Психология даму тарихы.pptx
- Количество слайдов: 32
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ Орындаған: Жанбеков Құдайберген
• Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. • Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. • Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
ПСИХОЛОГИЯ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ • Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі. • Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732 -1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732 -1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған. • Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМДАР «XIX ҒАСЫРДАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН. . .
Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады.
• 1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «Экспериментальды физиологияның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И. Мюллерге аттанады 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «Жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. 1856 -1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын.
• Ал 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теориясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика. • 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. • 1867 жылы Вундт «Физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873 -1874 жж. ).
1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен, таңқаларлық ақылымен, кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З. Фрейд қайтыс болды
• Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. • 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. • 1901 жылы оның «Күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді. • «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. • «Бұқара психологиясы» және «Мен талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді.
• Герберт Спенсер (1820 -1903 ж. ж. ) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 1820 жылы Англияның Дерби деген шағын каласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді.
• Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы. • "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873).
Выготский Лев Семенович (18961934) Немістің көрнекті психолог ғалым Л. С. Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған. Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған. Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.
ЕҢБЕКТЕРІ: • «Бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» • «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» (1931) • 1934 жылы жарияланған «Ойлау мен сөйлеу» деген енбегі жан-жақты қамтылған. • Выготский идеялары тек исихология ғылымын ғана емес, адам тануға қатысты басқа да ғылым салалаларының (дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнография, семантика, т. б. ) дамуына ықпал жасады. Лев Семеиович Выготский қаламынан 190 -нан астам ғылыми енбек кейінгілерге мұра болып қалды.
ВОЛЬФГАНГ КЕЛЕР-(18871967) ТАЛЛИНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. АМЕРИКАН ЖӘНЕ НЕМІС ПСИХОЛОГЫ. МАКС ВЕРТГЕЙМЕР ЖӘНЕ КУРТ КОФФКОЙ МЕН БІРГЕ ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ. БІЛІМ АЛҒАН ОРЫНДАРЫ: БОНН УНИВЕРСИТЕТІ, БЕРЛИНДЕГІ ГУМБОЛЬДТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ.
ГУМБОЛЬДТ УНИВЕРСИТЕТІ.
В. Келер ГЕШТАЛЬТ – ПСИХОЛОГИЯСЫН ЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ. К. Коффка М. Вертгеймер
КУРТ ЛЕВИН-(1890 -1947) ГЕРМАНИЯДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. НЕМІС ЖӘНЕ АМЕРИКАНДЫҚ ПСИХОЛОГ. ОЛ ШҰҒЫЛДАНҒАН СҰРАҚТАР КӨБІСІ ПСИХОЛОГТАР ҮШІН НЕГІЗГІ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ: ТАРТЫМДЫЛЫ Қ ДЕҢГЕЙІ, ТОПТЫҚ ДИНАМИКА, ӘЛЕМДІК ПЕРЦЕПЦИЯ, ОЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР, СӘТІЛІККЕ ҰМТЫЛУ, СӘТСІЗДІКТЕН ҚАШУ.
КАРЛ ШТУМПФ (18481936, БЕРЛИН) —НЕМІС ПСИХОЛОГЫ, ФИЛОСОФ -ИДЕАЛИС. ЕУРОПАЛЫҚ ФУНКЦИЯНАЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ. ФЕНОМЕНО ЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИ ЯСЫНЫҢ ҮЛЕС ҚОСУШЫЛАРДЫҢ БІРІ.
ВЮРЦБУРГ УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ АЛҒАН.
КЕҢЕСТІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПСИХОЛОГ - ҒАЛЫМДАР
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПСИХОЛОГ ҒАЛЫМЫ - ТӘЖІБАЕВ ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЙҰЛЫ • 1938 -1940 жылдары - Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының педагогика жөне психология кафедрасының доценті және меңгерушісі. 1940 -1942 жылдары - Қазақ КСР-і Халық ағарту комисарының бірінші орынбасары, Халық ағарту комиссары, 1942 -1944 жылдары - Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары қызметтерінде болды
• С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры әрі кафедра меңгерушісі бола тұрып, Т. Т. Тәжібаев университетте педагогтар мен психологтар дайындауда үлкен рөл атқарды, қазақстандық педагогикалық ойлар мен психология ғылымдарының дамуына, республикадағы педагогика мен психология тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды кеңінен дайындауға негіз болды
ҚҰБЫҒҰЛ БОЗАЙҰЛЫ ЖАРЫҚБАЕВ • Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. Дүниеге келгені: 1929 қазанның 29 ыңда Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылы • Мансабы: педагогика және психология ғылымдарының докторы, професор
ҒАЛЫМ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАЙРАТКЕРІ. • 1958 — 77 ж. Шымкент пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі; 1977 — 87 ж. Қаз. МУ-де (қазіргі ҚазөУ) доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан Қаз. МУ-де професор; 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.
ЕҢБЕКТЕРІ: • Краткий библиографический указатель по психологии, 1967; • Развитие психологической мысли в Казахстане, 1968 • Тұрмыс және денсаулық, 1970; • Әдеп және жантану, 1996 • Қазақ психологиясының тарихы, 1996; • Этнопсихология, 1998;
Д. Б. ЭЛЬКОНИН • Борис Данилович Эльконин (1904 1984 жж. ) – психология ғылымдарының докторы, профессор, балалар психологиясының шамасы, жас кезеңдерінің периодизациясының авторы. • Полтавада туып, Сондағы гимназияны үздік бітірді. Содан кейін Петербург қаласындағы Герцен атынд. Педагогикалық институтқа түседі.
• 1929 жылдан бастап осы институтта жұмыс істейді. Көп жылдар бойы осында Выготскийдің балалар ойындарының проблемасын зерттеді. • 1937 жылдан осы институтта жұмыс істеді. Сабақ беріп, Ресейдің солтүстігіндегі халықтарға арнап «Орыс тілін үйренуге арналған хрестоматияны» жазды. • 1940 жылы «Оқушылардың тілін дамыту» туралы кандидаттық диссертацияны қорғады.
Жас кезеңі. Жетекші әрекет. Танымдық іс-әрекет неге Психиканың қай сферасы Жетістігі (жаңалығы). бағытталған. басым дамиды. Нәрестелік Эмоционал-ды қарым Қатынасты кезең. (ту-ғаннан – -қатынас. бағытталған. 1 жас) тануға Жеке бастық (қажеттілік- Қарым-қатынасқа мотивациялық) деген қажеттілік. Сәбилік кезең. (1 -3 Заттық іс-әрекет. жас) Затты тануға. Танымдық процестер. Мектеп жасына Рольдік ойын. дейін кезең (3 -7 жас) Қатынасты тануға. Жеке бастық (қажеттілік- Қоғамдық – маңызды мотивациялық) және қоғамдық – бағалы іс-әрекет. Бастауыш сынып Оқу. оқушыла-ры. Алғашқы тануға. ғылымды Интеллектуал-ды танымдық. Сөйлеу және көрнекі әрекеттік ойлау. Әрекеттің ішкі жоспары. өзін-өзі бақылау. Рефлексия. Жеткін-шек жас (11 Оқу процесіндегі Әр түрлі ситуациядағы Жеке бастық (қажеттілік- «Үлкен болуға» -15 жас). қарым-қатынас іс- қатынас жүйесін тану. мотивациялық) ұмтылу, ұжым әрекеті, ұйымдасқан өмірінің еңбек іс-әрекеті. нормаларына бағыну. Жастар кезеңі (15 - Кәсіптік оқу. 17 жас). Мамандықты тануға. Танымдық. Дүниетаным кәсіптік қызығушылық.
Н ЗА А ЛА Р ЫҢ Р ЗҒ Ы РА А МЕ Х !!! Т
Психология даму тарихы.pptx