1993.pptx
- Количество слайдов: 16
СӨЖ Тексерген: Керімбекова Б. Орындаған: Жантаева А. Тобы: Kz (Ph)-2 A
• Сүйінбай Аронұлы Алатау бөктеріндегі Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туылып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған.
Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған.
Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі • Сүйінбай – ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, 80 -жылдардың соңына дейін алпыс жылға жақын үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін алға тартып жырлайды. Ерлік, елдік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идея.
• . 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстары на экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә. Диваев Сүйінбайдың өлеңтолғауларын, айтыстарын жазып алған.
• • • Шығармалары: «Түс» «Датқалар» «Төрелерге» «Үмбетәліге» «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» «Бөрілі менің байрағым» «Ту алып жауға шапсаң сен» «Өтеген батыр» «Саурық батыр» «Сұраншы батыр» «Жабай батыр» «Қарасай батыр»
Бата берген Сүйінбай, Жырдың тіккен туындай. . . Ақындардың ақыны, Айдын көлдей ақылы. . . Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай. . . О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған, Бақытты өмірлі боп жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінә маған. Соңынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен балың тамсын сорғалаған, Жапаға риза болсын айта барғын, Осымен өкпелемей жүрсін маған.
• Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. . . Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр, Жүрер жолдан тал түсте адасыпай. . . Жалған сөзбен бықсытар ел арасын, Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
• Сүйінбай он жасында қалды жетім, Жылаумен секпіл басқан екі бетін. Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен, Алланың көрмеймісің құдыретін
“Кім білгір? ” • 1. «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп бағалаған жазушы. 2. Сүйінбайдың ең алғашқы өлеңі қалай аталады? 3. Сүйінбай неше жасында елге ақын ретінде танылды? 4. Сүйінбай ең алғаш рет немен айтысқа түсті? 5. Сүйінбай шығармашылығында қомақты орын алатын қандай өлеңдер?
Сүйінбай Аронұлының әдебиескерткіш мұражайы
1993.pptx