Насыров Н. биофизика 3.pptx
- Количество слайдов: 11
СӨЖ 3. Ағза – ашық жүйе ретінде. Биотермодинамикалық жүйенің термодинамикалық жүйеден айырмашылығы. Орындаған: Насыров Н. ББ 13 -03 тобы Тексерген: Орынбаев М. Алматы 2015
Азға – біртұтас жүйе Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары: дене (сомалық), ішкі органдар (висцералды) және байланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әр түрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.
Құрылысына байланысты органдардың: қабатты (тері) түтікше (ішкі мүшелер) және паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – клеткалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т. б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке ағза болып саналады.
Мүшелер түрлері Адам мен жануарлар организмдерінде құрылысына сәйкес мүшелер: паренхималы, түтікше және қабатты мүшелер болып бөлінеді. Паренхималы мүшелерге — қомақты мүшелер, бездер және бұлшықеттер жатады. Олар екі бөліктен: паренхимадан және стромадан құралған. Паренхима — мүшенің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Оны бездерде безді эпителий ұлпасы, ал бұлшықеттерде — бұлшықет ұлпасы құрайды.
Термодинамикалық жүйе - бір-бірімен және сырткы ортамен энергия және зат алмаса алатын макроскопиялык денелер мен өрістердің жиынтығы. Термодинамикалық жүйенің жұмысы - термодинамикалык жүйе жағынан сыртқы денеге әсер етуші күштің жүмысы; жүйеден сырткы денеге берілген немесе одан алынған энергияға тең деп шамаланады.
Термодинамика Жылу құбылысы мен оның түрленуін зерттейтін ілімді термодинамика деп атайды. Бұл ілім – жалпы, техникалық және химиялық термодинамика салаларына бөлінеді. Жалпы термодинамика – термодинамика тәсілдерін тұжырымдап, оны фазалық күй өзгерісіне, термоэлектр және магниттік құбылыстарға, сәуле шығару мен дене бетінде орын алатын өзгерістерді зерттеуге арналады
Техникалық термодинамика – жылу мен жұмыстың түрленуін, жылу двигательдері, тоңазытқыш қондырғыларында орын алатын жылу, механикалық және химиялық құбылыстардың өзара байланыс заңдылықтарымен айналысады. Химиялық термодинамика құбылыстардың өту механизмі туралы және заттардың ішкі құрылысы туралы қорытындылар жассамайды. Химиялық термодинамика жүйенің басталуы мен соңғы күйлерінің жағдайын және сыртқы күш әсерлерін білу (температура, қысым т. б. ) өте маңызды. Жалпы термодинамика заңдарын химиялық реакция, физика-химиялық құбылыстарға қолдануын қарастырады және химиялық құбылыстарды зерттеуде жалпы термодинамиканың қағидалары мен заңдарын қолданады. Жүйе /система/ - қоршаған ортадан шартты түрде бөлінген жеке денені немесе өзара әрекеттесетін денелер жиыны, яғни зерттеуге тиісті қоршаған ортаның кеңістіктегі бөлігі.
Термодинамикалық жүйе Термодинамикалық жүйе – сыртқы қоршаған ортадан ойша бөлініп қарастырылатын, өзара жылу және механикалық әсерлесуде болатын дене не заттар жиыны. Ол жабық, ашық, оқшауланған деп үшке бөлінеді. Жабық жүйе - өзін қоршааған ортамен зат алмаспай тек энергиясымен ғана алмасады. Ашық жүйе - өзін қоршаған ортамен зат алмасуы да энергия алмасуы да орын алатын жүйелер. Оқшауланған жүйе – қоршаған ортамен зат және энергия алмаспайтын және сыртқы ортаға қарсы жұмыс істемейтін жүйе.
Термодинамикалық жүйенің күйі термодинамикалық параметрлерімен сипатталады. (температура, қысым, көлем, концентрация т. б. ). Термодинамикалық құбылыс – термодинамикалық параметрлердің ең болмағанда біреуінің өзгеруімен жүретін өзгерістер. Егер параметрдің өзгерісі құбылыстың басталуы мен соңғы күйлеріне байланысты болып және құбылыстың жүру жолына байланыссыз болса, ондай параметрді күй функциясы деп атайды. Күй параметрлері – экстенсивті, интенсивті болып екіге бөлінеді: Экстенсивті параметрлер /шамалар/ - зат мөлшеріне қарайлас /пропорционал/ (көлем, масса, салмақ, т. б. ) Интенсивті параметрлер /шамалар/ - зат мөлшеріне тәуелсіз (температура, қысым, тұтқырлық, т. б. )
Назар аударып тамашалағаныңызға РАХМЕТ!!!
Насыров Н. биофизика 3.pptx