Рахит пропед сож ЖМ-215.ppt
- Количество слайдов: 40
Рахиттің диагностикасы. Лабораториялық тексеру әдістері ҚАБЫЛДАҒАН: НҰРМАНОВА Н ОРЫНДАҒАН: АБДУЖАЛИЛОВ Ж АБДУЖАППАРОВА М АЙНАБЕК А АХМЕТОВА А БАБАХАНОВА Г ИСАЕВ Н ТОБЫ: ЖМ-215
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А)Этиололгиясы Б)патогенезі В)клиникасы Г)диагностикасы Д)емі Е)алдын алу шаралары ІІІ. Қорытынды ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Рахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) — сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Рахит—гректің «арқа жоны» деген мағынаны білдіретін «рахис» сөзінен шыққан.
Д 3 витамині теріде күннің ультракүлгінсәулесінің әсерінен 7 -дегидрохолестериннен пайда болады. Сондықтан рахиттің этиологиялық факторларының бірі жас сәбидің ашық ауада аз болуы.
Рахит кезіндегі тотығу – қалпына келу процесінің өзгеруі тек Д витаминінің жетіспеуінен ғана емес, басқа да витаминдер балансының бұзылуынан да болады. Биохимиялық тексеруде рахитте А, С және В тобындағы витаминдер деңгейінің төмендігі анықталған, бұл рахитті салыстырмалы полигиповитаминоз деп қарауға мүмкіндік береді.
Этиологиясы Рахит дамуының жағдайлары: — теріде холекальциферол түзілісінің бұзылуы; — бауыр мен бүйректе Р-Са алмасуының бұзылысы; — тағаммен Д вит. кем түсуі;
Рахиттің пайда болуына әсер ететін факторлар: • таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі; • сәбидің жедел өсуі; • полигиповитаминоз;
• шала және егіз туу; • нәрсіз, бірыңғай жасанды тамақтандыру; • диарея, ішек дисбактериоздар;
• перинаталдық энцефалопатиялар, құрысуға қарсы емдік дәрілер әсерлері және дене қимылының аздығы; • ішектен ас сіңу бұзылысының синдромдары; • экологиялық жағымсыз әсерлер.
1 жасқа дейінгі балаларда
Патогенезі Д витаминініњ функциялары Ішекте Са сіңірілуін ынталандыру. Са мен Р-дың арықшалардағы реабсорбциясын арттыру. Сүйектің минералдануын ынталандыру: қан-сүйек шекарасында цитраттар түзілісін күшейтеді; клеткадан тыс сұйыққа Са концентрациясы төмендегенде баған клеткалардың остекластраға аусуын белсендіреді, яғни сүйектің ремоделденуі жүреді; Органикалық матрица қасиеттеріне белсенді әрекет етеді- бөлінетін хондроциттердегі глюкозаминогликандарды ынталандырады. Глюкозаминогликандардың аниондық топтары Са ионын байлап, оссификацияға әкеледі; сүйектің басты белогы остеокальциннің остеобласттардаѓы түзілісін ынталандырады; бұлшықет жиырылуын белсендіру арқылы Са-дің етке енуін ынталандырады; иммундымодельдеу және антипролиферативтік әсер.
Құрамында қышқыл өнімі көп болғандықтан тердің ащы иісі болады. Ол денені тітіркендіреді, содан бала басын жастыққа үйкей береді, содан желкесінің шашы қырқылып түсіп қалады.
Патогенезі Фосфор-кальций алмасуының бұзылуы жетекші рөл атқарады. Бірте-бірте заттек алмасудың барлық түрлері бұзылады. Витаминдер, әсіресе С және В топтарының алмасуында елеулі түрдегі бұзылыс орын алады, сондықтан полигиповитаминоз пайда болады. Микроэлементтердің (мыс, мырыш, темір, кобальт, калий), әсіресе магнийдің, белоктың зат алмасуы бұзылады (организмдегі бағалы амин қышқылдары несеппен шайылып кетеді, сондайақ көмірсу, липид, сүйектерде кальцийдің жиналуына әсер ететін цитраттар алмасуында да өзгерістер болады). Көрсетілген алмасу бұзылулары кезінде және қышқыл өнімдердің жиналуынан ацидоз (организмде қышқылдың артуы) дамиды. Осының бәрі сүйектің пайда болуы мен толықпаған талшықтардың, шеміршектің сүйекке айнаоуының бұзылысына әкеп соғады.
Классификация ауруды кезеңімен (бастапқы, дендеу, айығу, қалдық салдары деп); 2) 2) ауырлығына қарай (жеңіл, орташа және ауыр – оған І, ІII-дәрежесі сай келеді); 3) 3) аурудың ағымына қарай (жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы деп) 1)
Клиникасы Ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөлінеді: І дєрежедегі рахит (жеңіл кезең) вегетативтік жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипатталады. 2 -3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босан болады, бас – сүйек жігі және желке жұмсарады (краниотабес). Бас сүйектің жұмсақтығы желке сүйегінің жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершендік, сәби жастыққа басын шайқап, ұйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады. ІІ –дәрежелі рахит (орташа кезеңі) сүйек жүйесіндегі анық өзгерістермен сипатталады. Сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, 5 -8қабырғаларда «рахиттік тәспі» пайда болады. Ќабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көкіреттің бекітілген жолағына сәйкес ќабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон сайы – рахиттің патогномикалық белгілерінің бірі көрініс табады.
