374906.ppt
- Количество слайдов: 21
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тоғаев Қайрат Капанов Темірлан Даирбаев Фархат Мейрамбек Классикалық емес неміс философиясы Павлодар қаласы, 2015 ж.
Классикалық емес неміс философиясы
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады.
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс философиясының өкілдері И. Кант (1724 -1804) Л. Фейербах (1804 -1872) Г. Гегель (1770 -1831) И. Фихте (1762 -1841) Ф. Шеллинг (1775 -1854)
XVII—XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдай-ларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта, Революциялық еді. Сондықтан неміс ғасырлық, феодалдық ел болатынды философтары жалпы философиялык жағдай бұл кезде әлі туындамаған мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай ғана халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды.
Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға. Кант дүние пайда болды дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен-өзі табиғи п. б. деген тарихы пікірге тоқтады. Онда ол өзінің «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы» (1755) деген кітабында метафизиканын тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаш газға ұқсас түмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес едІ. «Сын» кезеңінде ол «Таза акылға сын» (1781), «Практикалык ақылға сын» (1788) деген еңбектерін жазды.
И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздің зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Ол — сонымен қатар субъективтІк идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант «Прологомендер» ( «Кіріспе» ) деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. И. Кант философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрі: бүтіндік, нақтылық, терістеу, бірлік, көптік т. б.
"Таза ақылға сын" деген еңбегі төрт тараудан тұрады. транцсиденттік этика транцсиденттік аналитика (талдау), транцсиденттік диалектика әдіс туралы трансиденттік ілім
Осы еңбектің үшінші тарауында И. Кант агностік ақылды пікірін үш түрғыда дэлелдейді: психология (жан туралы ілім). Оның бар екенін, не жоқ екенін ешкім дәлелдей ақылды алмайды космология (сәлем туралы ілім). Оның бастауы не шегі бар ма? Дәлелдеу қиын ақылды теология (құдай туралы ілім). Оның бар, не жоқ екенін де ешкім дәлелдей
И. Канттың ақылға сыятын тағы бір пікірі - антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уакыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой - олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе д үниенің пайда болған мерзімі жоқ, бұған қарамақарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады. Екіншісі, дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ, бәрі күрделі. Тағы да бір пікір: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі дүниеде бәрі де себепті, байланысты болады. Дүние – мәнді, дүние – мәнсІз, т. б. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген зандылықты ашуына үлкен ықпал жасады.
Иоганн Готлиб Фихте (1762 -1814) - И. Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі - «Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі» . Ол субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін — тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімІзде, елесімізде, үғымымызда болады. Оның пікірінше, практикадық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі дөңгелектер туралы ілім. «Қандай да бір шындық болмасын, ол «меннің» жемісі» дейді философ. Бірақ «меннің» екі түрі бар: жекелік «мен» және абсолюггік «мен» . Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер «мен-ді» «мен емес» бейнелейтін болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол «мен еместі» «менге» біржо-лата бағындырады. Сондықтан ол И. Кантты «мен еместі» , былайша айтқанда, санадан тыс «өзіндік затты» мойындағаны үшін сынады
Идеалистік бағыттың өкілі Фридрих Шеллингке Фнхтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг объективтік идеалист болды. Оның пікірінше, әлем - объективтік идеяның, әлемдік рухтың нақты бейнесі. Оның еңбектерінің өзегі - саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше, дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол - иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, . Олай болса, дүниенің бастамасы - қараңғы стихия оның бостандықка үмтылуына негізделген. Фихтеге карама-қарсы ой айтып, Шеллинг «менді» дүниенің бірден-бір өзегі, абсолюттік субъект емес, табиғаттан, адамнан тыс рухани негіз, объективтік сана деп қорытады. Табиғат - әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат - әлемдік рухтың саналы әрекеті. Ол «Жаңалық ашу философиясы» деген еңбегінде «табиғаттың барлық қүбылыстары белгілі ретпен жасалады, оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек, саналы болып келеді» деп түжырымдады.
