anatomia_srs.ppt
- Количество слайдов: 13
С. Ж. Асфендяров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Қалыпты анатомия кафедрасы Тақырыбы: Жүрек шекарасы. Жүрек қақпашаларының проекциясы. Орындаған: Еркасымова М. М Тексерген: Ахмад Н. С Топ: ЖМ 13 -027 -01қ Алматы 2014 ж.
Жоспар: І. Кіріспе Жүректің құрылысы ІІ. Негізгі бөлім: Жүрек қабырғасының кұрылысы Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі ІІІ. Қорытынды бөлім: Жүрек шекаралары Жүректің қақпақшаларының проекциясы Пайдаланылған әдебиеттер
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 -300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тінінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдатын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады.
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады.
Жүректің құрылысы
Жүрекшелер қанды қабылдайтын камералар болып табылады, қарыншалар, керісінше, қанды артерияларға айдайды. Оң және сол жүрекшелер, оң және сол карыншалар сияқты бір-бірінен қалқа арқылы бөлінген. Керісінше, оң жақ жүрекше мен карыншаның арасында оң жүрекше-қарынша тесігі ostium atrioventriculare dextrum — сол жақ жүрекше мен карыншаның арасында ostium atrioventriculare sinistrum орналасады. Осы тесіктер арқылы қан жүрекшелердің систоласы кезінде олардың қуыстарынан қарыншалардың қуыстарына қарай ағады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар. Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
Оң жақ жүрекше - atrium dextrum - текше пішінді. Артқы бетінің үстіңгі жағынан оған v. cava superior және төменнен v. cava inferior қүйылады, жүрекше алдына қарай куыс өсіндіге - оң жақ қүлақшаға auricula dextra жалғасады. Оң және сол жақ қүлақшалар қолқа мен өкпе сабауының негіздерін қоршап жатады. Жүрекшелер арасындағы қалқа - septum interatrial - қиғаш орналасқан, ол алғы қабырғадан артқа және оңға қарай бағытталғандықтан, оң жақ жүрекше оң және алғы жағынан, ал сол жақ жүрекше сол және артқы жағынан орналаскан. Сол жақ жүрекше atrium sinistrum - артқы жағынан төмен кететін қолқа мен оңешке жанасып жатады- Әрбір жағынан оған екі-екіден өкпе сабауының сол жағын орай, алға қарай томпайып шығып түрады. Жүрекшеде m. pectinati бар. Томенгі алғы белімде сопақ пішінді сол жақ жүрекшеқарынша тесігі - ostium atrioventriculare sinistrum - сол жақ қарынша қуысына әкеледі
Оң жақ қарынша ventriculus dexter - үшбүрышты пирамида тәрізді, оның жоғары қараған негізін оң жақ қарыншадан өкпе сабауы -truncus pulmonalis - шығатын сол жақ жоғарғы бүрышын қоспағанда, оң жақ жүрекше алып жатады. Қарынша қуысы екі бөлімге болінеді: ostium atrioventriculare ж~ақын бөлім және ostium trunci pul-munalis-ке жақын алғы жоғарғы болім - conus anteriosus on окпе сабауына жалғасады. Сол жақ қарынша ventriculus sinister — конус пішінді, қабыр-ғасының қалыңдығы оң жақ қарынша қабырғасының қалыңдығынан 2 -3 есе асып түседі (10 -15 мм және 5 -8 мм). Жүрекшелер қабырғаларының қалыңдығы олардың қызметтеріне қарай тіпті жұқа келеді (2 -3 мм). Сол жақ жүрекше қуысынан сол жақ карыншаға келетін тесік - ostium atri oventriculare sinistrum- сопақ пішінді, сол жақ жүрекшеқарынша (митралды) қақпағымен - valva atrioventricularis sinistra (mitralis) жабдықталған, оның екі жармасының кішілеуі сол және артқы жағында (cuspis posterior), үлкендеуі оң және алғы жағында (cuspis anterior) орналасқан.
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі Жүрек артериялары оң және сол жақ тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақшалардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Сондықтан систола кезінде жүрек артериялары кіреберіс кақпақшалармен жабылады да, ал артериялардың өздері жүректің жиырылған бүлшықетімен сығылады. Осының әсерінен систола кезінде жүректің қанмен жабдықталуы кемиді. Қан тәждік артерияларына, қолқаның сағасында орналасқан осы артериялардың кіреберісі жартылай айшықты қақпақшалармен жабылмайтын диастола кезінде келеді. Жүрек артериялары
Жүрек веналары Қуыс веналарға емес тікелей жүрек қуысына ашылады. Бүлшықетішілік веналар миокардтын барлық қабаттарында болады және артериялармен қосарлана бүлшықет будаларының бағытына сәйкес келеді. Ұсақ артерияларға (3 ретке дейін) қос вена, ірі артерияларға жеке вена косарланады. Веналық кан ағысы үш жолмен жүреді: 1. Тәждік қойнауға, 2. Жүректің алдыңғы веналарына, 3. Жүректің оң жақ бөліміне тікелей құятын ең ұсақ веналар.
Жүрек шекаралары Кеуде кабырғасында проекциялануы: жүрек үшының соғуы linea mammillaris sinistra-дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ кабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 23 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жак қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек үшына дейін өтеді
Жүректің қақпақшаларының проекциясы Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық. Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады. Жүрек кақпақшалары көкірек қуысының алдыңғы қабырғасының белгілі бір жерлерде орналасады: 1. Митралды қақпақша - жүрек үшында; 2. Үшжармалы қақпақша - төстің оң жағында, V қабырғалық шеміршектің түсында; 3. Қолқа қақпақшалары - төстің жиегінде оң жақтағы екінші қабырғааралыкта; 4. Өкпе сабауы қақпақшалары - төстің солға қарай, екінші қабырғааралықта
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Сатпаева Қ. Қ. «Адам физиологиясы» 2. А. Рақышев «Адам анатомиясы» 3. М. Г. Привес, Н. К. Лысенков, В. И. Бушкович “Анатомия человек” Москва “Медицина” 1985 4. Ж. К. Ермахан “Тәнтану” Алматы “Білім” 2004 5. Адам анатомиясы М. Дайырбекова Алматы 2002. 6. Анатомия человека М. Р. Сапин Москва 1997 1 том 7. Клиникалық анатомия. И. Д. Кирпатовский Э. Д. Смирнова Москва 2003.
anatomia_srs.ppt