НАЗЕРКЕ ПАТАН.pptx
- Количество слайдов: 14
С ӨЖ «Астана медицина университеті» АҚ Патологиялық анатомия кафедрасы Тақырыбы: Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар. ҚШҰ синдромының патоморфологиясы. Орындаған: Ермекқызы Н, 340 ЖМ Тексерген: Смайлова Г. К 2015 жыл
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Тромбоцитопениялар 2. Тромбоцитопатиялар 3. ҚШҰ синдромының патоморфологиясы. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары. Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. Тромбоциттер қызметі: • Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады; • Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар; • Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады; • Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді; • Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.
Тромбоцитопения- Тромбоциттердің саны 150 мың/мкл төмендеуімен сипатталатын организмнің күйі. Егер тромбоциттер критикалық деңгейден (меньше 50 х109/л или 50 тыс. /мкл) төмен болса, тромбоцитопениялық симптомдар, ауыздың шырышты қабатының қанталауы, қызыл иек қанталауы, жатырдан қан кету, ішектің әр бөлігінен қан кету, ешқандай себепсіз тері көгерулері пайда болып және басқа да ішкі органдарға қан құйылуы байқалады. Қанталау дамуының маңызды рөлінде тромбоциттердің ангиотрофикалық қызметінің бұзылысы алып жатыр. Бұл жағдай тамыр қабырғаларының дистрофиясы мен тамыр қабырғаларының эритроциттерге өткізгіштігін арттырып(диапедезді геморрагия), олардың бүлінгіштігіне алып келеді.
Тромбоцитопениялардың классификациясы Тромбоцитопения Тұқым қуалайтын (тромбоцитопатия) Жүре пайда болған Иммундық тромбоцитопения Аллоиммунлық(Қан жүйелер сәйкессіздігі) Трансиммундық Гетероиммундық Аутоиммундық Бейиммундық тромбоцитопения • Тромбоциттердің механикалық әсерден зақымдануы • Сүйек кемігіндегі жасушалардың көбеюі тежелгенде • Соматикалық мутациямен(Маркиафава Микели ауруы) • Фолий мен витамин В 12 тапшылығынан т. б
Тромбоцитопатиялар- тромбоциттердің сапасы немесе қызметі өзгеріп, гомеостаздық үдерістер бүлінгендіктен дамитын сырқаттар мен синдромдардың үлкен бір тобы. Олардың даму барысында микроциркуляциялық арна зақымдалып, қанды дақтар пайда болып , әдетте геморрагиялық диатез байқалады.
Тромбоцитопатиялардың классификациясы Тромбоцитопатия Тұқым қуалайтын (тромбоцитопатия) • Тромбоциттер мембранасының анамалиясынан Глацманның тромбылы астениясы • Тромбоциттерде тығыз денешіктердің І типі мен оның компонентері азайғанда дамитын Чедиак- Хигаси синдромы Жүре пайда болған • Гемобластоздармен • Миелопролиферациялық аурулар және эссенциялық тромбоцитемия • В 12 тапшы анемия • Бауырдың циррозы, ісіктері мен паразитті аурулар • Гормондық аурулар • Құрқұлақ • Сәулелік ауру • ҚДҰ синдром мен фибринолиз жанданғанда т. б
ҚШҰ синдромы-шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Қанның тамырішілік шашыраңқы ұю синдромы-қанның тамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микротромбтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясы. Қанның тамырішілік шашыраңқы ұю синдромыгомеостаз жүйесінің спецификалық емес реакциясы. ҚШҰ синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады.
