
Tolepova_A.ppt
- Количество слайдов: 53
СӨЖ Тақырыбы: Ибн Сина ілімі Орындаған: Ерменбаева. 501 -топ Емдеу ісі Тексерген: Нұрмаханова Н. Ж Қарағанды 2010 ж
Алғашқы қолжазба кітаптарының пайда болуы. Ең алғашқыда оқ дәрі пайдаланады. Атақты дамаск болаты, одан жасалған қару жарақ тез таралған. Аса зор дамыған ғылыми саланың біреуі – химия. Шығыс ғалымдары алғашқы рет спирт, хлорлы сынап, азот және тұз қышқылын шығарған, “алкоголь” деп аталу осы шығыс едерінен тараған.
Сол дәуірдің белгілі фәлсафа химия маманы және атақты дәрігерлерінің бірі болған, шығу тегі өзбектен. Европа елдерінде Разес деген атпен белгілі болған. Ол Бағдат ауруханасының негізін қалаған және соның жанынан медицина мектебін ашқан. Медицина саласында 200 жуық еңбек қалдырған. Соның ішінде “Медицинаны жалпылай қамтитын” -25 томдық араб әдебиетіндегі алғашқы энциклопедиялық еңбегі жатады. Бұл шығарманың ерекшелігі ретінде ғалымның әрбір ауруды гректердің, сирийлықтардың, үнділіктердің, фарсылардың, арабтардың көзқарасымен сипаттауы және емдеу әдістерімен салыстыруы.
Тағыда Әл-Разидің энциклопедиялық еңбегінің бірі 10 томдық “Медициналық кітаб” атты шығармасы. Мұнда ғалым өзінің заманына белгілі медицина теориясының негіздерін келтіреді де жалпы бұзылыстардың, шөппен емдеудің, оташылдықтың, уланудың және жұқпалы аурулармен сырқаттанудың түсініктемесін келтіреді. Сонымен қатар Әл-Рази арнайы хирургиялық жабдықтар енгізген, жараны емдеуде, байлауда мақтаны қолданған. Оның негізгі ғылыми еңбегі “Шешек ауруы мен қызылша” туралы. Ол өзінің ауруларды бақылау нәтижесінде бұл екі түрлі ауру екендігін дәлелдеп, олардың алғашқы рет айырмашылығын айқындайды.
Әл-Разидің шәкірті белгілі ғалым, өзінің ғылыми еңбегінде көне Грекия мен Римнің медицинасының жетістіктерін жинақтаумен қатар, кейінгі кезеңдегі дәрігерлердің және өзінің клиникалық тұжырымдарын келтіреді. Сонымен қатар ол сол заманда қолданбаған жаңа ұғымдарды ұсынады: Науқастарды емдегенде аурулар түрлерінің бұрыннан жазылған сипаттамаларын тексеру керек, себебі олардың барлығы нақты емес. Күнделікті жаңа дәрілер, емдеу әдістері ашылуда, олар туралы көне замандағы ғалымдардың түсінігі де болмаған. Жаңа дәрілердің әсерін жануарларға беріп тексеру.
Мысырлық дәрігер, Еуропада Альхазен деген атпен белгілі болған көздің құрылымын зерттеп, олардың бөлшектеріне атаулар берген және көздің қарашығын хрусталь мен әйнектен жасауға болатындығын айтқан. Ал қарттарға көзәйнек ретінде линзаларды пайдалануды ұсынған. Ғалымның “Оптика туралы трактаты” бүкіл Шығыс елдеріне және Батыс Еуропаға тараған және оның атын шығарған.
Ғалым, пәлсапашы, астроном. Еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980 -1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді» . Хусейн 5 жасқа келгенде, сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектепмактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды.
үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім» . Өзінің
Жас Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми хат жазысып тұрды. Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. 900 -ші жылы мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті… 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді
Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер дегенде құтылып шығады. Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды. Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы дәрігері болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды.
«Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. Бірінші кітапта медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде мүшенің «қарапайымдылығы» қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді, шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың бөлінуінде жүргізіледі. Екінші кітап – дәрілік қаржылардың капиталды жинақ мәліметі туралы. Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды пайда болғандардың емдік құрамын және пайдалану әдісімен көрсетеді.
Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан, Грециядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды. Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады. Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр. Үшінші кітабындағы адам органындағы жеке аурулар, төртінші бөлімі хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге арналған, безгек туралы жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен қоса жұқпалы ауруларды емдеу жолын жазды. Бесінші кітап күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы туралы жазылды, сонымен қатар у және уға қарсы дәрілерді. Кейбір күрделі дәрі-дәрмектердің құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке дейін кіреді. Көптеген дәрілер ертедегі дәрігердің, Еуропалық және Азиялық, нұсқаларымен берілген. Қалғаны жаңадан дайындалып, оны өзі байқап көрген.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін йелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді. Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде» . Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды.
Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады.
15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды. Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы ерекше тұлға болып қалады. Ибн Синаны нағыз бағалаушылар “Ғалымдар ұстазы”, “медицина князі” деп атады.
Ауа райының, тұрған мекеннің, жыл мерзімінің зиянды әсері; Тұрмыстық жағдайдың, тамақтану тәртібінің, тазалығының әсері; Еңбек жағдайының әсері; Әр адамның ауруға бейімділігі, дене құрылымы; Күйзеліс, ренжу, уайымдау т. б әсері;
Дәрігер емдеуге дәріні таңдағанда нақты осы дәрі керек екендігіне өзінің сенімі күшті болуы; Науқастың жағдайын ескеруі; Дәрінің сапасының жоғары болуы; Дәріні пайдалану әдісін (ішу, жағу т. б) білу; Дәрінің емдік мөлшерін анықтау.
Хирургия саласында Ибн Сина өңешті тесу, сыртқы ісіктерді алып тастау операцияларын бұрынғыдан гөрі жетілдірді және иық буыны шыққанда оны орнына келтіру жаңа әдістерін ұсынды. Жаңа дәрілердің ішінде сынап пен висмутті қолдануды, олардың емдік мөлшерлерін зерттеді. Қытай халық медицинасында жиі қолданатын камфора т. б дәрілерді кеңінен пайдаланды. Көне дәуірде Книд аралында қолданған балшықпен емдеу әдістерін қайтадан жандандырды.
ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек. Әдебиетпен
Абу Насыр ибн Мухамед Тархан ибн Узлаг Аль-Фараби 870 жылы Отрар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған. Абу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Аль Фараби парсы, грек тілдерін үйеренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Кәмелеттік жасқа толған соң ол, оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Осы мақсатпен Шаш (Ташкент), Самаркантта, Исфаханда, , Хамадан және тағы басқа көптеген қалаларда болады. Сол замандағы ғылым мен мәдениеттің дамғын орталықтарының бірі Халифат астанасы багдарт қаласында ұзағырақ болады. Осы жерде өз білімін толык жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай діниғалымдардың көре алмаушылығын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Аль Фараби Багадатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскіде өткізді
Аль-Фараби энциклопедисть ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді. Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) жіне практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты. Аристотель оқуыларын дамыта және жалғастыра отырып Аль Фараби көзі тірісінде ақ “Екінші ұстаз” (Аристотелден кейінгі) деген атақ алады. Арабияның орта ғасырдағы ғылымы осы Аль Фарабидің еңбектері негізінде қалыптасады және оның ықпалымен Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Хаям, Роджер Бекон, Леонардо да Винчи және көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасқан.
Араб тілдес Шығыс елдерінде медициналық істің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы гигиена мен аурулардан сақтану әдістерімен тығыз байланысты. Себебі дәрігерлердің ғылыми – практикалық ізденістері адам денсаулығын сақтау жолдарын табуға бағытталған. Осының нәтижесінде гигиеналық шаралардың ұтымды түрлері табылған. Тазалық сақтау тәртіптерінің көбі “Құранда” бекітілген: бес рет жуыну, дене тазалығын сақтау, арақ – шарап ішпеу, қоғамда жанұяда тәртіп сақтау, бес уақыт намаз оқу және т. б. Сонымен Шығыс халықтарының медицинасы классикалық орта ғасырлар кезеңінде өте зор дамып, жоғары деңгейге жеткен және Еуропа мен Азия мемлекеттерінде медицина ғылымының дамуына үлес қосқан.
1. Негізгі әдебиеттер тізімі 1. Кішібеков С. , Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000. 2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002. 3. Ғабитов Т. Х. , Құлсариева А. Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002. 4. Нысанбаев Ә. , Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994. 5. Алтай Ж. , Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999. 6. Ақназаров Х. З. Фиолософия тарихынан дәріскер курсы. – Алматы, 1992. 7. Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992. 8. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
Tolepova_A.ppt