Курманбаева Жанна.pptx
- Количество слайдов: 15
СӨЖ Кәрілік кезең психикалық аурулары Орындаған: Курманбаева Ж. С. ЖМ 513 -02 Тексерген: Жусупова Э. Т. Алматы, 2016 ж.
Жоспар: 1. Кіріспе. 2. Инволюциялық меленхолия және параноид. 3. Сенильді психоз. 4. Емдеу принциптері және психорофилактика. 5. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе Ағзаның қартаюы оның барлық - биологиялық және психикалық функцияларының өзгерістерімен бірге жүреді. Бірақ бұл өзгерістердің сипаты және пайда болу уақыты әрбір жеке адамда ерекше болып келеді және тербелмелі: жасқа байланысты психикалық өзгерістер ағза қартаюының соматикалық көріністерімен сәйкес келе бермейді. Қартаюшы адамдардың соматикалық көріністерінің өзі міндетті түрде өзгеріске ұшырамайды. Ағзаның бір жүйесінде жасқа байланысты өзгерістер мүлдем байқалмаса, ал басқа бір жүйесінде айқын көрінеді. Мысалы, жасқа байланысты тірек – қимыл аппаратының өзгерістері айқын байқалса, қантамыр жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер әлсіз көрініс береді немесе мүлдем болмайды. Бірақ жасқа байланысты өзгерістер жиі ағзаның барлық функциональды жүйелерінде белгілі бір арақатынаста бірлескен түрде байқалады.
Эмоциональды көріністер жасқа байланысты түрлерін өзгертеді. Эмоциональды тұрақсыздық, үрей дамиды. Жағымсыз күйзелістерге ұзақ фиксациялануға бейімділік, көңіл – күйдің үрейлі – депрессивті сипаты пайда болады. Психиканың жасқа байланысты өзгерістерінің пайда болу мерзімі салыстырмалы түрде индивидуальды болып келеді. Жеке адам өмірінің жасқа байланысты өзгерістер пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады. Оның бірі - жасқа байланысты болса, ал екіншісі - ағзаның гармональды – физиологиялық өзгерісінің (климакс) басталуына сәйкес келеді. Инволюциямен байланысты психикалық өзгерістер 50 – 60 жастан басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалық бұзылыстар шекаралық психикалық бұзылыстар және психоздар түрінде көрінеді. Егде жастағы адамдарда психикалық бұзылыстар жиілігі өте жоғары. 65 жастан жоғары адамдарда әртүрлі дәрежедегі психикалық бұзылыстар 30 – 35 % құрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3– 5%. Психикалық бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді. Қабылданған жіктеу бойынша олар кәрілік алды немесе инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бөлінеді. Кәрілік алды психоздарына инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид жатады.
Сенильді психоз Ақыл кемістігі күшейген кездегі көрінетін психозбен білінеді. Атрофиялық процесстер мида басым болады. Бұл кезде самайда төбеде ми мөлшері кішірейіп, нерв клеткалары өле бастайды. Сенильді ақыл кемістігі –бұл жасқа байланысты қалыпты өзгерістер өмірінің табиғи сақталуы емес , патологияның болуы. 70 -75 жаста, жиі әйелдерде дамиды. Ауру адам сараң, ұрысқақ, ұсақ-түйекшіл болады. Естің төмендеуінің әсерінен амнезиялық шатасу болады. Ауру адам қайда екенін білмей, айналасындағылар мен жақындарын танымайды. Психикалық қызметтің ыдырауы, күшейген кезде амнезиялық афазия болып, айналадағы заттарды танымайды, есік орнына шкафқа кіреді. Ақыл кеміс/ң делириозды түрі-сананың бұзылуы тәрізді болады. Ақыл кеміс/ң конфабуляторлы түрі-атеросклероз ауруы қосылып, асқынғанда дамиды. Көтеріңкі күй Жайбарақаттық Тез қимыл Тынымсыз әбіргершілік
Инволюциялық меланхолия – жиі кездесетін психоз түріне жатады. Кәрілік алды кезеңіндегі адамдарда жиі кездесетін психоз түріне жатады. Бұл аурудың басты психопатологиялық көрінісі үреймен жүретін депрессия жағдайы болып табылады. Аурудың пайда болуына психогенді зияндылықтар, өмір сүру стереотипінің өзгеруі жиі себепші болады. Науқастар жабырқаулы күйде болады, үрейшіл. Депрессивті және үрейлі көріністер айқындылығы әртүрлі дәрежеде болады: жеңіл психопатологиялық көріністерден айқын үрей және ажитациямен жүретін ауыр депрессия күйіне дейін. Қимылдық қозу жағдайында науқастар өздерін қоярға жер таппай ауыр жан күйзелісін білдіретін күрсінген дауыстар шығарады, суицидальды әрекеттер жасауға бейім болып келеді. Сондықтан олар арнайы, қатаң бақылауды қажет етеді. Науқастарда үрейлі депрессия тежелумен қатар жүретін жағдайлар да бақыланады. Мұндай қимылдық тежелу ступор сипатын алуы мүмкін. Кататониялық ступордан айырмашылығы бұл меланхолиялық ступор деп аталады. Меланхолиялық ступордың клиникалық көрінісі кататониялықтан ерекшеленеді. Науқастардың бет-әлпеті қайғы-мұңды бейнелейді, беттерінде іркіліп қалған мұң маскасы болады. Кататониялық ступор кезіндегідей мутизм бақыланбайды. Табанды сауалғанда олардан қандай-да бір дұрыс жауап алуға болады.
