
Турысбеков Дулат 14 апта.pptx
- Количество слайдов: 7
Сөйлесулерді тыңдау тактикасы Орындаған: Турысбеков Дулат Тобы: СКК-302 Тексерген: Нуркеева Д. Р
Сөйлесулердi және сөздерді тыңдау мен жазу ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, егер күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам басқа адамдарға беру үшін күдіктіге, айыпталушыға арналған не күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп болжауға жеткілікті негіздер болған кезде күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерін жасырын тыңдау және жазып алу
Сөйлесулерді тыңдаудың міндеттері: 1. Заңдылықты сақтау; 2. Құпиялығын қамтамасыз ету; 3. Дәлелдемелерді толық жинау; 4. Зерттеулер жүргізу;
Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттердi қолдану қаупi болған кезде тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша олардың келісімiмен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiн жасырын тыңдалады және жазылады.
Кейінге қалдырылмайтын қылмысты ашуда. . . сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу тергеушiнiң қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейiннен жиырма төрт сағат iшiнде сөйлескен сөздi, әңгiмелесудi тыңдалғаны, жазылғаны туралы хабар жiбере отырып, жүргiзiледi. Аталған хабарды алғаннан кейiн прокурор осы тергеулiк iс-әрекеттiң заңға сәйкестiгiн тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады.
Сөйлесуді тыңдаудың мерзімі: Сөйлескен сөздерді, әңгiмелесулердi тыңдау мен жазу алты айдан аспайтын мерзiмге белгiленуi мүмкiн. Олар бұл шараларға қажеттілік жойылған кезде, бiрақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешiктiрмей тергеушiнiң қаулысы арқылы тоқтатылады.
Тергеушінің қаулысының Тергеушi ол қаулыда белгiленген бүкiл мерзiмнiң iшiнде кез келген уақытта техникалық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшiн фонограмманы талап етуге құқылы. Фонограмма тергеушiге мөрмен бекітілген түрiнде, тыңдаудың негiзi, сөйлескен сөздi, әңгімелесуді жазудың басталған және аяқталған уақыты, пайдаланылған құралдардың қажеттi техникалық сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетiлген iлеспе хатпен бiрге тапсырылады. мазмұны Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеушi қажет болған жағдайда маманды тарта отырып жүргiзедi, бұл туралы хаттама жасалады, онда сөйлесу фонограммасының iске қатысы бар бөлiгi сөзбе-сөз жазылып, сөйлесiп отырғандардың сөздерiнiң естiлу сапасына сипаттама берiлуге тиiс. Фонограмма хаттамаға қоса берiледi, бұл ретте оның iске қатысы жоқ бөлiгi үкiм заңды күшiне енген соң немесе қылмыстық iс тоқтатылғаннан кейiн жойылады.
Турысбеков Дулат 14 апта.pptx