с а ж 80
Аяулы да, ардақты апатайым менің! 80 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын! Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам - жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл апатайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ апам менің! Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана апам менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз! Апатай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұлқыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" дейді. Алла сізге күшқуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз! Апатай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Апатай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Ізгі ниетпен: Құда-құдағиыңыз, Қызың -Салтанат, Күйеу балаң - Қуат, жиен шарыңыз Нұралы.