
Педиатрия Салим Гульнур.ppt
- Количество слайдов: 16
СӨЖ Қабылдаған: Туреханова А. Дайындаған: Сәлім Г. Тобы: ЖМ-216
Тақырып: Салауатты өмір салты
Кіріспе Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» деген.
Халықтың өмір сапасы ұғымы және анықтамасы «Өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» - мәні жағынан жақын ұғымдар болғанмен, олар барабарлығы жағынан алшақ. Материалдық қамтамасыз етілген болып, бұл ретте таза суға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге, сапалы тамаққа және басқа да өркениет өнімдеріне қол жетімді болмауы мүмкін. Бұл қиыстырылған өмір сапасы болып табылады
Өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т. б. )
Өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің қол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т. б. )
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын «жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың кең ауқымы.
Өмір сапасын адамның еркін әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жақты сипаттайтын интегралдық санат ретінде түсіндіруге болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың өмір сипатын атап өтуге болады.
Бүгінде БҰҰ халықаралық статистикадағы өмір сапасы көрсеткіштері жүйесінің қолданыстағы нұсқасы 1978 жылы әзірленді және 11 негізгі көрсеткіштер топтарын қамтиды: ØХалықтың туу, өлім-жітім және басқа да демографиялық сипаттамалары. ØӨмірдің санитарлық-гигиеналық шарттары. ØАзық-түлік тауарларын тұтыну. ØТұрғын үй шарттары. ØЕңбек және жұмыспен қамтылу шарттары. ØБілім және мәдениет. ØХалықтың табыстары және шығындары. ØӨмір құны және тұтыну бағалары. ØКөлік құралдары. ØДемалысты ұйымдастыру. ØӘлеуметтік қамтамасыз ету. Адамның еркіндігі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардын 50 -60 % өмір тіршілігіне, 20 % -тұқым қулаушылыққа, 20 % сыртқы ортаның жағдайына, 8 -10 % - дәрігерлік көмектің денгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты –салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады: 1) Салауатты өмір сүру деңгейі: 2) салауатты өмір сүрудің сапасы; 3) салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі. Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтікпсихоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру» .
Қорытынды: «Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой – пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс -әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қыйын.
Деніміз сау, өміріміз ұзақ болсын
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі (2011 ж. шығарылым) ҚР Статистика агенттігінің статистикалық жинағы. Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы. Өмір сапасы: мәні, бағалау, қалыптастыру стратегиясы Л. А. Кузьмичев, М. Ф. Федоров, Е. Е. Зедесенц редакциясымен шыққан оқу құралы – М. : ВНИИТЭ.
Педиатрия Салим Гульнур.ppt