слайд.pptx
- Количество слайдов: 17
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тақырыбы: Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Кіріспе Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу» . Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік» -дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883 -1946 жж. ). Оның теориялық қортындылары 19291939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі: Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т. б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарымқатынастарын реттейді. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т. б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т. б. Ол үшін мемлекет қолда барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету. Бәсекелестік қорғау.
Егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді. — ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі; — валютаны алып-сатушылық басталады; — елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі; — тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына; — инвестицияның қысқаруына т. б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
Мемлекеттік экономика Қолайсыз Қолайлы
Қолайсыз жағдай Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы өолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықтар, отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т. б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Қолайлы жағдай Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек.
Инфляция-
Мемлекеттік реттеу әдістері Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің оңдай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. Мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез құлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады. Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады. ҚР баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар, көтерме бағалар, бөлшек сауда бағалары, реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.
Монополияға қарсы реттеубәсекелестікті құқықтық реттеу ҚР тауар нарықтарында әділетті бәсекелестік үшін қолайлы шарттар құруға және қолдауға бағытталған. 09. 07. 98 ж. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңымен реттелінеді. Кез келген мемлекетке оның қызметтерін жүзеге асыру үшін негізгі қайнар көзі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын қаржы қаражаттары қажет. Соған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің салық міндеттерін және тиісінше салықтық реттеуді уақытында орындауының орасан зор маңызы бар. 10. 12. 2008 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық Кодексімен) анықталады. Валюталық реттеу кәсіпкерлердің қатысуымен қатынастарды мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Валюталық реттеу елдің төлем теңгерімін (баланс), ұлттық валютаның орнықтылығын нығайтуды, ішкі валюта нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын өткізу тәртібін белгілеу және оның сақталуына бақылау жасау бойынша жүргізілетін қызмет.
Әртүрлі елдерде аталған қадағалау органдарының функциялары мыналарды қамтиды: 1) реттеуші мемлекеттік органдарға және үкіметтерге ақпараттық, техникалық және консультациялық қолдау көрсету; 2) норма шығару және рәсімдердің орындалуын бақылау, қадағалау мәселелері бойынша реттеуші мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру; 3) мемлекеттің саяси басшылығына реттеуді бағалауды немесе жаңа және қайта қаралатын реттеудің талаптары мен рәсімдерін келісуді ұсыну; 4) реттеуді жетілдіру, оларды реформалау, проблематиканы талдау, зерттеу жүргізу, мемлекеттік органдардың есептілігін зерделеу, үкіметтік емес ұйымдармен тиісті консультацияларды өткізу бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қағидаттары 1. Тұтынушылар, бизнес және мемлекет мүдделерінің теңгерімі. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі бизнеске ең аз (объективті тұрғыдан қажетті) жүктеме кезінде тұтынушының құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз етуі қажет. Мұндай жүйеде мемлекеттік реттеудің мақсаттары бизнес пен бюджет үшін ең аз шығындар әдістерімен қол жеткізіледі. 2. Мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуде реттеудің тиімділігін негіздеудің, келісудің және мониторинг жүргізудің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы реттеуді пайдаланудың негізділігі мен тиімділігі. 3. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі. Қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдау қоғамдық тыңдаулардан және қоғаммен өткізілген тыңдаудың басқа түрлері жүргізілгеннен кейін ғана қабылдануы тиіс. Пайдаланылуы шектелмеген кез келген ақпарат және бизнес пен тұтынушыларға қажет ақпарат қолжетімді және мүмкіндігінше тегін болуы тиіс. Норма шығару қызметі осы процеске орталықтандырылған жүйені пайдаланудың негізінде барлық мүдделі тұлғаларды белсенді түрде тартқан кезде жүзеге асырылуы тиіс. 4. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік саясатының талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін белгілеу арқылы жауапкершілік пен жазалау әділдігі, бизнес үшін жазалау деңгейінің заң бұзушылық деңгейіне сәйкес келуі, бұзушылықтар анықталған жағдайда жазалау шараларынан алдын алу және реттеуші талаптарды орындауға ынталандыруға кезең-кезеңмен кету. Билік органдарының әрекеттеріне жоғары тұрған инстанциялар және соттарға шағымдану мүмкіндігі. 5. Мемлекеттік реттеу саласында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін азайту, мүдделер қақтығысы сияқты көріністерді жою, құқықты таңдап қолдану, монополиялық және монополияға жақын нарықтарды операторларға байланысты реттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтан арылу. 6. Реформаларды іске асырудың кешенділігі мен тиімділігі. Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі барлық мемлекеттік органдар тарапынан қойылған міндеттердің шешіміне байланысты болмақ. Реформаның іргелес бағыттары бойынша бағдарламалық құжаттар Тұжырымдамамен үйлесім табуға тиіс. Реформалардың тиімділігін бағалау бизнесті жүргізу және тұтынушыны қанағаттандыру үшін жағдайларды іс жүзінде жақсартуда көрінуі тиіс.
Реттеуші әсерді талдаудың міндеттері: 1) шешілуі қажет проблеманы нақты айқындау; 2) проблеманы шешудің баламалы әдістерін анықтау; 3) проблеманы шешуге және барлық қатысушы тараптардың шығындарына реттеуді қабылдау салдарын бағалау 4) проблеманы бағалаудың және мемлекеттік реттеудің мақсаттарына қол жеткізудің өлшенетін индикаторларын айқындау болып табылады.
Қорытынды Осы Тұжырымдама кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу пайымын, оларға қойылатын негізгі тәсілдерді айқындайды және осы бағытта 2020 жылға дейін реформалар жүргізу кешенділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе негізінде қолданыстағы және жаңадан енгізілетін заңдар нормаларының және экономиканы реттеу құралдарының реттеуші ықпал етуін жария талдаудың және оның негізінде аталған құқықтық нормаларды қабылдау саласында әрекет ететін қоғамдық бизнес ұйымдарының нормативтік құқықтық актілерді келісуін енгізудің орталықтандырылған жүйесін тұрақты негізде құру; тұтынушыларға шығын келтірген бұзушылықтар үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін бір мезгілде арттырумен қатар бизнес ортаға Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген мемлекеттік функцияларын беру мүмкіндігі; тәуекелдерді басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру және мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жеке кәсіпорындардың өндіріс процесіне және ішкі қызметіне араласпауды және мемлекеттік бақылаудың түпкі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ғана бағыттылығын белгілейтін жаңа қағидаттарын енгізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарын институционалдық күшейту, оларға қойылатын талаптарды арттыру, қызметтің ашық тетіктерін әзірлеу, тұтынушылардың тұтынылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпараттандырылуын жоғарылату мәселелерін пысықтау көзделген.
Назарларыңызға рахмет!!! Орындаған: Адамова А, Озыхан Б Топ: МШӨӨТ-401
слайд.pptx