Ауыр түрдегі рахитте (ІІІ- дәрежелі) бассүйек одан әрі жұмсарып, ол мойын омыртқаларын қысады, кеңсірік батыңқыланып, маңдай және төбе сұйек бұдырлары сыртқа өседі, сөйтіп сәбидің басы «төртбұрыш» тәрізденеді (олимптік маңдай, «шаршы» бас), көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге ілгері майысып, ќұс төсі сияқтанып тұрады ( «тауық төсі» ). Омыртқалар доғаланып, иіліп, рахиттік бұкірлік, ќайқылық, қисаюлар (кифоз, лордоз, сколиоз) пайда болады. Бұдан кешірек, 6 -8 айдан асқанда, түтікше сүйектердің өзгеруі – білек және балтыр сүйектерінің бас жағының ( «рахиттік білезік» ), саусақ буындарының жалпаюы ( «інжу жіптер» ) білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бұккіш немесе жазғыш бұлшықеттер кұш-қуатының «тонусы» бір жақты әсерінен аяқтар О немесе Х әрпі тәріздес болады Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен қатар эмаль түзілуі бұзылады, тістер кариеске бейім болады, бұлшықеттердң күші төмендеп, сіңірлер әлсізденеді, құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді ( «құрбақа іш» ), оның уақытында отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді. Сүйек, жүйке және бұлшықет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар қызметінің де өзгерісіне әкеледі. Пневмонияға бейімділік туғызады. Жүректе дистрофиялық өзгерістер дамып, оның соғуы жиіленеді және әлсірейді. Балалардың біразында тек темір жетіспеушілігінен ғана емес, сондай-ақ гипохромдық анемия пайда болады, белок, липид алмасуы, мыс, мырыш, магний, В 1, В 5, В 6, А, Е, С витаминдері жеткіліксіздігі болады.
Клиникасы. 4 кезеңі бар: 1. бастапқы кезең- вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістері мен сипатталады. 2 -3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бас сүйек жігі яғни желке жұмсарады (краниотабес). Бас сүйектің жұмсатығы қара құстың ( желке сүйегінің) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарлап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады. 2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады. а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады б/ Кеуде сүйектері жағынан-5 -8 қабырғаларында « мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон сайы – мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді. в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің өзгеруі –білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік білезік» , саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді. г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші» , оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді. Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады. 3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді. 4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып , бұлшық ет гипотониясы, анемия т. б өзгерістердің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін. Сүйек өзгерістері өмірлік қалады.
Ажырату диагнозы • • • Д витаминге тәуелді рахит Д витаминіне тәуелсіз рахит, фосфат-диабет Хондродистрофия Остеогенез жетімсіздігі (сүйектердіњ туа пайда болатын сынғыштығы) Бүйректік тубулярлық (өзекшелік) ацидоздық рахит Де-Тони-Дебре-Фанкони синдромы – бүйректік остеопатия
Емі. Комплексті, жүйелі және жекебасты болуы керек. Витаминдер, минералды заттар, әсіресе құрамында кальциі бар тағамдар беру, таза ауада жеткілікті серуендеу, массажбен гимнастиканың емдік маңызы зор. Ультракүлгін сәулесін қолдану мешелді емдеудің әсерлі тәсіліне жатады. Мешелде цитраттарды берудің мәні бар. Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзы, қылқан жапырақты, құмды ванналар, бұлшық ет және сүйек диатермиясы, массаж бен гимнастика, теңізбен күн сәулесі ванналар пайдалы. Кальций және фосфор препараттарын мешелдің арнаулы ем ретінде, тек тым шала туған сәбилерге береді.
Емдік жаттығыулар
Басты сенім полихимиоемге жүктеледі – қатерлі 1. 2. 3. 4. 5. 6. ісікке қарсы қолданылатын бірнеше цитостатиктерді қоса пайдалану. Олар бірнеше топқа бөлінеді: Кортикостероидтар (преднизолон т. б. ) Антиметаболиттер (метатрексат, цитозар т. б. ) Антимитотиктер (бөлінуге қарсы-винкристин т. б. ). Алкилдеуші қосылыстар (циклофосфан т. б. ) Қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер (рубомицин, адриамицин т. б. ) Ферменттер (L-аспарагиназа т. б. ) Бұдан басқа да топтар бар. Жедел ағымды лейкоз емі түрлі кезеңдерге бөлінеді: ремиссияны шақыру, консолидация (ремиссияны нықтау), реиндукция және сүйемелдеу емі. Емнің әрбір мерзімінде қантүзілу кемістігі мен иммундық жетіспеушілік жағын толықтыру қарастырылады.
Алдын алу Антенаталдық алдын алу(арнайы және арнайы емес) Постнаталдық алдын алу(арнайы және арнайы емес) Арнайы алдын алу. Балаларды рахиттен арнайы сақтандыру жұмыстарын 2 -7 жастан бастап жүргізу қажет. Д витаминінің мөлшері тәулігіне 400 -500 ХБ болады, күз-қыс-көктем кездерінде сәбидін, алғашқы және екінші жасында оны В, С(0, 03) және В 2(0, 001), В 5(О, ООЗ) витаминдерімен қосып, айына екі жеті бойы береді. Д витаминін беруді УФ сәулесін тағайындаумен ұштастырады (15 -20 рет). .
Қорытынды
Назарларыңызға РАХМЕТ
Рахит пропед сож ЖМ-215.ppt