
s_1257_zh_Aida_K_1257_mey (1).pptx
- Количество слайдов: 22
сөж тақырыбы: көмей ағзасының құрылымы мен топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері және олардың көмей патологиясындағы маңызы Факультет: Жалпы медицина Курс: 4 Тобы: 403 «А» Орындаған: Умирбекова Л. Тексерген: оқытушы доцент Есеналиева Р. Н Алматы-2014 ж
Жоспар: Көмейдің топографиясы Көмейдің құрылысы Көмей қуыстығы Көмей анатомиясының ерекшеліктері жасқа байланысты
Көмей (larynx) — тыныс алу түтікшесінің кеңейген алдыңғы бөлігі болып саналады. Жоғарғы бөлігі жұтқыншаққа, төменгі бөлігі кеңірдекке ашылып жалғасады. Ол мойынның алдыңғы жағындағы қуыс ағза, тіласты сүйегі мен кеңірдектің бірінші жарты сақинасы арасында орналасқан. Көмей қызметі: Тыныс алу Фонация Қорғаныс
Көмейдің қабырғалары: шеміршектерден, дауыстық байламдардан, бұлшық еттерден тұрады. Көмей шеміршектері: тақ және жұп шеміршектерден, сыртқы пішіні әртүрлі, құрылысы бойынша гиалинді және эластикалық шеміршектерден тұрады. Бұл шеміршектердің негізгі қызметі – көмей скелетін құру.
Тақ шеміршектер: 1. қалқанша шеміршек басқа шеміршектердің сыртқы бетін қап тәрізді қоршап орналасады. Қалқанша шеміршектің сыртқы пішіні S әріпіне ұқсап орналасқан жоғарғы қырымен горизонтальды бағытта орналасқан төменгі, вертикальды бағытта орналасқан артқы және алдыңғы қыры ажыратылады.
Қалқанша шеміршектің оң және сол жақтық табақшасының алдыңғы қырының маңында, ерлерде айқын байқалатын шығыңқысы және тереңдеу келген жоғарғы және төменгі тілігі орналасқан. 2. Көмейдің жүзік тәрізді шеміршегі сыртқы пішіні жүзікке ұқсаған. Шеміршектің алға қарап орналасқан доғасы және артында төртбұрыш тәрізденіп орналасқан табақшасы болады.
Табақшасының ойыс және тегістеу келген ішкі беті және көмейдің бұлшық еттері бекитін сыртқы беті ажыратылады. Жүзік тәрізді шеміршек табақшасының жоғарғы жиегінде ожау тәрізді шеміршекпен беттесіп буын құрайтын жүзіктік буын беті орналасса, ал төменде бұл табақшаның бүйір бетінде қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізімен беттесіп буын құрайтын қалқанша шеміршектік буын беті орналасқан.
Көмейдің жұп шеміршектері: 1. ожау тәрізді шеміршектің сыртқы пішіні ожауға ұқсайды. Оның жоғары және медиальды бағытта орналасқан ұшы бар. Жалпақтау келіп жүзік тәрізді шеміршекпен беттесіп, буын құрайтын табаны немесе негізі болады. Алдыңғы латеральды беті мен ойыстау келген артқы беті және медиальды беті ажыратылады.
2. Көмейдің мүйіз тәрізді шеміршегі ожау тәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршектен тұрады. 3. Сына тәрізді шеміршек көмейдің ожау-көмей қақпағы қатпарының ортаңғы бөлігінің терең қабатында орналасып, сына тәрізді төмпешікті құраушы жұп эластикалық шеміршек.
Көмей шеміршектері бір-бірімен буындар мен байламдар арқылы байланысқан. 1. қалқанша шеміршек тіласты сүйегімен жоғарыда: А) алдында қалқанша шеміршегінің жоғарғы тілігі тіласты сүйегінің денесі мен ортаңғы қалқаншатіласты байламымен; Ә) қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізі тіласты сүйегінің үлкен мүйізімен, латеральды қалқаншатіласты байламымен;
Б) қалқанша шеміршегінің бүйір қапталы тіласты сүйегімен қалқанша-тіласты жарғағымен байланысқан; Көмей қақпағының алдыңғы беті тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпағы байламы арқылы байланысса, қалқанша шеміршек пен қалқанша-көмей қақпағы байламы арқылы байланысқан.
