ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ.ppt
- Количество слайдов: 21
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ АМСК кафедрасы ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ Орындаған: Куралбаева С. А. Топ: 604 -2, ЖТД Қабылдаған: Капарова К. М.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ПРОЕКЦИЯЛАНУЫ (скелетотопиясы) Ұйқы безі ішастардан тыс, I-II бел омыртқа тұсында орналасады
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ Ұйқы безі он екі елі ішек пен талақ арасында орналасады
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ Ұйқы безі бөлікті ағза, оның басы, денесі және құйрығы болады. Ұзындығы: 15 -23 см Ені: 3 -9 см Қалыңдығы: 2 -3 см Салмағы: 70 -100 гр
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ Ұйқы безі – сыртқы және ішкі секрециялы ағза I. ЭКСКРЕТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ұйқы безінің он екі елі ішекке ферменттерді (амилаза, липаза, лактаза, мальтаза, трипсин, химотрипсин, карбоксипептидаза) бөлуімен сипатталады. II. ИНКРЕТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ Лангерганс аралшықтарының қанға гормондарды (инсулин, глюкагон, липокаин) бөлуімен сипатталады.
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ дегеніміз ұйқы безінің өз ферменттерінің кері әсерінен дамитын АУТОЛИЗ ДЕГЕНЕРАЦИЯ ҚАБЫНУ процестерімен сипатталатын жедел хирургиялық ауру
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ ЖІКТЕЛУІ (Савельев В. С. , 1983) I. БЕЗДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 1. жедел ісінген панкреатит 2. жедел геморрагиялық панкреонекроз 3. жедел майлы панкреонекроз 4. жедел іріңді панкреатит II. КЛИНИКАЛЫҚ АҒЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 1. абортивті 2. прогрессивті
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ ЖІКТЕЛУІ (Савельев В. С. , 1983) III. Патологиялық процесстің таралуына байланысты 1. ошақты (локальді) 2. субтоталды 3. тоталды IV. Кликалық кезеңдеріне байланысты 1. панкреатогенді шок және гемодинамикалық өзгерістер кезеңі 2. паренхиматозды ағзалардың функционалдық жетіспеушілік кезеңі 3. іріңді асқынулар кезеңі
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ Жедел панкреатит полиэтиологиялы хирургиялық ауру 1 • ЕКІНШІЛІК ГИПЕРТЕНЗИОНДЫӨЗЕКТІК ФАКТОРЛАР 2 • БІРІНШІЛІК АЦИНУСТЫ ФАКТОРЛАР 3 • АЛИМЕНТАРЛЫ ФАКТОРЛАР
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
I. ЕКІНШІЛІК ГИПЕРТЕНЗИОНДЫ-ӨЗЕКТІК ФАКТОРЛАР Холедохолитаз (жалпы өт өзегінде тастың болуы) Холедохтың терминалды бөлігінің стриктурасы (тарылуы) ҮДЕ қабынуы (папиллит), оның қатерлі және қатерсіз ісіктері, ЭРХПГ, ЭПСТ Өзекке бөгде денелердің, аскарида орамдарының еніп кетуі
II. БІРІНШІЛІК АЦИНУСТЫ ФАКТОРЛАР Ұйқы безінің ашық және жабық жарақаттары Ұйқы безінде қан айналымы мен иннервацияның бұзылуы Ұйқы безінің қатерлі ісігі Қант диабеті
III. АЛИМЕНТАРЛЫ ФАКТОРЛАР Созылмалы алкоголизм Алкогольдік ішімдіктерді бір мезгілде көп мөлшерде ішу Майлы, ащы, қуырылған және тұзды тағамдарды көп мөлшерде қабылдау
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ Шағымдары, анамнезі, визуалды түрде қарау Пальпация, перкуссия, аускультация ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ Амилаза, Лейкоциттер, ЭТЖ Қант, К, Са, С-реактивті белок, ферменттердің деңгейлері ҚҰРАЛ-АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ УДЗ, КТ, Лапароскопия ФГДС, Рентгенологиялық зерттеу
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ 1. Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі (ауру сезімі “белбеу” тәрізді белге иррадиацияланады) 2. Лоқсу, көп рет құсу (құсық науқасқа жеңілдік әкелмейді) 3. Іштің кебуі (ішектің парезі салдарынан) 4. Ауыздың құрғауы 5. Спецификалық симптомдар (Керте, Воскресенский, Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Холстед, Мондор, Куллен)
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ 1. ШАҒЫМДАРЫ Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі Ауру сезімі «белбеу» тәрізді белге иррадиацияланады Лоқсу, көп рет құсу (құсық науқасқа жеңілдік әкелмейді) Іштің кебуі (ішектің парезі салдарынан), ауыздың құрғауы
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ Майлы, қуырылған, ащы тағамдарды шамадан тыс қабылдау Алкогольдік ішімдіктерді бір мезгілде көп мөлшерде ішу 2. Анамнезі Физикалық және психикалық келеңсіз жағдайлар Іштің жарақаттары
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ 3. Науқасты объективті түрде қарау Аурудың спецификалық симптомдарын анықтау Керте, Воскресенкий, Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Куллен, Холстед, Мондор
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ I. Лабораторлық зерттеу әдісі - Қандағы (32 Бр дейін), зәрдегі (64 Бр дейін) амилаза деңгейін анықтау -Лейкоциттердің деңгейін және ЭТЖ анықтау (іріңді асқынулар болғанда ғана байқалады) II. Құрал-аспаптық зерттеу әдістері - УДЗ (без көлемінің ұлғаюы, құрылымының біркелкі еместігі, контурының айқын еместігі, паренхимасында гипо-, анэхогенді учаскелердің болуы, шарбы қалтасында, құрсақ қуысында бос сұйықтықтың болуы) - КТ (бездегі некроз ошақтарын, парапанкреатикалық клетчаткадағы өзгерістерді, абсцестерді, кисталарды анықтауға мүмкіндік береді) - Лапароскопия (құрсақ қуысындағы бос геморрагиялық сұйықтық, ағзалардың сероза қабаттарындағы “стеарин” дақтары)
Жедел панкреатиттің емі I. Консервативтік емі 1. Диета (0) 2. Режим (төсектік) 3. Инфузиялық терапия (тәулігіне 3 л дейін) – организмдегі су-электролиттік балансты қалыпты деңгейде ұстап тұру мақсатында. 4. Антибиотикалық терапия - іріңді асқынуларды алдын алу үшін 5. Анальгетиктар - ауру сезімін басу үшін 6. Спазмолитиктер - ферменттердің ұйқы безінен он екі елі ішекке эвакуациясын жақсартады 7. Протеаз ингибиторлары - бөлініп шыққан ферменттердің белсенділігін төмендетеді 8. Цитостатиктер - бөлінетін ферменттердің мөлшерін төмендетеді
Жедел панкреатиттің емі II. Хирургиялық емі - шарбы қалтасын Шалимов әдісі бойынша санациялау және дренаждау - некрэктомия - секвестрэктомия - некр- және секвестрэктомия - ұйқы безінің некроздалған бөлігін резекциялау - құрсақ қуысын, құрсақ қуысынан тыс жатқан клетчатканы санациялау және дренаждау
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ.ppt