Депрессивті-үрейлі симптоматикамен қатар науқастарда сандырақтық идеялар байқалады. Өзін - өзі кінәлау, өзін - өзі кемсіту сандырақтық идеялары аса тән. Науқастар өткен өмірін шолып, өздерінің ойларынша қылмысты болып табылатын жағдайлар мен факттарды іздейді. Науқастар жақын адамының өліміне өздерін кінәлайды. Оларға дұрыс күтім жасамадым, ертерек дәрігерге көрсетпедім деп өздерін жазғырады. Сондықтан науқастар өздерін дәрігер көңіліне, медбикелер күтіміне тұрмайтын адаммын деп есептейді. Жиі науқастар тағам қабылдаудан бас тартады, оған менім құқым жоқ деп айтады. Жиі өзін - өзі кінәлау сандырақтық идеяларына соңына түсу идеялары ұштасып жатады. Науқастар өздерін жасаған қылмыстары үшін ізіне түскендер бар, өздерінің үстінен сот жүретіндігін, осылайша өлім жазасына кесілетіндігін мәлімдейді. Кейде осындай сандырақтық идеялар ипохондриялық сипат алады. Бұл кезде науқастар бауыр немесе бүйрегінің және т. б. қызметінің толық бұзылғандығы жөнінде айтады. Ішкі мүшелерінің шіріп немесе жоқ болып кеткендігін айтып, өзін тірі өлік деп санайды (Катар синдромы). Мұндай ипохондриялық көріністер туыстары мен айналадағы бүкіл тіршіліктің жақындап келе жатқан күйреуі жөніндегі фантастикалық сипаттағы сеніммен бірге жүруі мүмкін.
Инволюциялық параноид Бұл психоз жүйеленген сандырақтың идеялар дамуымен сипатталады. Сандырақтық идеялар, ереже бойынша, үрейлі-жабырқаулы көңіл-күймен бірге жүреді. Науқастар өздері мен жақындарының сәттілігі мен денсаулығы үшін үрейленеді. Сандырақтық идеялар мазмұны қарапайым өмірдегі нақты оқиғаларға қатысты және қияли, фантастикалық сипатта болмайды. Науқастар көршілері немесе басқа да адамдар олар жоқта үйіне кіріп, ыдыс – аяқ, үй жиһаздарын бүлдіретінін, тамаққа улы зат салатынын мәлімдейді. Кейде науқастардың айтқандары шындыққа ұқсап, айналасындағыларын шатастырады. Бір науқас жақындарына, таныстарына өзінің көршісі ол үйде болмағанда кілт таңдап алып үйге кіріп, азық-түлік пен заттарын ұрлайтындығын әңгімелеген. Науқастың туыстары онымен бірге милицияға шағымданған. Бірақ күндердің күнінде, науқас туыстарына көршісінің үйіне түсіп, зиян келтіру мақсатында кілеміне дейін қиқалап кеткендігі жөнінде әңгімелеген, осы жағдайдан кейін туыстары оның ауруға шалдыққанын түсінеді.
Сандырақтық күйзелістермен қатар науқастарда галлюцинаторлы көріністер жиі бақыланады. Галлюцинациялар жиі есту сипатында. Науқастар қабырғаның арғы жағынан шу, аяқ дыбысын, өзін қорқытатын, іс-әрекетін жазғырушы дауыстар естиді. Психопатологиялық көріністерінің жалпы суреттемесіне әртүрлі ипохондриялық сезімдердің қосылуы жиі кездеседі. Науқас денесінің әр бөлігіндегі, жиі жыныс мүшелері аумағындағы жағымсыз сезімдерге шағымданады. Бұл сезімдерді сандырақтық сипатта талқылайды, оларды соңына түсушілер, қастандық жасаушылар тарапынан уландыру немесе басқа да әсерлердің салдарымен байланыстырады.
