Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 15
Сұхбат
Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі.
Пікірталас, әңгімелесу. Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнлеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады.
Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас» , «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамуымен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз.
Радиодағы сұхбат Газеттегі сұхбат Радиодағы сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкісезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін дауыс аясында толық қамтиды. Сондықтан, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбаттың өмірдегі шынайы сәті болып табылады. Радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша рөл атқарады. Газетте сұхбаттың сәтті шығуы тікелей қаламтербеуші журналистке байланысты. Оның жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықа де нұсқалығы басты назарда болса, радио сұхбаттың жарық етуі көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты.
СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кім мен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет. Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілердің немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндау журналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құнды болып келеді. сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Оның табысты болуы көпжағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.
Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді: • сұхбат-монолог; • сұхбат-диалог; • суреттеме-сұхбат; • анкета;
Автордың шеберлігімен шешілетін, оқырман мен журналист арасындағы өзара сенім мен имандылықты орнықтыратын жанр. Сұхбатты біз тек қана сұхбат беруші мен сұхбат алушының арасындағы өрбитін әңгіме ретінде қабылдамауымыз керек. Көбінесе, шетел журналистері сұхбатты ақпараттық топқа жатықызып, негізгі дерек алу көзі ретінде пайдаланады. Сұхбат алу барысындағы ең негізгі ұстанымдар төмендегідей болуы қажет:
• Сұхбат алатын адамыңызбен алдын ала танысыңыз. • Киім-киісіңізге аса мән беріңіз. • Сұхбат алуға жалғыз келегеніңіз дұрыс. • Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз. • Көрісу барысында жымыюды, сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды, танысқаныңызға қуанышты екеніңізді біліріп, қол алысуды ұмытпаңыз. • Бағынышты адамның рөлін ойнамаңыз. • Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адаммен бірдей дәрежеде ұстаңыз. • Ол жайында жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңызү • Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз. • Байқампаз болыңыз. • Әрдайым оған деген сенімділік, сыпайылық танытып отырыңыз. • Қоштаспастан бұрын жымиып, өткізілген сұхбат үшін алғысыңызды білідруді ұмытпаңыз.
• Сұхбат екі адамның әңгімесіне, журналист пен кейіпкердің сұрағы мен жауабына құрылады. Яғни, қоғам ықылас біоліріп отырған, қоғамдық-саяси, әлеуметтік— экономикалық маңызы зор мәліметке ие болу. Зерттеуші В. Д: Пельт сұхбатының мынандай түрлерін атап айтады: «Сұхбат-монолог, әңгіме сұхбат берушінің ойтолғанысына негізделеді; сұхбат – хабарлама, баспасөзде кейіпкер сөзіне сілтеме жасай отрып журналистің болған әңгімені есеп тұрғысында баяндап беруі; ұхбатдиалог, сұхбат-жауап ретінде өтеді; сұхбат-суреттеме, әңгіменің мазмұнымен қатар әңгімелескен жағдай қоса бяндалады; сұхбат-пікір, нақты тақырып бойынша пікірлер қарастыру; сұхбат-анкета, қандай да бір мәселе жайында белгілі бір аудиторияның қоғамға маңызды пікірлерін анықтау» . Зерттеуші сонымен қатар, сұхбат түрінде пресс-крнфиренцияларды да жатқызады. Журанлистика теориясын зерттеуші ғалым М. И. Шостак: «Сұхбат журналистің ой-өрісінен туындайтын жайт. . . сұхбат алушының басты мақсаты сұхбат берушінің пікірін, көзқарасын толықтай жетік білдіруіне ерік беру» , - дейді. Сұхбат жүргізудің негізгі мақсаты – қойылған сұрақтар бойынша нақты жауаптар мен ақпараттар алу болып табылады. Редакция тапсырмасы бойынша сұхбат алу үлкен дайындықты қажет етеді. Оны бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз. Бірінші сатысы – сұхбат алуға алдын ала дайындалу, кейіпкермен танысу, оқиғамен таныс болу; екінші сатысы – сұрақтарды алдын ала дайындау; үшінші сатысы – аладын ала сұхбат алатын орынды дайындап алып, психологиялық тұрғыданөзін-өзі дайындау. Сұхбат жанрының ерекшелігі ақпарат беріп қана қоймай, талқыланып отырған мәселе жайында сұхбат берушінің ойын, көзқарасын білу. Егер сіз сұхбатыңыз сәтті өтсін десеңіз, әрдайым сұхбат беруші адамыңыздың сөздеріне құлақ асып, оны мұқият тыңдап отырғаныңызды көрсетіңіз.
Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx