дина срс 3029.pptx
- Количество слайдов: 26
Репродуктивті денсаулық
Жоспар: • Репродуктивті денсаулық, репродуктивті денсаулық жүйесі • Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi • Репродуктивті денсаулық пен репродуктивті жүйеге қатысты өзекті мәселелер
Репродуктивті денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы. Репродуктивті жүйе – адамның ұрпақ өрбіту қабілетін қамтамасыз ететін мүшелер жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында» деп жариялаған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіпжер тағамына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл – тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орталығы, денсаулық сақтау орталықтары бала тудыратын үй және т. б. ) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығының өзекті тұсы - отбасын жоспарлау, ол: өз нәпсілік өмірін бақылауға алуға, жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді; Нәпсілік білімді дамытуға белсене қатысуға, өзінің өрбіту қабілетін дамытуды жоспарлауға ыңғай тудырады; Екі қабат болған кезде қатердің төрт түрінен сақтайды: a) жасөспірім жүктілігінен; b) 35 жастан кейінгі жүктіліктен; c) кішкене ғана үзілістен (екі жылдан кем) аяқ ауырлығынан; d) ықылассыз жүктіліктен ана өліиін қысқартып, мүгедектіктен сақтап, қатері бар бала тастаудан, сөйтіп, нәресте өлімінің деңгейін төмен түсіреді.
Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi 4 -бап. Мемлекет азаматтарға: • Ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне; • Ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқығының сақталуына;
• кепiлдiк берiлген көлем шегiнде медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiне, оның сабақтастығына, тегiн болуына;
• ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру мәселелерiне араласпауға; • бала туу туралы шешiмдi кемсiтушiлiксiз, қорқытусыз және зорлық-зомбылықсыз қабылдауына; • жеке өмiрiне, өз басының және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуына кепiлдiк бередi.
9 -бап. Азаматтардың құқықтары: • бедеулiктен емделуге, соның iшiнде Қазақстан Республикасында рұқсат етiлген ұрпақты болудың қазiргi заманғы қосалқы әдiстерi мен технологияларын қолдана отырып емделуге; • жыныстық клеткалар донорлығына;
• контрацепция әдiстерiн пайдалануға және еркiн таңдауға
• жүктiлiктi жасанды түрде үзуге;
• өзiнiң ұрпақты болу құқықтарын қорғауға құқығы бар. Азаматтар өздерiнiң ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезiнде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға мiндеттi.
Зиянды әдеттер
Жүктілік кезінде шылым шегу
Шылым шегетіндердің көпшілігінің балалары әлсіз, аурушаң, салмақтары қалыптыдан аз, әрі түрлі патологиямен туады. Өзінің құрдастарынан физикалық және психикалық тұрғыдан кеш дамиды.
Германия елінің зерттеушілерінің қорытындысы бойынша, әкесі темекі тартатын отбасында жүктілік кезіндегі бала өлімі 1, 5 есе жоғары, ал өмірге келген нәрестелердің тума ақаулары 2 есе көп болады. Себебі шылым шегетіндердің ағзасында «патологиялық» сперматозоидтар түзіліп, ұрықтану процесінің бұрмалануына әкеледі, сонымен қатар темекі түтінде гендік мутацияны дамытатын мутациялық субстанциялар болады.
Хирургиялық операциялар
Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, жылына дүние жүзінде 50 млн жасанды түсік жасалады. Оның ішінде тек 20 млн ғана тіркеледі. Түсік жасату нәтижиесінде күніне 200 әйел, ал жылына 70 мың әйел жасанды түсік жасату кезіндегі асқынулардан көз жұмады.
Жасанды түсіктен көз жұмғандардың әрбір 9 -шысының жасы 15 -19 аралығында, сонымен қатар оның 80 пайызға жуығы медициналық мекемелерден тыс жерде жасалған.
Өмірге қалаулы және дені сау бала келуі үшін қазіргі заманның әрбір адамы өзінің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығын қалай сақтау керек екендігін білуі керек. • Бала тууға қолайлы жас 20 -35 жас аралығында. • Бала туудағы аралық 2 -2, 5 жыл болуы қажет. • Контрацепцияның заманауи әдістерін пайдалана отырып, қаламаған жүктілікті ескертуге болады. • Ауыр созылмалы аурулар жүктілікке қарсы көрсеткіш болып табылады, сол себепті мұндай жұптар үшін отбасын жоспарлау кабинетінің дәрігерлерімен және созылмалы аурулар бойынша маман дәрігерлерімен кездесіп барып жүктілікті болдыру керек.
Бедеулік Дүние жүзінде 30 пайызға жуық жұп бедеулікке шалдыққан. Бедеулік дамуында әйел мен ер адамдардың рөлі 50 пайызды құрайды. Деректер көзіне сүйенсек, 2005 жылы Копенгагенде дәстүрлі түрде өтетін ерлердің репродуктивті денсаулығына арналған халықаралық конференцияда әйелдерден гөрі еркектік бедеуліктің жиілей түсуі дабыл қағарлық жағдайға жеткені жайлы баса айтылды. Ондағы мамандар бұл мәселенің салдарын ерлер ұрығының сұйылуы, артық салмақ пен темекі шегушіліктен деп түсіндіреді.
Әдістер: o Экстракорпоральды ұрықтандыру; o Лапароскопиялық операциялар; o Коррекциялық дәрі-дәрмектер.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде • ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру мәселелерiне араласпауға; • бала туу туралы шешiмдi кемсiтушiлiксiз, қорқытусыз және зорлық-зомбылықсыз қабылдауына; • жеке өмiрiне, өз басының және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуына кепiлдiк бередi.
дина срс 3029.pptx