыл шаруашылығы өнімдері сақтауға олардың сақталуын қамтамасыз ететін кез келген ыдыста қабылданады. Сақтауға тапсырылған тез бүлінетін өнімдердің табиғи бүлінуі үшін тасымалдаушы жауапты болмайды. Сақтауға жеке қабылданатын қол жүгі орынының салмағы 50 кг аспайтын және әрбір орынның оны тасымалдауға мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс. Тапсырылып отырған қол жүгіне байланған әрбір зат жеке орын деп саналады. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, жарылғыш, өрт қаупі бар, оңай түтанатын, уландырғыш және сасық заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың киімін былғайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға тапсыруға және қабылдауға тыйым салынады. Қол жүгінде ақшалай сомаларды, облигацияларды, құжаттарды және басқа да құндылықтарды сақтауға рұқсат етілмейді. Егер сақтау камерасына заттарды қабылдау кезінде орауда ақаулар анықталса, онда оларды иесі не жоюға, не ыдысы мен орамында ақаулардың бары туралы қоймашы жасаған жалпы нысандағы актіге қол қоюы қажет.
Салмағы 50 кг асатын немесе автоматты сақтау камераларының ұяларына немесе үшінші сөрелерге (төменге) сыймайтын заттар, сондай-ақ теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары және басқалары арнайы ірі габаритті заттарды сақтау камераларында сақтауға қабылданады. Заттарды сақтауға тек оны тапсырып отырған адамда жеке түлғасын куәландыратын құжаттар болған кезде ғана қабылдайды. Тұлғаны куәландыратын құжаттағы мәліметтер МД-4 -3 нысанды түбіртекке көшіріледі (тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі, жолаушының тегі). Заттарды сақтауға ставкалар бойынша ақы төленеді. Заттар жетон ұсынушыға беріліп, жетон қайтып алынады. Қол жүгін тапсырған жолаушы өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камерасынының ұяшығын жаңа қол жүгімен толықтыруға қайтадан ашқан жағдайда, қол жүгін сақтау үшін ақы төлейді. Жетон жоғалтылған кезде, сақтау камерасына қабылданған заттар багаж үшін белгіленген тәртіппен иесінің осы заттардың оған тиістілігі туралы дәлелдер үсынуы бойынша қайтып беріледі.
Жолаушыдан жоғалтып алынған жетон үшін жетонның қүнына тең ақы өндіріп алынады. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларына тапсырылған заттар күнтізбелік екі күн барысында сақталады, осыдан кейін олар станцияның (вокзалдың) қоймалық бөлмелеріне немесе стационарлық сақтау камераларына тапсырылады. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларынан қол жүгін алу кезінде оны толық сипаттаумен акт жасалады. Қол жүгі иесінің тұрған орнын анықтау мүмкіндігі болғанда оған дереу қол жүгінің орналасу орны туралы хабарлама жіберіледі. Жауап алынғаннан кейін қол жүгін тапсырған жолаушының (иесінің) өтінішіне сәйкес ақы төлеп жіберіледі. Үш ай ішінде иесі алмаған заттар багажды сату үшін белгіленген тәртіппен сатылады.
камера.pptx