Meditsinaly_1179_etika.pptx
- Количество слайдов: 17
СӨЖ Медициналық технологиялар мен этикалық мәселелер
І. Медициналық этика(аспектілері, қызметі) ІІ 1)Медициналық технологияға жалпы түсініктеме 2)Қазіргі Қазақстандағы жаңа технологиялар ІІІ. Қорытынды
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады. n Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді: • ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; • практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: n медициналық қызметкер – емделуші, медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, медициналық қызметкер – медициналық қызметкер. Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Медициналық технология аурудың алдын алу, диагностика жасау, емдеу және сауықтыру мақсатында, сонымен қатар санитарлық гигиеналық және індетке қарсы шараларды орындау, дәріханаларда дәрілер дайындау барысында пайдаланылатын техникалық заттардың жиынтығы. n
Медициналық техниканың дамуына ықпал ететін жағдайлар: n ғылыми техникалық ілгерлік; әлеуметтік экономиялық өзгеріс; медицина мен денсаулық сақтауда жаңа түсініктердің пайда болуы. Электронды есептеу техникасының, кибернетика және информатиканың дамуына байланысты организмнің жағдайын өңдеп және анализ жасап, ақпарат бере алатын микропроцессорлар орнатылған техникалық заттар және жекелеген дене мүшелерінің қызметін атқаратын құрылғылар пайда болды.
n Медициналық техниканың топтары Медицина салалары бойынша дамыған медициналық техникалық құрылғылар: n интроскопия құрылғылары мен құралдары (Рентгендік, эндоскопия); жүрек қағысын тексеру құрылғысы; мидағы биоэлектрлі құбылысты зерттеу құрылғысы; бұлшық ет жағдайын тексеру құрылғысы; асқазан қызметін тексеру құрылғысы; тыныс алу жүйелеріне арналған құрылғы; жарықпен емдеу құрылғылары; сумен емдеу құрылғылары;
хирургиялық құрылғылар; ультрадыбыстық диагностикалық құралдар; зертханалық диагностикаға арналған құралдар (автоанализаторлар, микроскоп); аса тиімді терапиялық құрылғылар электірілі ынталандырғыш; ультрадыбыстық және механикаландырылған терапиялық техника; гемосорция және гемоперфузия техникалары; стоматологиялық жабдықтар; телевизиялық құрылғылар (монитор, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен т. б. );
Қазақстанда отандық медициналық ғылымының тиімді моделі құрылуда және ең алдымен, медициналық ғылымның тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесімен өзара байланысы күшейтілуде. n Еліміздің өңірлерінде жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілуде: заманауи 400 медициналық жобаның 123 і бүгінде облыстарда іске асырылуда. n Бүгінде «Са ла матты Қазақ стан 2015» мемлекеттік бағ дар ламасы жү зеге сы рылуда. Денсаулық ақтау жүйесі са палы амып келеді. Елде а с д озық ем деу диагностика лық ке шендер, е дицинаның егізгі бағыт тары, м н оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ рылды, көліктік ме дицина дамы тылуда. Бізде ме дициналық пой ыз дар, автокөлік, медициналық авиация пайдала ны лады» , деп атап көрсетті Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында.
Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру сомасы 2007 жылдан бері 2, 5 есеге ұлғайып отыр (2007 жылы 910 млн. теңге болса, 2012 жылы 2 243, 6 млн. теңге). Осының арқасында жоғары технологиялар енгізілуде, диагностиканың заманауи әдістері қолданылуда. Ғылыми зерттеу институттары мен республикалық емханаларда сынақтан өткен жаңа технологиялар бүгінде еліміздің өңірлерінде нәтижелі қолданылуда: заманауи 400 медициналық жобаның 123 і облыстарда жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, науқастардың жоғары білікті медициналық көмекке деген қолжетімділігі артуда. Қазақстанда 2012 жылы 24 ғылыми техникалық бағдарлама іске асырылады. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді медициналық білім берумен және ғылыммен айналысатын 32 ұйым іске асыруда.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында медициналық ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары көрсетіліп отыр. Олар экология және денсаулық, халықтың өмір жасын ұзарту, регенеративті медицина (клеткалар технологиясы, жасанды ағзалар) балалардың денсаулығын және ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулықтарын қорғау технологиялары, аурулар мен жарақаттардың салдарынан орын алатын өлім жітімнің және еңбекке жарамдылыққа ұшырау оқиғаларының алдын алу, инфекциялық, әлеуметтік маңыздағы аурулардың салмағын азайту және оларды болдырмау технологиялары сияқты мәселеле. n Бүгінде еліміздің медицина саласының қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне жаңа жобаларды нәтижелі енгізіп жатыр. Мысалы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау отасы жасалды. Бұл Қазақстан үшін бірегей операция.
Қазақстандық жағдай үшін негізгі мотивацияның факті, бұл әзірге біздің республикамыздағы радиология саласында қажетті мамандардың тапшылығы. Осындай кезде, онкологиялық диспансерге кеңесу үшін күн сайын жүздеген адамдардан мыңдаған адамдарға дейін алыс жерлерден тек ауыр науқастығымен ғана емес, жол мен уақытқа деген мол шығындардан да қиналып келеді. Бүгінгі күнде басқа профильді дәрігерлерге радиологиялық түсірілімдерімен қаралу едәуір көп, және дәрігерлердің кәсіби дәрежелері, әсіресе, өңірлерде түзету жұмыстарын қажетсінеді, демек, дұрыс және нақты диагностика үшін тар шеңберде мамандандырылған мамандарға кеңес беру қажет. Сондықтан да, кейде күрделі жағдайларды талдау үшін шұғыл түрде консилиум сарапшысын шақырту қажеттілігі туындайды.
Қорытындылай келе, толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
1. К. У. Биекенов, С. К. Биекенова, Г. А. Кенжакимова «Әлеуметтану» 2. Google. kz 3. kk. wikipedia. org 3.
Meditsinaly_1179_etika.pptx