Георг Вилъгельм Фридрих Гегель - классикалық неміс философиясының көрнекті өкілі, объективтік идеалист. Гегель өзінің «Барлық ақылға сыятын нәрсе - шындық, барлық шындық ақылға сыяды» деген кағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Басты еңбектері: Логика ғылымы» , Философиялық ғылымдар энциклопедиясы» , «Құқық философиясы» , «Дін философиясы» , «Философия тарихы туралы лекциялар» , Тарих философиясы туралы лекциялар» , «
Гегель философиясының жүйесі мынандай үш бөлімнен тұрады: Логика Табиғат философиясы Рух философиясы (феноменология)
Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниеден бұрын пайда болғандығы. Бұл пікірді Гегель «Логика ғылымы» деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мүнда ол абсолютгік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық заңдары – санның сапаға көшуі, қарама-карсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда алып карайды.
Бүл зандарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер - сандық сапа, немесе сапалық сан деген, сондай-ақ «қарама-карсылыққа» , «қайшылыққа» , «санға» , «сапаға» , «терістеуге» , т. б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ Гегель идеалистік түрғыдан таза идеяның бірте-бірте абсолютгік идеяға, әлемдік санаға, бүкіл дүниені жасаушы демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. Әрине, бұған қосылуға болмайды. Өйткені идеяның даму зандылықтары - тек объективтік шындықтың даму заңдылықтарының санадағы көшірмесі, бейнесі ғана. Гегельдің пікірінше, табиғат-абсолюттік идеяның затқа айналған, өзгеше өмірі. Бұл пікір Гегель философиясы жүйесінің екінші бөлімі - «Табиғат философиясында» баяндалады. Бірақ табиғат дамымайды, тек кеңістікте қанатын жазады. Гегель еңбегінде механика, физика және тіршілік мэселелері қарастырылады. Ол материяны да сөз етеді, бірақ оны дүниенің негізі ретінде емес, идеяның бір көрінісі - үғым ретінде қарастырады.
«Химия құбылыстарында, - дейді Гегель, - органикалық емес табиғат өзінің ең жоғары нүктесіне жетеді» . « Органикалық физиканың шегі тіршілік» , - дейді Гегель. Оның философиясы жүйесінің үшінші бөлігі рух философиясы. Мұнда ол әлемдік рух табиғагган жоғары көтеріліп, өзіне-өзі айналады. Гегель бүл бөлімде азаматтық коғамды, мемлекетгі, күқықты, эстетиканы, дін философиясын әңгіме етеді. Сондай-ақ ол сана, өзіндік сана, ақыл, рух феноменологиясын, мәдениет мәселелерін арнайы алып қарайды. Гегельдің пікірінше, дуниежүзілік тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Револгоция, Гегельше, субъективтік рухтың абсолютгік жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы екен. Соғысты Гегель адам қоғамының рухани Іріпшіруінен сақтап, қоғамды моральдық жағынан тазартатын, нығайтатын құбылыс, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны ерекше.
Людвиг Фейербах - классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтанашық материалиспін деп жариялады. Онын басты еңбектері: «Христиандықтың мәні» , «Болашақ философиясының негізгі қағидалары»
Ол дуниенің материядан түратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты—бастауыш, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдік жасайтын құбылыстардан тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Оның ойынша, сана - соның тек көшірмесі, ал психологидеалист сол көшірмені тупнұсқа ретінде түсіндіреді. Бірақ ол антропологиялық ма-териализмді қуаттады. Өйткені ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсініп, барлық материализм атаулыны XIX ғасырда пайда болған түрпайы материализммен шатастырды. Сондыктан өзін одан аулақ ұстамақ болды.
«Шындық - идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология» , - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, — деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі - оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған орынсыз кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін тусінбей, оны керексіз деп, теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді.
Болашақ философиясының негізгІ қағидалары» деген еңбегінде Л. Фейербах қоғамиың қозғаушы күші -адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен эйелдер махабба-ты деп түсінді. Осындай байланысты ол дін деп қарады. Бүл да Л. Фейербахтың идеализмі болатьш. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоға ануда идеализм шеңберінен шыға алмады
374906.ppt