РЕАКТИВНЫЙ АРТРИТ.pptx
- Количество слайдов: 11
Реактивті артрит
Реактивті артрит • Инфекциялық аурудан кейін (зәр шығаружыныс жүйесі, ішек, ауыз-жұтқыншақ) дамитын буын қабынуымен жүретін сырқат. • Бұл сырқат серонегативті спондилоартриттер тобына жатады. Көбінен жіті және қайталамалы не урогениталды инфекциямен қатар жүреді, бірақ микоплазма мен хламидия қоздырған тыныс жолдары ауруларында да болуы мүмкін, кейде паразитарлық ауруларда да кездеседі.
Этиология • • • • Реактивті артрит шақыратын микроорганизмдер: Ішек инфекциялары: Yersinia enterocolitica Yersinia pseudotuberculosis Salmonella enteritidis Salmonella typhimurium Shigella flexneri Shigella sonnei Shigella Newcastle Campylobacter jejuni Clostridium difficile Урогениталды инфекциялар қоздырғыштары: Chlamydia trachomatis Тыныс жолдары инфекциялары қоздырғыштары: Mycoplasma pneumoniae Chlamydophila pneumoniae
Патогенез • HLA-B 27 антигенімен қоздырғышқа қарсы антиденелердің тоғыса әсерлесуі анықталған. Бұл жерде «молекулярлық мимикрия» теориясы орын алады бактериялардың клетка қабатының белоктық құрылымы науқас адамның организмінің белоктық құрылымына ұқсас келуі. • Ре. А патогенезінің иммунологиялық гипотезалары: • Антиген-көрсету гипотезасы: комплекс HLA-B 27 оөзінде микроб пептидтерін көрсете алады, артрит дамиды. Цитотоксикалық CD 8 Тлимфоциттермен әсерлесіп шеміршек лизисі дамып, қабыну дамиды. • HLA-B 27 антигенің ауыр тізбесі дұрыс құрылмауы гипотезасы: 2000 ж R. A. Colbert ұсынған. Микроб полисахаридтері HLA-B 27 антигеннің ауыр тізбесі дұрыс құрылмауына әкеледі, макрофагтер белсенділігі төмендейді, буын қабынуы дамиды. • Цитокиндік гипотеза. J. Sieper 2001 ж ұсынған. Зерттеуде науқаста цитокиндік дисбаланс орын алады делінген. Тh 1 -иммундық жауап бұзыладу (ИФ-γ, ФНО-α, ИЛ-2 және ИЛ-12 түзілуі), ал Th 2 -иммундық жуап артқан (ИЛ-4 және ИЛ-10 синтезі). Синовийдегі макрофагтарда ИФ-γ және ФНО-α түзілуі төмендеп, ИЛ-4 артады, бактерия персистенциясы артады.
Клиника • Буын зақымдалуы: инфекциялық аурудан кейін бірнеше аптадан кейін дамиды. Көбінесе аяқтың ірі буындары бір жақты зақымданады. Кейде сакроилеит қосылады. • Сіңір зақымдалуы: дактилита дамуы • Шырышты қабаттар зақымдалуы: Конъюнктивит — азсимптомды не симптомсыз, қысқа уақытты. Инфекциялық емес уретрит, сақиналық баланит, цервицит, ауыз қуысы эрозиялары, увеит. • Тері зақымдалуы: Кератодермия (keratoderma blennorrhagica) — алақан мен табан терісінде ауырсынусыз тері қалыңдауы және түлеуі • Тырнақ зақымдалуы: бақайларда: сары түсті, түрі өзгерген тырнақ болуы • Жүйелік көріністер: лимфа бездері ұлғаюы, әсіресе шапта. Перикардит, миокардит, жүрек ырғағы бұзылуы, аорта қақпақшасы жетіспеушілігі, плеврит, бүйрек қабынуы (гломерулонефрит). Кейде полиневрит дамиды.
Рейтер синдромы • «Рейтер триадасы» : буын (артрит, синовит), көз (коньюнктивит, увеит), зәршығару-жыныс жүйесі шырышты қабаты (уретрит). Кератодермия қосылса - «Рейтер тетрадасы» . Алғаш Бенджамин Броди жазған, одан кейін 1916 ж неміс әскери дәрігері Ганс Конрад Рейтер дизентериямен ауырған солдаттан көріп жазған. • Қазір бұл синдром реактивті артриттің ерекше түрі боп табылады. Ауру хламидиялық урогениталдық не ішек инфекциясынан кейін 2 — 4 аптадан кейін басталады. Ең жиі агенттер — Chlamydia trachomatis және Shigella flexneri 2 а, не екеуінің қосындысы.
Диагностика Реактивті артрит бойынша III халықаралық кеңес (Берлин, 1996 ж) критерийлер: • Перифериялық артрит: • Асимметриялық Олигоартрит (4 буынның қабынуы) Көбінесе аяқ буындары қабынуы • Инфекциялық белгілер: Диарея, Уретрит. Артриттің алдында 2 -4 апта бұрын болуы. • Инфекцияны лабораторлық нақтылау
Лабораторлық мәліметтер Зерттеулер • ҚЖА • ЗЖА • Хламидияларға АТ, ПЦР • Гонококктарға АТ • Нәжіс анализі • Антиядролық АТ • Ревматоидты фактор Нәтиже • лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, нормохромды анемия • протеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия • Жиі оң • микст-инфекция кезінде оң • сальмонелла, шигелла табылуы мүмкін • жоқ
Емі • Антибиотиктерді ұзақ қолданып қоздырғышты эрадикациялау. • Симптомды ем — буындағы ауырсыну мен қабынуды басу • Амбулаторлық ем жеткілікті, жүйелік көріністерімен ауыр артрит, белгісіз жағдайлар кезінде стационарға диагнозды анықтау үшін жолданады
Медикаментозды емес ем • Қозғалыс режимі: зақымдалған буынға 2 апта тыныштық қажет, фиксациясы мен иммобилизациясы қажет емес. Суық басу керек. ЕФК айналысу қажет. Арнайы диета жоқ.
Медикаментозды ем 1. Антибактериалды терапияда егер хламидия табылса клеткаішілік микроорганизмдерге әсер ететін препараттар таңдалады: макролидтер, фторхинолондар және тетрациклиндер. • Доксициклин 0, 3 г/тәул, ішке 2 р/к – 30 күн; • Азитромицин 1 г г/тәул 1 ші күні, ары қарай 0, 5 г/тәул 30 күн; • Сонымен қатар – Кларитромицин, Спирамицин, Офлоксацин, Ципрофлоксацин, Ломефлоксацин 2. ҚҚСЕП — симптомды емге жатады - Диклофенак 2 -3 мг/кг/к 23 р; Напроксен 15 -20 мг/кг/к 2 р; Ибупрофен, Нимесулид, Мелоксикам 3. Глюкокортикоидтер — ауыр ағымда буынішіне салуға болады. Ол үшін септикалық артритті жоққа шығару керек. 4. Иммуносупрессорлар — созылыңқы ауыр ағымда, спондилоартритте және жоғары белсенді артритте қолданылады. • Сульфасалазин 2 г/т • Метотрексат 7, 5 -15 мг/апт • Азатиоприн 150 мг/т
РЕАКТИВНЫЙ АРТРИТ.pptx