Psikhokorrektsialy_1179_ba_1171_darlamalardy__1179__1201_rastyru_men_olardy_1187_negizgi_t_1199_rleri.pptx
- Количество слайдов: 17
Психо-педагогикалық коррекцияның негізгі бағытттары • Психо-педагогикалық коррекция клиенттің психологиясына мақсатты түрде әсер ететін, жастық нормамен бағытталған өңдеу жұмысын жүргізу. Психологиялық коррекция адамның психологиялық тұрғыда толықтай жетілуі мен тұлғалық қалыптасуын функциялауға арналған психологиялық құрылым болып табылады.
1. Психокоррекцияның әдіс тәсілдерін психологиялық теориялар тұрғысында ғана емес, сонымен қатар психокоррекцияның мақсаты ретінде де қарастыру керек. Индивидуалды психокоррекцияны екі бағытын қарастыруға болады. Психикалық әдістің реттеуші функциясы эмоцияналдық түрде өзін-өзі ұстау және өзін-өзі бақылау; жұмыс талқылау мақсатында клиенттің психологиялық тұрғыда өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ету барысында, клиенттің нақты мәселелері, өзін-өзі ұстауы мен эмоционалдық күйлері қарастырылып, өзіне деген сенімділікке қол жеткізеді; әріптесі немесе басшысы тарапынан, отбасы мүшесі мен таныстары жақтан конфликтті жағдайда клиенттің өзін – өзі ұстайтын эмоцияларын қалыптастырады. 2. Нормативті – құндылықты коррекция әдістері, обьектісі- нормаларға, регламенттерге, мақсаттарға, протесттерге қарсы шығужәне жалпы принциптерге бағынбау. Жаман әдеттерге үйрену мен зиянды заттарға бағыну бостандықты шектеуден олады.
өзін-өзі бейімдеуге әр бір жағдайға және әр топқа икемді сіңісуге үйрену Топтық психокоррек цияда топ арасында негізгі көзделетін мәселе жеке өзіне тән мінездің топ мінезқұлқына сіңдіру, • Бұл әдіске жататындар: • Арнайы жасалған психотехникалар; • Жаттығулар; рольдік ойындар; • топтық дисскусиялар;
Кеңес берудің әдістері қазіргі психологиялық әдістердің бірі болып келеді психоаналитикалық бихевиористтік экзистенциалды-гуманисттік Психоаналитикалық бағыт өзінің «ішкі мені» мен «бұл» арасында жүретін ішкі конфликтті және неадекватты психологиялық қорғанысты жеңуге арналған бағыт болып табылады. Бихевиористтік бағытта клиенттің өмір сүру нормасына сәйкес келмейтін форманы өзгерту; қоррекциялық жұмыс- клиент қажет ететін форманы қалыптастыру. Экзистенциалды-гуманисттік бағыт клиент өміріне позитивті жағдайды алып келу (өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тану, кеңістігін үлкейту ). Психологтың негізгі жұмысы-клиентпен индивидуалды түрде жұмыс жасап, психикалық нормаларға сәйкес оның жеке қасиеттерін және өз мүмкіншіліктеріне, потенциалының қалыптасуына көмек көрсету
Психоконсультант психоаналитикалық теорияға сүйене отырып клиенттің ішкі өмірін 3 бағытта қарастырады динамикалық (түрлі психикалық күштердің қарым –қатынасы нәтижесі) экономикалық(энергетикалық мінездеме негізінде) өзекті (психиканың құрылымына қарай). • Соған қарай консултант-психологтың басты міндеті клиенттің ішкі конфликтінің шешімін тауып, «мен» және «жоғарғы мен» арасындағы байланысты тәуелсіз ету.
