туберкулез диагностикасы.pptx
- Количество слайдов: 21
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Кафедра: Фтизиатрия Туберкулезді анықтау әдістері. Тақырыбы: Орындағандар: Искакова И. О. Мырзахметова Ұ. 734 топ, терапия. Алматы, 2013 жыл.
I. Кіріспе: II. Негізгі бөлім: -туберкулез жайлы жалпы түсінік -туберкулезді анықтау кезеңдері III. Қорытынды.
Туберкулез- көне заманнан, яғни неолит кезеңінен белгілі ауру. Клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж. Фракасторо (1478 – 1553)дәлелдеді.
Көп тараған түрі-өкпе туберкулезі. Бұл- туберкулез микобактерияларымен шақырылатын, ауа-тамшылы жолмен берілетін ауру. Өкпелік түрімен ауыратын науқастар қоршаған орта үшін өте қауіпті. Сол үшін оларды дер кезінде анықтаудың маңызы өте зор.
1 кезең-аурудың негізгі симптомдарының байқалуы: ұзақ жөтел, қан қақыру, дене температурасының жоғарылауы, түнгі тершеңдік, тез шаршағыштық, салмақ жоғалту.
2 кезең- науқасты клиникалық қарап тексеру: науқастың арықтауына, лимфа түйіндерінің ұлғаюына, тыныс алу кезінде кеуде торы қозғалысының бұзылуына мән беру.
Осы ауру симптомдары үш апта бойы байқалса жедел түрде терапевт немесе дәрігерфтизиатрға қаралу керек.
Балаларда Манту сынамасы жүргізіледі. Бұлтуберкулинді тері ішіне енгізу арқылы жүргізілетін спецификалық реакция. Манту сынамасы жыл сайын барлық балаларға жасалады. Гиперергиялық немесе оң реакция анықталса педиатр баланы ары қарай зерттеу жүргізуге туберкулез диспансеріне жібереді.
Қақырықты бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу: Қақырықты дәрігер берген арнайы контейнерге жинайды. Қақырықты жинар алдында ауыз қуысын таза жылы сумен шаю керек, тамақ қалдықтары араласпау үшін. Терең тыныс алып демді іште ұстап тұрып қатты тыныс шығару керек, осыдан кейін қайтадан терең тыныс алып жөтелу керек. Жөтелден кейін контейнерді ерінге жақындатып, қақырықты түкіру керек, контейнерді қақпақпен жауып қою керек. Егер қақырық бөлінбесе кеудені жұдырықпен ұруға болады.
Жалпы қан анализі: ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, эозинофилия, лимфопения.
3 КЕЗЕҢ- РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: 1. 2. 3. 4. Рентгеноскопия Рентгенография Флюорография Компьютерлік томография
Артықшылығы: 1. Бағасы қол жетімді. 2. Плевра қуысындағы экссудатты анықтауда маңызды. 3. диафрагма, омыртқа бағанасының көлеңкесінен көрінбейтін патологиялық ошақтарды анықтайды. 4. патологиялық ошақтың орнын анықтайды.
Артықшылығы: 1. Ауру ағымын динамикалық бақылауға мүмкіндігі бар. 2. Патологиялық үрдісті толық бейнелейді. 3. Жасалуы тез әрі қол жетімді.
Халықты жалпы рентгенологиялық зерттеу кезінде қолданылады. Рентгенографияға қарағанда бағасы төмен. Сәулелік әсері аз. Аз мәліметті.
Арнайы рентгенологиялық құралдың көмегімен қатпарлы суреттерді алу мүмкіндігі жоғары. Патологиялық ошақтың шекарасын және зақымдалу көлемін анықтауда қолданылады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! Пациенттерге өмірдің қуанышын бірге сыйлайық!
туберкулез диагностикасы.pptx