нурик 1 срс.ppt
- Количество слайдов: 13
РМКҚ М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті Кафедра: Тағам гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау 505 топ Тақырыбы: № 1. БДТ мен ЖК жүргізілетін сабақтың балалар мен жасөспірімдердің ағзасының функционалдық жағдайына әсері Орындаған: Оразов Н. Ж Тексерген: Нагметова А. Б Күні: Бағасы: Ақтөбе, 2015 жыл
Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А. ХХІ ғасыр компьютердің дамыған заманы Б. Компьютерден шығатын зиянды әсерлер В. Адам ағзасына әсері. ІІІ. Қорытынды.
Қазіргі ақпараттық технология жүйесі оқушыларға дәстүрден тыс жаңа ақпарат көздеріне шығуға, шығармашылық деңгейін кеңейтуге, әртүрлі мамандық дағдыларды меңгеріп, бекітуге жаңа мүмкіндіктер береді. Үрдістердің математикалық, концептикалық модельдену құралдарын қолдану арқылы оқудың жаңадан енгізілген түрлері мен тәсілдерін қабылдау мүмкін болды. Оқу үрдісіне гипермәтіндік технологияның енгізілуі оқушылар мен оқытушыларды мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерімен қамтамасыз етті.
Компьютерлік сыныптардағы мектеп оқушыларының организміне әсер ететін негізгі физикалық факторлар: электростатикалық өріс; 50 Гц-электромагниттік өріс; радиожиіліктегі электромагниттік өріс. Электростатикалық өріс, өндірістік орындардағы осындай факторлардың әсері сияқты қолданушылардың жүйке жүйесінің және эндокриндік жүйелерінің қызметін өзгерістерге ұшыратпағанымен, бөлмедегі шаң-тозаңдарды «зарядтапң, олардың ауада ұзақ уақыт сақталуына жағдай жасайды. Осындай шаң-тозаңдар «коктейліменң тыныс алу - тері, көз, жоғары тыныс жолдарының аллергиялық ауруларының дами бастауына қосымша қауіп төндіреді.
Компьютерлермен жұмыс істеу кезінде адамға факторлардың бірқатар кешені әсер етеді, олар: 1. Электромагниттік сәулеленулер: · инфрақызыл, радиожиілік (5 -тен 440 к. Гц дейін), ультракүлгін және рентген диапазондарындағы; · электростатикалық өріс; · жиілігі 50 Гц электромагниттік өріс 2. Көзге көрінетін факторлар; 3. Жұмыс операцияларын орындаумен, жұмыс орнын, қимылдарды және жұмыс кезіндегі дене қалпын ұйымдастырумен байланысты факторлар; 4. Микроклиматтық факторлар, ауа ортасының сапасы, жарықтану дәрежесі; 5. Шу, діріл.
Жеке компьютерлердің (ЖК) электромагниттік өрісі адам ағзасына қолайсыз әсер етуі мүмкін. Бұл сәулеленулер ағзадағы сұйықтықтардың құрамын өзгертіп және ағзаға бірқатар минералды заттардың қажеттілігін өзгертіп, адам ағзасындағы биологиялық үрдістерге әсер ететінің, зерттеулер көрсетіп отыр. Бұл жеке адамдық компьютерледің ЭМӨ-нің жасуша мембраналарының иондық өзекшелеріне тікелей әсер етуімен, немесе гормондары минералды заттардың алмасуына бүрек үсті безінің белсенділігі артуымен түсіндіріледі.
Компьютермен ұзақ жұмыс істегенде астениялық, астеноневроздық синдромдар, вегетотамырлық дисфункция дамиды. Бас ауруы, ашушаңдық, тез қажығыштық, ұйқысының бұзылуы негативті эмоционалдық жағдайлар (жиі депрессия) байқалады. Еңбекке қабілеттілігі, ақпараттарды қабылдау және өндеу жылдамдығының, есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Жүрек тұсының ауруы, брадикардия, ангиоспастикалық реакциялармен ауысып отыратын артериалды қан қысымның төмендеуі жиі кездеседі. Эндокриндік жүйеде, зат алмасуында бұзылулар болуы, атап айтқанда қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуі мүмкін.