Гуманистті бағытталған консультант 2 маңызды бағытқа сүйенеді: 1. Адамдар өздерінөздері бақылайды. Олардың алдында таңдау болады: таңдау, қалай ойлау керектігін, қалай жасау керектігі 2. Әр бір адамның өзін-өзі жетілдіру тәсілі мен потенциалы болады, бірақ қоршаған орта ол потенциалдың жүзеге асуына кедергі болады. • Осыдан келе әр бір консультанттың басты міндеті клиентке жеке өзін өзгертуге және шешім қабылдауға көмектесу болып табылады.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру мен олардың негізгі түрлері Әртүрлі коррекциялық бағдарламаларды құрастыруда келесідей ұстанымдарға сүйенген қажет • Коррекция, алдын алу және дамыту міндеттерінің жүйелік ұстанымы; • Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы; • Каузальды тип түзетудің артықшылық ұстанымы; • Коррекцияның іс әрекеттік ұстанымы; • Клиенттің жас кезеңі, психологиялық және дара еркшеліктерін есепке алу ұстанымы; • Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы; • Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстнанымы; • Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы ; • Бағдарланған оқыту ұстанымы; • Күрделендіруді ұлғайту ұстанымы; • Материал түрлілігінің дәрежесі мен көлемін есепке алу ұстанымы; • Материалдың эмоционалды күрделілігін есепке алу ұстанымы;
Коррекция, алдын алу және дамыту міндеттерінің жүйелік ұстанымы. • • Онтогенезде психиканың даму сипатымен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез келген дамыту түзету бағдарламас осы негезде құрастырылады Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет: 1. Коррекция арқылы дамудағы ауытқу мен бұзылысты, ескеру қиындықтарды жою 2. Профилактикалық (ағарту) дамудағы ауыт қу мен қиындықтарды ескерту. 3. Дамыту даму маңызын қолайлы ету жіне жағдай жасау.
Коррекцияның іс әрекеттік ұстанымы Іс әрекеттің қалыптасу негізі А. Н Леонтев, Д. Б Эльконин еңбектеріндегі баланың психикалық дамуы теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойыоған мақсаты анықтайды. Коррекциялық дамыту әсерінің басты тәсілі клиентте белсенді іс әрекетін ұйымдастиыру оның жүзеге асыру барысында ауыр, әрі даулы жағдайларды бағдарлау үшін түрлі жағдайлар жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады. Клиенттің жас кезеңі, психологиялық және дара еркшеліктерін есепке алу ұстанымы Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді. Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы: Тәжірибелі психологияның әдістерінің барлық деңгейде, тәсілдері мен техниканы қолдану қажеттілігін білдіреді. Бірде бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әр түрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстнанымы Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды. Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы Нақты дамыған психикалық процестерге сүйену, оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға негіз болады. Бағдарланған оқыту ұстанымы Кез келген операция бірізділі іс-әрекеттерден құралады. Алғашында психологпен жасалынған жұмысты кейіннен бірте жүзеге асыру. Күрделендіруді ұлғайту ұстанымы Әр бір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материялды қағаз жүзіндегі күрделілік, оның психоголиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді. Материялдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысына ұсынылатын материал немесе ой жаттығулар жағымды эмоционалды әсер қалдыру қажет.
Баланың психикалық дамуындағы коррекция ұтымдылығы тұлға түсінігі мен оның қабілеттері мен бар қасиеттерінің жиынтықтарына байланысты. С. Л. Рубинштейн тұлғаның бүтінділік құрылымына енгізді: • -Бағыттылығы(қажеттіліктері, мотивтері, қызығушылықтары, өмірлік көзқарастары және т. б); • -қабілеттері(жалпы, арнайы, талант, дарындылық); • - мінез-құлығы (өзіне , қоршаған ортаға қарымқатынасы , еріктілік қатынастары).
Коррекциялы қ ықпал тиімділігі келесідей міндеттермен бағаланады • Коррекциялық бағдарламалардың мақсаттармен міндеттерінің нақтылануы • дамуындағы реалды қиындықтар шешімін шешу Коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады
• Коррекциялық сабақтар кемінде аптасына 1 рет 1 -1, 5 сағат уақыт көлемінде өткізілуі қажет , сонымен қатар тек уақыты мен саны емес бағдарламаның мазмұны, ондағы жаттығулар мен ойындар әдістер мен техникалар сапасына да қатысты. • Коррекциялық бағдарламалар тиімділігі әсер етуші ықпалдың мерзіміне байланысты. Қаншалықты ауытқушылықтың ерте анықталуы мен коррекциялық жұмыстың уақытылы орындалғаны дамудағы қиыншылықты шешуде ықпалы сол яғни тікелей әсер етеді.