ҚШҰ синдромының патогенезі Себепкер ықпалдар: -бактериялар, вирустар, эндотоксиндер -иммундық кешендер -ауыр жарақаттар, күйіктер -Зат алмасу бұзылыстарының өнімдері т. с. с Тіндердің бүліністері (тф) -Қан ұюының артуы -Фибринолиз жүйесінің артуы Тромбоциттер мен макрофагтардың Әсерленуі (АДФ, ӨЖФ, ТБФ) Эндотелий жасу шаларының бүлі ністері (ТФ) Тромбин құрылуы ҚШҰ синдромы Плазмин түзілуі
Тамыр ішілік шашыранды қан ұю синдромы деп, қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын, ұсақ тамырлардың микротромтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясын айтамыз. Ол бейспецификалық патологиялық процесс, гемостаз бұзылуының арнайы түрлерінің бірі. ТШҚҰ – синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашылығы, ұйыған қан тромбқа айналмай − ақ өз − өзінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін. Мысалы, операциядан кейін қан ұю үрдісі көптеген ауруларда кездеседі, ал нағыз тромб жеке бір жағдайларда ғана пайда болады. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады және көптеген ауруларда кездеседі: акушерлік патология, операциялар, шок, жұқпалы аурулар, дене күйгенде, жарақаттанулар, сепсис, жүрек − тамырлар аурулары, өткір вирусты инфекциялар, тобы сәйкес келмейтін қан құю, ұрық ана жатырында өліп қалғанда, дәнекер тінінің жайылма аурулары, қатерлі өспелер, гемолиздік анемия, т. б.
ТШҚҰ көптеген себептерден дамиды. • Сепсис, вирусемия; • Қатерлі өспелер; • Сілеймелердің барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік сілейме кезінде; • Ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде; • Акушерлік дерттерде; • Үлкен күйіктерде, үсіктерде; • Сүйек сынықтарда, жұмсақ тіндердің жаншылуларында; • Бүйрек, бауыр, ұйқыбез бүліністерінде; • Тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; • Гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; • Жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартритте және басқа иммундық ауруларда; • Геморрагиялық васкулитте; • Көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады. • Инициальды патогенетикалық факторлар ТШҚҰ − синдромы келесі төрт сатыда өтеді: 1. Гиперкоагуляция; 2. Гипокоагуляция немесе тұтынулық коагулопатия; 3. Фибриноген жоғалу; 4. сауығу немесе қайта қалпына келу.
Қорытынды Тромбоциттер- тіршілікке қажетті рөлі басым қан пластинкалары болып табылады. Олардың түзілуі мен қызметі бұзылысы салдарынан бірқатар ауруларға әкеледі. Тромбоцитопения- Тромбоциттердің саны 150 мың/мкл төмендеуімен сипатталатын организмнің күйі. Егер тромбоциттер критикалық деңгейден (меньше 50 х109/л или 50 тыс. /мкл) төмен болса, тромбоцитопениялық симптомдар, ауыздың шырышты қабатының қанталауы, қызыл иек қанталауы, жатырдан қан кету, ішектің әр бөлігінен қан кету, ешқандай себепсіз тері көгерулері пайда болып және басқа да ішкі органдарға қан құйылуы байқалады. Тромбоцитопатиялар- тромбоциттердің сапасы немесе қызметі өзгеріп, гомеостаздық үдерістер бүлінгендіктен дамитын сырқаттар мен синдромдардың үлкен бір тобы. Олардың даму барысында микроциркуляциялық арна зақымдалып, қанды дақтар пайда болып , әдетте геморрагиялық диатез байқалады. Тамыр ішілік шашыранды қан ұю синдромы деп, қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын, ұсақ тамырлардың микротромтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясын айтамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. 2. 3. 4. 5. “Патологиялық анатомия” А. И Струков, В. В Серов Мәскеу 2014 ж “Патологическая анатомия” О. В Зайратьянц 2007 жыл “Патологическая анатомия” А. И Струков, М. А Пальцев http: //www. mif-ua. com/frmtext/MNJ/2011/MNJ_1_39/17/2. png https: //encryptedtbn 1. gstatic. com/images? q=tbn: ANd 9 Gc. T 0 Y_06 j. Cn. Ldj. ZKn. T 4 Xe 4 S 9 uc 7 pj. H 0 c. Ul. Geq 3 ME 5 o. BD 8 MLSF-SL 6. https: //encryptedtbn 3. gstatic. com/images? q=tbn: ANd 9 Gc. Sz. S 6 r. Onhp_DVq 5 zp_Xl_Qotn PV 1 A 7 EW_Phm 0 l 9 -cl. K 3 m. Ed 91 r. Y
НАЗЕРКЕ ПАТАН.pptx