
пед псх 11.10.15.pptx
- Количество слайдов: 16
Психологияның даму тарихы Орындаған: Қылышбек Жанна Қабылдаған: Мырқасымова Мадина
Жоспары: • 1 Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырудың мәні • 2 Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері • 3 Агрессияның психологиялық теориялық негізі • 4 Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі • 5 Шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихы • 6 Пайдаланылған сілтемелер
Психологияның даму тарихы Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жанжақты талданған.
Эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балалар проблемасын жан –жақты талдаған ғалымдар: И. Кант Э. Торндайк И. П. Павлов К. Роджерс, А. Маслоу Л. Е. Личко
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П. П. Блонский, Г. Н. Стычинский, В. А. Сухомлинский, Ю. П. Сокольников, А. П. Сейтешов Г. А. Уманов, Л. К. Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар: А. Г. Асмолов, А. А. Бодалев, Ф. Е. Василюк, Б. А. Вяткин, А. В. Забрамная, И. В. Дубровина, Ю. М. Забродин, В. А. Иванников, Ю. С. Сыэрд, У. В. Ульенкова.
Агрессияның психологиялық теориялық негізі Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» . Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі — өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т. б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).
Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З. Фрейд, А. Фрейд, Э. Фромм, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни және т. б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л. Берковитц, С. Розенцвейгтер агрессияны — фрустрация әсері деп қарастырған. Гуманистік бағыт: (К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия — бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру — бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі. Әлеуметтік оқыту бағыты: (С. Н. Ениколопов, Л. Берковиц, Д. Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық — яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.
Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мэн беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дүрыс үйымдастырудан басталмақ. Оған дэлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың қүқығы туралы Конвенция» бола алады.
“Бала толық және үйлесімді дамуы ушін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, қүқықтық қамқорлыққа мүқтаж”.
Оқушының жеке түлғалық қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалы философиялық. әлеуметтанушылық. психологиялық, педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөліп, отбасының жалпы теориялық педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлес косқандар: А. Қүнанбаев, А. Байтүрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жүмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский.
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!
пед псх 11.10.15.pptx