Психокоррекцияның тиімділігін анықтайтын факторлар • 1. Клиенттің үміті. • 2. Қиындықтардың шешімін табудың клиент үшін мән-мағынасы. • 3. Клиент проблемасының сипаты. • 4. Клиенттің бірігіп жұмыс жасауға дайындығы. • 5. Коррекциялық іс-шараларды іске асырудағы психолог күтетін нәтижелері мен оның үміті • 6. Психологтың кәсіби және тұлғалық тәжірибиесі • 7. Психокоррекцияның нақты әдістеріне спецификалық әсер ету
Психокоррекциялық бағдарламалар тиімділігін бағалау қазіргі таңда өзекті құбылыс. Бұл бағдарлама нәтижесін талқыламас бұрын естен шығармауымыз қажет • - Корекциялық әсер ету тиімділігі нақтылы анықталған әдісті талап етеді. Тәжірибиеде негізінен жалғыз ғана бір әдісті атай алмайсың, коррекциялық мақсатта психологтар олардың түрлі әдістер жиынтығын пайдаланады ; • - тіптен бір әдіс әр түрлі маман қолында түрліше жүргізіліп, түрліше нәтиже береді. • - бағалауды тәуелсәз мамандар беру қажет, сонымен қатар олар қолданылған әдіс түрін білмегені де абзал. . Себебі бағалау кезінде әдіске байланысты өзіндік көзқарасы кедергі жасауы мүмкін; • - психолог тұлғасының қасиеттерін ескеру, олардың ықпал ету жетістігін болжауда қолдануын; • - топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыс кезінде психологтың кәсіби маман ретіндегі мүмкіншіліктерін есепке алу қажет.
2. Психологиялық – педагогикалық корррекцияда тәжірибелік ұсыныстардың құрылуы Психодиагностикалық ақпараттар сараптамасынан соң, келесі кезең – ұсыныстарды талдау, балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс бағдарламасы, қабілеттердің дамуы немесе басқа да психологиялық білімдердің ұзақ мерзімді жоспарын құру. Коррекция бағдарламасы мен даму психологиялық және педагогикалық бөлімдерді өзіне қосады. Психологиялық бөлім даму мен коррекцияны жоспарлайды, және психолог арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық бөлім психологиялық ұсыныстар негізінде құрылған, психолог пен тәрбиешімен , мұғаліммен, сынып жетекшісімен, білім беру мекемесінің директорымен бірге атқарылатын, ата –ана мен баламен (ата – ананың қайсысы көбірек жұмыс жасайтындығына байланысты) және педагог пен ата – ана арасындағы қарым – қатынас тәжірибелі психологтың көмегімен және әрдайым бақылау жүргізіліп отырады.
Выготский әділетті және қатаң түрде ескертеді : «Жеке тұлғалық тұғыр немесе ұжымды қызықтыру сияқты белгілі формулалар бойынша жазылған педагогикалық ұсыныстар педагогқа ештеңе айтпайды, біріншіден, олар қандай тәсілдер арқылы мұны жандандыруға болатындығын айтпайды, екіншіден, қандай нақты мазмұны жеке тұлғалық тұғыр немесе ұжымды қызықтыруға салынуы тиіс. Педагогикалық ұсыныстарда маңызды бөлігін тәжірибелік бөлігі алады, оны өзі құруы және өзі ғана толықтай зерттеудің нақты құрылымының қандай болатындығын, іс – шараларға байланысты нақты және айқын көрсетілімдер беруі тиіс » . Баланың психологиялық және тұлғалық дамуындағы психолог жұмысы әр түрлі формада жүзеге асырылады: психологиялық кеңес беру, әңгімелесу(жеке және топтық), психологиялық зерттеу. Жалпылама жұмыстардың мақсаты – алынған факт негізінде нақты ұсыныстар беру. Г. И. Челпанов заманауи тұлғалық психологиядағы ең басты қателік жан дұниедегі атомистикалық мінез – құлық деп көрсетеді.
Psikhokorrektsialy_1179_ba_1171_darlamalardy__1179__1201_rastyru_men_olardy_1187_negizgi_t_1199_rleri.pptx