Ахметова Айгерим КДС.pptx
- Количество слайдов: 32
СӨЖ Тақырып: Халықтың табиғи қозғалысын талдау ҚАБЫЛДАҒАН: ТАБЫЛДИЕВА А ОРЫНДАҒАН: АХМЕТОВА А ТОБЫ: ЖМ-215
Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: 1. Демография және оның мақсаты мен міндеттері 2. Халық саны және динамикалық өсу қарқыны 3. Халықтың көші-қоны (миграция) III. Қорытынды Халықтың табиғи қозғалысын талдау IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттейді.
Демография мақсаты мен міндеттері Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс. , белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамыпжетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады.
Халық саны және динамикалық өсу қарқыны Бүгінде Қазақстан құрамында 14 облыс, республикалық бағыныстағы 2 қала (Астана мен Алматы), 160 аудан, 85 қала, 176 қала үлгісіндегі кент бар. Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық. Қазақстан – дүние жүзіндегі ең халқы аз мемлекеттердің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген – 1959 ж, 1970 ж, 1979 ж, 1989 ж, 1999 жылдары. Қазақстан халқы территориясы жағынан әлемде 9 орынды, ТМД–да 2 -ші орынды, халқы жағынан 4 -ші орынды алады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған себеп - эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 -жылдардан бастап біз жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық. Қазақстан Республикасының халқының саны 15776'492 адам. Қазақстан тұрғындары бірқалыпты орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы бір шаршы километрге 5, 5 адамнан келеді, Оңтүстік Қазақстанда көрсеткіш жоғары – бір шаршы километрге 17 адамнан келеді; төмен көрсеткіш Маңғыстау, Атырау облыстарында - бір шаршы километрге 2 адамнан келеді.
Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті. Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.
Халықтың көші-қоны (миграция) Табиғи қозғалыс – туымпаздылық және өлім-жітім нәтижесіндегі халық санын өлшеуі, тіркеледі. Бұл – АХАТ бөлімдері тіркейтін туу, өлім, некелесу және ажырасу фактілерін есепке алу. Туу туралы ақпаратты ата-аналар, туған-туысқандар, мекемелер өкілдері, өлім туралы – туған-туысқандар, мекемелер өкілдері, некелесу және ажырасу туралы – қатысушылар өздері береді. Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны), туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%оден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %оден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.
Халықтың көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде: 1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар); 2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы; 3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. патріа - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. цалдо - қалдық) деп атайды. Он, белгілі сальдо - халықтың есімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т. б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады
Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көшіқон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көшіқон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937 -44 жылдар аралығында Қазақстанға кәрістер, поляктар, немістер, чечендер, ингуштар, балкарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші -қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар. Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3, 5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 9/10 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Монғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда. Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда. Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көшіқонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.
Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар: 1) ауыл халқының қалаға көшуі; 2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу. «Қаладан - ауылға» , «ауылдан - ауылға» ағымдарының мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған. Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру: 1) репатрианттар - қандастар; 2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары; 3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру. Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған.
Қорытынды Табиғи қозғалыс – туымпаздылық және өлімжітім нәтижесіндегі халық санын өлшеуі, тіркеледі. Бұл – АХАТ бөлімдері тіркейтін туу, өлім, некелесу және ажырасу фактілерін есепке алу. Туу туралы ақпаратты ата-аналар, туғантуысқандар, мекемелер өкілдері, өлім туралы – туған-туысқандар, мекемелер өкілдері, некелесу және ажырасу туралы – қатысушылар өздері береді.
Халықтың ұдайы өндірісін бөлшектеп сипаттау үшін жеке коэффиценттер қолданылады, оның ішінде фертильділік көрсеткіші. Ол туғандар санының 15 -45 жас әйелдердін орта санына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш туу туралы нақты көрініс береді, себебі туылғандар саны халықтың бәрінен емес, тек ұдайы өндіріс процесіне қатысы бар белгілі бір континентпен салыстырылады. Өлу коэффиценті бір жылда өлгендер санының (M) халықтың орташа жылдық санына бөлеміз.
0 -ден 15 жасқа дейін- жұмысқа дейінгі жас 16 -дан 58 -ге дейін әйел, 63 -тен ерлер-еңбекке жарамды жас 58 -ден дейін әйел, 63 -тен ерлер жоғарыжұмыстан кейінгі жас Әлемдік тәжірибеде жоғарғы шекара 65 жасқа дейін жетеді , берілген топтастыру арқылы халықтың жеке жастық қатынасын сипаттайтын қатысты көрсеткіштерді анықтауға болады. Еңбекке жарамды халық саны=Еңбекке дейінгі халық саны/Еңбек істейтін халық саны *100 Зейнеткерлер =Зейнет. жастағы. халық/Еңбекке жарамды халық*100
Пайдаланылған әдебиеттер 1) Бигалиев Р. , Исмайлов Ш. , “Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару” 2001 ж 2) Аканов А. А. , Девятко В. Н. , Кульжанов М. К. , “Общественная здравоохранения” 2001 г 3) www. wikipedia. com 1 М. Тәтімов «Дербестігіміз демографияда» / М. Тәтімов, Ж. Әлиев – Алматы: «Жеті жарғы» , 1999. -113 б. 2 Алексеенко А. Н. Фронтьерские миграции / Website http // www. uno. org. 3 Ә. Ғали «Этнодемография және саясат сыры» / Ә. Ғали, Д. Ғали. - Астана: 2003. – 94 -100 б. , 111 б. 4 Тәтімов М. Б. Грозит ли Казахстану демографический кризис? / М. Б. Татимов // Евразия. -2002. - № 2. – 22 -30 б. 5 Б. Р. Найманбаев. Қазақстандағы 1970 -1999 жж. аралығындағы көші- қон процестерінің тарихы: Автореф. дис. тарих ғыл. канд. / Б. Р. Найманбаев. -Алматы, 2004. - 19 б. 6 М. Б. Тәтімов Динамика численности Казахского народа / М. Б. Тәтімов // (этнодемографический обзор) // Столичное обозрение. -1999. - 25 шілде – 4 -5 б. 7 Концепция миграционной политики Республики Казахстан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысы. – Алматы. – 2000. -132 бет 8 И. Ю. Макеев Миграция русскоязычного населения из Казахстана / И. Ю. Макеев // 1999. - № 11. -16 -24 беттер 9 А. И. Құдайбергенов Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер. / А. И. Құдайбергенов. - Алматы: 2000. -117 б. 10 Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы. – Алматы: Ата-Мұра – Қазақстан, 1993. -3 -5 б.
Ахметова Айгерим КДС.pptx