РОСТБИФ
Ростбиф ( ағылшын тілінен Roast beef –піскен сиыр еті) – ағылшын асханасының тағамы. Кесінді еттен дайындалады, бүтін күйінде қуыруға қолданылады. Ростбиф тағамын ыстық күйінде де салқын күйінде де ұсынуға болады. Англия елінде бұл тағам көбінесе салқын күйінде тұтынады. Салқын күйінде ростбифті жасыл бұршақпен немесе қышамен ұсынады. Тағамды әзірлеу үшін сиыр етінің қалың жиегі қолданылады.
Сиыр етінде – пайдалы көмірсу қосындылары , темір , фосфор, ақуыз мол. Етті семіздіктен арылу үшін , әлсіздікке қарсы қолданады.
Өсімдік майы –негізінен глицериннің қаныққан жіне қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 -100%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар, фосфатидтер , пигменттер , Е витамині және т. б. кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері , күнбағыс, какао, мақта, қауын т. б. майлар жатады.