эмбр.буйрек.ppt
- Количество слайдов: 14
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА ҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫ МЕДИЦИНА Қ АЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА Гистология модулі СӨЖ тақырыбы : Эмбриональдық кезеңде және жаңа туылған нәрестелер бүйрегінің гистологиялық ерекшеліктері Орындаған: Жұманов Нұрзат Тобы: ЖМ 026 -1 Тексерген:
ЖОСПАР: 1. Бүйректің құрылысы; 2. Эмбриональды дамуы; 3. Нәресте бүйрегінің құрылыс ерекшелігі; 4. Нәресте бүйрегінің қызмет ерекшелігі; 5. Жастық ерекшелігі.
Бүйрек денешігі
Дамуы: Бүйрек дамуында алдынғы бөлім pronehor, алғашқы бүйрек mesonephros және соңғы бөлімі metanephros кезеңдерінен өтеді. Pronephros – алдыңғы бөлім 8 -10 шы сегмент аяқшасынан дамиды, протонефрит түтікшелер құрайды, екінші ұшы мезонефральды түтікшеге ашылады. Олар адам эмбрионында бүйрек құрауға қатыспайды. Mesonephros – алғашқы бүйрек 25 -ке жақын сегмент аяқшаларынан құралады. Олар метанефридий құрайды, целом жағындағы ұшы аорта жаққа өсінді шығарады, олар капиллярлар торын құраушы қантамыры келеді, алғашқы бүйрек оралымын құрайды.
Алғашқы бүйрек негізі несеп шығарушы ағза болып табылады. Яғни, ол 4 тен-8 ге дейінгі аптада өз қызметін атқарады. Осы уақыт кезінде пішіні үлкейеді, 30 -34 каналшалардан құралады, 6 -7 мойын сегменттерінен басталып, 3 -4 ші бел сегментеріне жетеді. Алғашқы бүйректің гломеруласы аортаның артерияльді тармағынан болатын тамырлы оралымынан құралады. Адамда мезонефрос өте белсенді және фильтрация қызметің атқарады. Онымен қоса зәрдің гипотоникалық зат алмасуында азотты заттардың бөлінуін, тұздардың реабсорбциясын қадағалайды. 3 -ші айдан бастап каналшалардың өзгеруімен мезонефростың регрессиясы басталады. Оның кейбір элементтері жыныс жүйесінің құралуына қатысады. Эмбриональді дамудың 5 -ші айынан бастап, mesonephros өз дамуын тоқтатады. Metanephros – соңғы бүйрек ұрықтың 2 -ші айында құралады, бірақта оның аяқталуы туылған соң тоқталады. Соңғы бүйрек екі көзден: мезонефральді түтіктен және нефрогенді тіннен дамиды. Мезонефральді түтікшеден несепағар, бүйрек астаушасы, бүйрек тостағаншасы, емізікше канал және жинау түтігі дамиды.
Нәресте бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11 -12 г, 1 жаста - 36 -37 г, 5 жаста - 55 -56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20 -30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі. Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалындығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады. Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3 -4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.
Нәресте бүйрегінің қызмет ерекшелігі. Нәрестенің алғашқы 3 -4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады. 1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4 -5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткеңі несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар. Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфинктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат откізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп құрамында лактоза, аздаған (із мөлшерінде) мөлшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды. 1 жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі. 2 жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады. Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мұндай мәліметтер әлі белгісіз.
Жастық ерекшелігі: Бүйрек құрылысының жастық ерекшелігі несеп бөлу жүйесі постэмбриональді кезеңдеде өз дамуын тоқтатпайды. Нәрестеде қыртысты зат пен милы заттың қалыңдығы 1/4 - 1/5, ал үлкендерде 1/2 - 1/3 құрайды. Нәресте бүйрегінде көп мөлшерде нефрон кездеседі. Нәрестеде нефронның каналшасының қалыңдығы 18 -36 мкм, ал үлкен адамда 40 -60 мкм болады. Жасы ұлғайған нефронның ұзындығы өзгереді. Нәрестеде бүйрек ттінінің салмағында 50 -ден астам шоғыр (клубочек), 8 -10 айлық балада 18 -20 шоғыр, ал үлкендерде 4 -6 шоғыр болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. http: //temakosan. net/load/referaty_na_kazakhskom/biologija_valeologija/z_r _shy_aru_zh_jesi_zh_ne_ony_zhasty_ereshelikteri/3 -1 -0 -3780 2. http: //medlec. org/lek 3 -52398. html
эмбр.буйрек.ppt