БДТ-мен жұмыс істеушілердің көзіне әсер етуі «компьютерлік көру синдромы» (астенопатия) түрінде байқалады, ол кезде көздің алдында жамылғыға ұқсас құбылыс (пелена) пайда болады, заттың бейнесі айқын емес, «көздің шаршауы» , дискомфорт, ауыру сезімдері, олардың қызуының көтерілуі, жарықтан қорқу, жасаурау, көзде қысым сезімі мен көздің ашуы, қабақ пен көз алмасының қызаруы, тітіркенуі, құрғақтық, қышуы, күйген сияқты сезімдер, көзге құм түскендей сезім пайда болады. Астенопатия жиілігі әр түрлі уақытта 40 -тан 92 % -ға дейін құрайды. Компьютерлерде жұмыс істейтіндердің 30%ынан артығында «құрғақ көз» белгілерін анықтайды. Операторлардың көбі жылтылдаушы бейненің қажу тудыратын әсеріне шағымданады.
Компьютерде отыру қалпы:
Алды – алу шаралары: -Баланың ұйықтайтын бөлмесіне теледидарды да, компьютерді де мүлдем қоймаған дұрыс - компьютерді баланың көңілін көтеретін құрал ретінде пайдаланып, бөлменің төріне қойып үйдің ең маңызды құралына айналдырмау; - компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолдану; - егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзілдірік пайдалану; - баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қою.
Қорытынды: БДТ жұмыс істеу гиподинамиямен, дененің мәжбүр қалыпта болуымен, клавиатурамен жұмыс істегенде қолдың көп қимыл жасаумен (олар 60 -80 мыңға дейін жетуі мүмкін) сипатталады, ол қажу, зорығу, қол – басы , білезік сіңірлерінің, иық сіңірлерінің қынаптарының қабынуы (тендовагиниті), жарақаттанудан болатын эпикондилит, қолдың медиалды нервінің қысылып қалуы, омыртқа жотасының мойын және бел бөліктерінде невралгиялар сияқты кәсіби аурулардың дамуына әкеп соғады.
* СРС № 1. БДТ мен ЖК жүргізілетін сабақтың балалар мен жасөспірімдердің ағзасының функционалдық жағдайына әсері Оразов Н. Ж 505 топ * [11: 41: 26] Bi Найдено 3% совпадений по адресу: http: //bilimdiler. kz/tarbie-sagaty/print: page, 1, 3373 akparattandyru-tehnologiyasynyn-paydasy-zhane-ziyany. html * [11: 41: 35] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса № 12 -2 (30016 миллисек. ): http: //bilimdiler. kz/informatika/7799 -kompyuter-zhane-galamtordyn-paydasy-men-ziyany. html(Сохраненная копия) ( Время ожидания операции истекло ) * [11: 41: 35] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса № 12 -1 (30017 миллисек. ): http: //www. infotses. kz/advertka. php? ELEMENT_ID=97742(Сохраненная копия) ( Время ожидания операции истекло ) * [11: 41: 35] Не загружена страница из запроса № 24 -1 (30050 миллисек. , превышен таймаут в 30000 миллисек. ): http: //bilimdiler. kz/informatika/8296 -takyryptyk-test-tapsyrmalary-5 -synyp. html(Сохраненная копия) * [11: 41] Не загружена страница из запроса № 23 -2 (36164 миллисек. , превышен таймаут в 30000 миллисек. ): http: //pedagog. kz/index. php? view=article&id=3366%3 A 2014 -01 -18 -05 -0413&format=pdf&option=com_content&Itemid=96 * [11: 42: 10] Не загружена страница из запроса № 15 -2 (30074 миллисек. , превышен таймаут в 30000 миллисек. ): http: //kargoo. gov. kz/files/blog/1334140509283. pptx * [11: 42: 15] Ni Найдено 2% совпадений по адресу: http: //szh. kz/82853/%D 1%81%D 1%82%D 0%BE%D 0%BB%D 0%B 4%D 0%B 0%D 0%BE%D 1%82%D 1%8 B%D 1%80%D 2%93%D 0%B 0%D 0%BD%D 0%B 4%D 0%B 0%D 0%BE%D 1%81%D 1%8 B-%D 0%BA%D 2%AF%D 0%BD%D 1%96 * [11: 42: 23] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса № 22 -2 (60123 миллисек. ): http: //temirtauakimat. gov. kz/kk/news/id/402 ( Поток находился в процессе прерывания. ) * [11: 42: 34] Уникальность текста 89% (Проигнорировано подстановок: 0%)
нурик 1 срс.ppt