Көмейдің бұлшықеттері Көмей бұлшықеттері атқаратын қызметіне байланысты: - дауыстық саңылауды кеңейтетін немесе тарылтатын - дауыстық байламды бірде керіп бірде босатып дауыстық байламды тербелтуші бұлшықеттерге бөлінеді
Көмейдің дауыстық саңылауын кеңейтетін бұлшықетке тек артқы ожау бұлшықеті жатады. Қызметі: ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісін вертикальды білік бойынша ішке бұрып, дауыстық саңылауды кеңейту.
Көмейдің дауыстық саңылауын тарылтушы бұлшықеттерге: жүзік-ожау латеральды бұлшықеті жүзік тәрізді шеміршек доғасының жоғарғы жиегінен басталып, жоғары және артқа қарай бағытталып, ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: жүзік-ожау буынын вертикальды білік бойынша сыртқа бұрып, дауыстық саңылауды тарылту.
Ожау аралық көлденең бұлшықеті ожау тәрізді шеміршектің аралығында көлденең бағытта орналасқан. Қызметі: ожау тәрізді шеміршектің аралығын жақындатып, дауыс аралық саңылауды тарылту.
Көмей қуыстығы көмейдің кіреберіс тесігінен кеңірдекке дейінгі аралықта құм сағатқа ұқсап орналасқан ағза. Көмей қуыстығы топографиялық орналасуына қарай: - көмей қуысының кіреберіс тесігінен - көмей қуысының кіреберіс бөлігінен - көмей қарыншасынан - көмейдің дауысастылық қуыстығынан тұрады
Көмейдің жасқа байланысты ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестелердің кең воронка тәрізді болады, II-IV мойын омыртқаларының аралығында орналасады. Қалқанша шеміршек пластинкалары қосылған жерде көмей шодыры болмайды. Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балаларда көмей үстілік шеміршек тіл түбінен біраз жоғары орналасады. Сондықтан сұйық тамақты жұтқан кезде, көмей үстілік шеміршектің латеральды, яғни жұтқыншақтың көмейлік алмұрт тәрізді қалтасынан өтеді. Бала бір уақытта жұтып және дем алады.
Балаларда көмей шодыры болмайды. Ол жыныстық жетілу кезінде пайда болады. Балаларда қалқанша шеміршекте терең ойық болады. Сақина тәрізді шеміршек ұзын пластинкамен қосылған, сондықтан жаңа туған нәрестерлерде көмей ересектерге қарағанда кең болады. Ал дауыс саңылауы жоғары орналасады, кіреберісі қысқа болады. Дауыс саңылауы 6 -6, 5 мм. Балаларда 3 жасқа дейін дауыс саңылауы тез өседі, ұзаруы жыныстық жетілу кезінде болады.
Көмей бала 4 -5 жаста болғанда тез өседі. 6 жастан кейін азаяды. Бірақ ұл балаларда жыныстық жетілу барысында тез өсіп, көлемі үлкейеді. Осы кезде дауыс өзгереді. Көмейдің өсуі мен функциясы жыныс бездерінің функциясына байланысты. Ер адамдарда көмей 25 жасқа дейін өссе, әйел адамдарда 22 -23 жасқа дейін. Өсуіне байланысты көмей төмен түседі және оның жоғарғы бөлігі мен тіл асты сүйегінің арасы үлкейеді. 7 жаста көмейдің төменгі бөлігі VI мойын омыртқаның жоғарығы жиегінде болады. 17 -20 жаста көмей ересек адамның көмейінің деңгейіне жетеді.
Қарт адамдарда жас адамға қарағанда көмей төмен орналасады. Ал әйел адамда ер адамға қарағанда жоғары орналасады. Жаңа туған нәреседе көмей шеміршектері жұқа болып келеді, уақыт өте ол өзінің эластикалық қасиетін сақтап жуандайды.
Пайдаланған әдебиетер: Жұмабаев Ү. Ж. Ішкі ағзалар мен эндокрин жүйесінің функционалды анатомиясы. Алматы: білім, 2010 ж. Интернет желісі
s_1257_zh_Aida_K_1257_mey (1).pptx