Жумабаева 88888.pptx
- Количество слайдов: 11
сөж Такырыбы Ферментті катализ және биологиялык манызы Орындаган Жумабаева Ж Тексерген Алдибекова Г
МАЗМҰНЫ Кіріспе Фермент туралы түсінік ферменттердін практикалық маңызы Биологиялык манызы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ферменттер. Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепетендікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады.
Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер катыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз құбылыстарға душар етеді.
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі болса да, оның табиғи қасиеті соңғы жылдары ғана анықтала бастады. Әдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализаторлар деп атайтыны белгілі. Ал ферменттер — өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат.
Мұның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзада сіңуі мүмкін емес. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей ат салысады. Фермент (латынның тілінде fermentum — ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде —епаут, еп — ішкі, zyrne — ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Ферментгерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Тірі клеткада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әртүрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Мұндай реакциялар клеткадан тыс жерде (in vitro) ете қиындықпен және мейлінше баяу жүреді. Ол үшін қатан, шарттар (жоғары температура, күшті қышқылдар, сілтілер және т. б. ) қажет. Тірі клеткада бұл реакциялардың жүрісін ферменттер тездетеді. Мәселен, асқорыту жолында крахмал моносахаридтерге, белок амин қышқылдарына ыдырайды және т. б. Бұл химиялық реакциялардың жылдамдығы тірі клеткалардан тысқары жердегіден миллиондаған есе артық.
Ферменттердің практикалық маңызы Организмде тіршілік процестерінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайсыз өзгеріс әртүрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе биологиялық сұйықтықтағы (мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің активтілігін анықтау арқылы әртүрлі мүшелерде және ұлпаларда болып жатқан өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның диагностикасын бақылау үшін қажет
Жүрек ауруға шалдыққан кезде, әдетте, қан плазмасында креатинкиназа, лактатдегидрогеназа және аспартатаминотрансфераза сияқты ферменттердің активтілігі артады. Аминотрансферазалар (әсіресе аланиндік түрі) бауырдың зақымдалуына (мысалы, сары ауру кезінде) әсіресе сезімтал келеді. Қан құрамында ұйқы безі амилазасының көбеюі ұйқы безінің ауруға ұшырағанын білдіреді. Панкреатиттің ауыр түрі басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде амилаза активтілігі қанда тез артады, ал бір тәуліктен кейін, қалыпты көрсеткішімен салыстырғанда, 5 -10 есе көбейгені байқалады. Былғары өндірісінде протеолиттік ферменттер тері өңдеу үшін және былғары шикізатын жұмсарту үшін қолданылады.
Биологиялык катализдин тимдилиги ферменттин асеринен тимдилиги оте жогары Ферменттин бир молекуласы 1 минутта субстраттын 10 -10 малекуласын озгериске ушырата алады Ферменттер химиялык реакцияларды тездетеди , брак реакция барысында ферменттердин шыгыны болмайды , ягни олар озгериске ушырамайды. Әр химиялык реакцияда тепе-тендик жагдайы болуы мумкин , Бул жагдайда тура жане кери реакциялардын жылдамдыгы тен болатын ферменттер реакциянын жылдамдыгын тездетеди , брак реакция тепе-тендиги озгермейди.
Қолданылған әдебиеттер тізімі “ Химия ”Т. С. Сейтембетова. Алматы 1994 ж Физикалық және коолидтық химия Д. Ә. Әмірқожаева. Алматы 2006 ж Ғаламтор желісі
Жумабаева 88888.pptx