С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. Кафедра: Дерматовенорологиялық модулі СӨЖ Тақырып: Лепра. Факультет: Қоғамдық денсаулық сақтау. Курс: 3 Топ: 002 -1. Орындаған: Нургалина Динара Қабылдаған: Гулмира Шырынбековна Алматы, 2014
ЖОСПАР 1. Кіріспе. Лепра. Анықтамасы, ашылу тарихы 2. Негізгі бөлім: a) Этиологиясы b) Эпидемиологиясы c) Патогенезі d) Клиникалық көріністері e) Диагностикасы f) Емі g) Алдын алу 3. Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ Лепра –тері және жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабатының гранулематозды зақымданулары және прифериялық жүйке жүйесі мен ішкі мүшелер бұзылыстарымен сипатталатын антропозды генерализацияланған бірінші реттік созылмалы ауру. Аурудың аталуы грекше «lepros» қабықшасы, бұдырлы сөзімен байланысты. Ауру қоздырғышын 1874 жылы Норвегия дәрігері Г. А. Гансен микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде ашқан.
ЭТИОЛОГИЯСЫ Лепраның қоздырғышы –Мykobaсterium leprae Hansen, Mykobakteriaceae тұқымдастығына, mykobaсterium туыстастығына жатады. Қоздырғыш тік немесе иілген, шеттері жұмырланған, грамм оң, спора түзбейді, микрокапсуласы бар, қозғалмайды. Қоздырғыштың ерекшелігі қышқылға, спиртке тұрақты, сондықтан Циль-Нильсен әдісімен ғана боялады. Зақымдалған тіндердің жасушасында М. Leprae щар тәрізді орналасады, ал кейбір микобактериялар бір-біріне қатарласып орналасады «қораптағы сигареталарға» ұқсас болады. Адам организмнен тыс жерде қоздырғыш 1 -7 күн сақталады.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ Инфекция көзі – науқас адам. Негізгі таралу механизмі – аэрогенді. Таралу жолы –ауа тамшылы. Науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде алапес қоздырғыштары, қоршаған ортаға көп мөлшерде түседі. Әсіресе антибиотиктерге тұрақты лепраматозды аурулар өте қауіпті, бұлардың мұрын бөліндісінде қоздырғыш өте көп мөлшерде орналасады. Иммунитеті –алапеске қарсы жасушалық иммунитет пайда болады.
ПАТОГЕНЕЗІ Қоздырғышытың ену қақпасы – жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабаты және зақымдалған тері. Солар арқылы енген қоздырғыш лимфагематогенді жолмен таралып тері жасушалары және жүйке жүйесі леммоциттерін зақымдайды. Себебі қоздырғыш фибронектин байланыстыушы ақуыз бөледі. Осы арқылы олар жасушаға өтеді.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ Жасырын кезеңі орташа 3 -7 жыл, кейде 15 - 20 жылға дейін созылуы мүмкін. Алапес кезіндегі барлық тіндердің зақымдануы ағзаның иммундық реакциялар нәтижесі болып табылады. Ал, аурудың дамуы толығымен микроорганизмнің резистенттілігіне байланысты.
АЛАПЕСТІҢ КЕЛЕСІ КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТАДЫ: Туберкулоидты Лепроматозды
ТУБЕРКУЛОИДТЫ ТҮРІ Аурудың қатерсіз түрі перифериялық жүйке жүйесінің және терінің зақымдануы мен өтеді. Мұрынның шырышты қабаттың қырындысында M. Lepraе табылмайды, лепроминді сынама оң мәнді. Аурудың бастапқы кезінде теріде айқын көрінетін ашық немесе жеңіл эритематозды папулалар пайда болады.
ЛЕПРОМАТОЗДЫ ТҮРІ. Бұл жиі кездеспейтін қайтымсыз салдануға және өлімге алып келетін ауыр түрі. Терінің зақымдалуы дақ, инфильтрат және түйін түрінде білінумен, бастапқы сатысы шырышты қабаттың, ішкі мүшелер және сүйектердің зақымдалуымен өтеді. Соңғы сатысы неврологиялық бұзылыстардың ауыр түрімен өтуі.
Мутиляция и трофические язвы стопы при лепре (болезнь в запущенной стадии, без лечения).
Множественные лепромы в разной стадии развития на туловище и ягодицах.
Контрактуры и мутиляция пальцев кистей, дистрофия ногтевых пластинок при лепре (болезнь в запущенной стадии, без лечения).
Множественные лепромы в разной стадии развития на нижних конечностях.
ДИАГНОСТИКАСЫ. Бактериоскопиялық Серологиялық
Зерттеу материалы: тері мен мұрын кілегей қабықшаларының бөлшектері, қақырық, лимфа пунктаттары және т. б. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Қорытынды диагноз қою үшін тері және кілегей қабаттарын гистологиялық зерттеулермен толықтырады.
Серологиялық диагностикасы –фенолды гликолипидке қарсы антилипидтерді ИФА көмегімен анықтау. Қосымша зерттеу –лепроминді сынама қою. Лепраминді сынама –Фернандес және Мицуда реакциясы арқылы жүргізіледі.
ЕМІ Лепрамен ауыратын науқастарды емдеу – ұзаққа созылған және көп еңбекті қажет ететін процесс. Науқасқа комплексті ем тағайындалады. Алапеске қарсы емдеуге арналған негізгі препараттар: сульфон препараттары, дапсон, солюсульфон, диуцифон.
САҚТАНДЫРУ Негізгі шаралар-ауруларды ерте анықтап және оларды бөлектеп лепрозорийда ұстау. Ауру отбасы мүшелерімен қатынаста болған адамдар да байқауға алынады; егер ол лепраның жұқпалы түрімен ауырған болса, онда қатыста болған адамдарда алдын-алу емін жасайды. Ауру анадан балаларды бөліп, қолдан тамақтандырады. Клиникалық жолмен жазылған науқастарды лепрозорийдан шығарады, бірақ бұл адамдар лепролог-дәрігердің бақылауында болу керек.
Алапескеқарсы арнайы сақтандыру препараттары жасалмаған, тек қана эндемиялық аудандарда ВСG вакцинасы қолданылады. Оның құрамында А лепромин және BCG бар. Вакцинаны егу алдында лепромин сынамасы қойылады. Мицуда реакциясы теріс нәтижелі болса, жоспардан тыс ВСG вакцинасы егіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ Лепра ауруы барлық мемлекеттерде кездеседі. Мысалы, аурудың 85 % астамы Азия мен Африка континенттерінде кездеседі. Қазақстанда да алапес ауруы тіркелген. Сондықтан да бұл ауру түрі ДДСҰ- ның маңызды мәселесіне жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Е. П. Шувалова “Тропические болезни”, Москва «Медицина» , 1996 г. Стр. 212 -220 2. Оқу әдістемелік құрал “Жеке микробиология”. Алматы, 2008 ж. 217 - 227 беттер. 3. www. google. kz 4. www. wikipedia. kz
Лепра.ppt
- Количество слайдов: 22