Инволюциялық параноидтың болжамы инволюциялық меланхолия сияқты аса жайлы емес. Науқаста аффективті бұзылыстар, сандырақтық күйзелістер ұзақ уақыт сақталады. Бұл психопатологиялық көріністердің инерттілігі мен тұрақтылығына бас миы қантамырларының атеросклеротикалық өзгерістері ықпал етеді. Уақыт өте келе науқастардағы депрессивті-үрейлі және сандырақтық көріністер біртекті сипат алады. Науқастар өздерінің шағымдарын, үрейлерін және сандырақтық күйзелістерін біртекті сөздермен баяндайды. Дертті көріністердің айтарлықтай әлсіреуі және өзінің алдағы болған күйзелістеріне деген сын көзқарас қалыптасуы да мүмкін. Бірақ дерттен толық айығу байқалмайды. Науқастарда өздеріне тән тұлғалық өзгерістер байқалады: қызығушылықтар шеңбері тарылады, тұлғалық көріністер монотондылығы, жоғары үрейшілдік пен күмәншілдік.
Кәрілік алды кезең психоздарының клиникалық көрінісінің ерекшеліктеріне байланысты МДП-бен, шизофрениямен, қантамырлық және басқа да психоздармен диферренциальды диагностика жүргізу қажеттілігі пайда болады. Инволюционды меланхолияның үрейлі күйдің бақылануымен, жедел кезеңде және одан кейінгі кезеңде де шизофрениялық тип бойынша тұлға өзгерістерінің болмауымен шизофрения ауруының кеш басталуы жағдайынан, МДП кезіндегі депрессиядан айырмашылығы бар. Органикалық психоздардан, және соның ішінде қантамырлық генезді психоздардан инволюционды меланхолияның инициальды көріністерінде бақытсыздықты күту үрейі, ипохондриялылық бақыланады, клиникалық суретінде бұзылған сана эпизодтары, психоорганикалық тип бойынша тұлғаның айқын өзгерістерінің, бас миының органикалық ауруын нұсқайтын неврологиялық мәліметтердің болмауымен ерекшеленеді. Егде жастағы адамдарда дамуы мүмкін басқа психикалық аурулардағы параноидты синдромнан инволюционды параноидты ажырату үшін жоғарыда аталған диференциальды диагностикалық критерийлерді қолдануға болады. Сонымен қатар инволюционды параноидқа «қарапайым өмірдегі оқиғаларды» бейнелейтін сандырақтық идеялар тән. Бұл аурулар диагностикасында оның егде жастағы адамдарда алғаш рет пайда болу фактының үлкен мәні бар.
Емдеу принципі -Электротырысулық терапия -Галлюцинаторлы-параноидты формасында-инсулинді-шокты терапия қолдану нәтижелі болады -Соңғы кезде психотропты дәрілік заттар қолданылады -Психомоторлы қозу жағдайында –нейролептиктер(седативті ней-р) -Депрессивті күйдің алдын алу үшін-Литий тұздары кеңінен қолданылады -Рациональды психотерапия және әлеуметтік реабилитация маңызының үлкен көмегі бар.
Нейролептикалық препараттар (аминазин, трифтазин, галоперидол) параноидты және галлюцинаторлы-параноидты синдроммен науқастарға қолдануға көрсетілген. Сандырақтық немесе галлюцинаторлы симптоматика депрессиялық құбылыстармен бірге жүрген жағдайда нейролептиктер мен антидепрессанттарды кешенді қолдану терапиялық тиімді нәтиже береді. Науқастардағы психикалық ауытқулар шекаралық бұзылыстармен көрінсе транквилизаторлар қолданылады (сибазон, мезапам, лоразепам, феназепам, нитрозепам және т. б. ). Тұрақты терапиялық тиімді нәтижені сақтау үшiн көптеген айлар, кейде жылдарды құрайтын ұзақ психотропты терапия қажет. Әртүрлi жанама әсерлердiң алдын алу мақсатымен нейролептиктермен терапияны олардың корректорларымен /артан, циклодол/ бiрiктiрiп тағайындау керек.
Психопрофилактика Егде жастағы науқастардың психикалық бұзылыстарының профилактикасында соматикалық және инфекциялық аурулардың алдын алу, психожарақаттаушы жағдайларды болдырмаудың маңызы зор. Соматикалық аурулардың пайда болуын егде тартқан адамдар жалпы толымсыздық және жасқа байланысты өзгерістер ретінде қабылдайды, ал психикалық ауытқулар өздігімен оларда теріс реакция тудырмайды. Егде адамдар жиі психикалық және соматикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзiнiң өмiрдегi орны, мәні жөнінде көп ойланып-толғанады. Бұл мәселені шешуде психотерапиялық әсердің және әлеуметтік реабилитацияның үлкен көмегі бар.
Қолданылған әдебиеттер: 1. http: //helpiks. org/7 -52905. html 2. http: //www. studfiles. ru/preview/4028900/page: 30/ 3. Психиатрия и наркология: учебник / Н. Н. Иванец, Ю. Г. Тюлбпин, В. В. Чирко, М. А. Кинкулькина, - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012. -832 с. : ил. стр 94 -120.
Курманбаева Жанна.pptx