моля.ppt
- Количество слайдов: 23
* Психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасы. Жақындарын жоғалтқан кездегі қайғырудың даму этаптары. Орындаған: Омарова М. Факультет: жалпы медицина Топ: 10 -16 -01 Қабылдаған: м. ғ. д. , доцент, профессор Садуакасова К. З
Жоспары: I. III. IV. V. VIII. IX. Кіріспе Қайғы, тигізетін кері әсері Қайғыдан айығу процессінің сатылары Консультацияның және терапияның мақсаты Психологиялық көмек көрсету этаптары Қайғының емі Өлімнен кейінгі өмір Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе: Жоғалту синдромы (кейде оны «ауыр қайғы» деп те айтады) – бұл жақын және сүйікті жандарды жоғалтқанда, күйзеліс салдарынан туындайтын күшті эмоция. Жоғалту - уақытша (айрылысу) немесе мәңгілік (өлім), шынайы немесе қиялдағы, физикалық немесе психологиялық болу мүмкін. ¡
3. Фрейд еңбектеріне сүйенсек, жақынын жоғалтқан адамдардың жақындарына бауыр басып қалуы (жиі ата- анаға) салдарынан мінез құлқының өзгеруі алғашқы жылдары байқалады. Кейінірек адам - өзін түсінетін, туыстық қатынас орнатуға лайық адамды табуға, өзінің эмоционалды және физикалық күшін салады. Сол себепті жақынынан айрылған адам өзін шектелгендей сезінеді. Эмоцианалды тұрғыдан «бір бөлігін кесіп тастағандай» сезімде болады.
¡ Қайғы – бұл адамның күйзеліспен, қайғымен өмір сүріп, өмірге толық қайта қалпына келу процессі. Дегенмен жақынын жоғалтудағы басым эмоция - уайым. Сонымен қатар қорқыныш сезімі, ашу мен ыза, өзін кінәлі сезіну сияқты сезімдер де кездеседі.
Қайғыдағы адамдарға кезекті физикалық жайсыздық тудыратын ұстамалар (тамақтағы спазм, тұншығу, жиілеген тыныс, бұлшықет тонусының төмендеуі т. б. ) және субъективті азап шегу (жан ауруы) тән. Бұл жағдайда жоғалтқан адамның өлімі немесе өзінің өлімі жайлы ойлар мазалайды. (Линдеман, 2002). Сананың жеңіл өзгерістері — шынайылық емес сезімі, қоршаған ортадан шектеу сезімі дамуы мүмкін.
Қайғыдан айығу процессі барлық адамда бірдей сатыда жүреді: ¡ «Ауыр қайғы» (3— 4 ай шамасында) Шок фазасы Реакция фазасы : а) теріске шығару фазасы (іздеу); б) агрессия фазасы (кінәлі сезіну); в) депрессия фазасы (азап шегу және дезорганизация). ¡ Қалпына келу сатысы (1 жыл көлемінде) а) «қалдық соққы» және реорганизация фазасы; б) аяқталу фазасы.
Қайғы күйзелісі біршама факторлармен күшеюі мүмкін: — «тірі қалуын кінәлі санау» ; — танымаудың себебінен болатын қосымша ауыр психотравма, (дененің қатты жарақаттануы не табылмауы) — өлген кісімен қатынасының аяқталмай қалуы, «соңғы қарызын» өтей алмай қалуы, — өмірінің соңғы минуттарында қоштаса алмай қалуы (физикалық алыстау, жайсыз жағдайлар, адаммен айрылысуды іштей қаламау). Қайғының ұзаққа созылуы, психосоматикалық реакцияның дамуына әкеліп соғуы да мүмкін.
Жақынын жоғалтқан жандарға консультация және терапия жүргізу - өте ауыр. Егер клиент қаласа, жұбатудан және қолдау көрсетуден басталып, жоғалтудың ауыр реакцияларынан айығумен аяқталады. Кәсіби психологтың міндеті – жақынын жоғалтқан адамға жан күйзелісін ұлғайту емес, қайғыны ұмытуға көмек көрсету. Күйзелу, жоқтап жылау – адамды қорғайтын, қандай да бір адекватсыз реакция емес, керісінше гуманистік ұстанымда лайықты және өте қажет. Бұл – өте ауыр, күйзелтетін психикалық жүктеме. Психотерапевт жеңілденуге мүмкіндік береді, дегенмен мұндай араласу барлық жағдайда қолайлы емес. Жоқтап қайғыруды тоқтатып тастауға болмайды, ол қалағанынша созылғаны дұрыс.
Консультация кезінде келесідей жағдайларға мән берген жөн: • кінәләмай тындау, қабылдау, • қайғысына көмек көрсетуге өзіңіздің дайын екеніңізді байқату; • адамның қорқыныш сезімін шынайы қабылдау; • кей адамдардың сізге ашуланғанына дайын болу; • сізге сенім артуға уақыт беріңіз, науқас сізге сенбегенше өзінің күйзелісімен бөліспейді; • ауыр сынақ болса да, адамдар қайғыдан арылатындығына үміттендіру; • көмекші ретінде өзгенің проблемасына шиеленіспес үшін орынды аралықты сақтаңыз;
Консультацияның және терапияның тағы да бір мақсаты –жақынын жоғалтқан науқасқа ойы мен іс-әрекеттерін, сезімдерін білдіруге рұқсат ету. Сол уақытта: • шынайы болыңыз: ауруды шұғыл жою – орынсыз; • жоғалтқан адам жөнінде әңгімеге тартып және сезімдерін білдіруге ниеттендіру; • өлім туралы оқиғаны қайталай берсе таңданбаңыз, үздіксіз қайталау – қайғымен күресуде табиғи жағдай; • қайғы кезінде ненің «қалыпты» екені жөнінде мағлұмат беріңіз, мысалы соматикалық симптомдар, ұйқының бұзылысы, тібеттің нашарлауы т. б. ;
Егер жоғалту реакциясы басым болса, жоғарыда айтылғандардан басқа себептерін, қайғыдан неліктен алшақтауын зерттеген пайдалы. Егер жоғалту реакциясы бұрмаланса, келесідей жағдайлар өте маңызды: • сезімдерін ұғынуға ниеттендіру; • тәуелділік туғызған мәселелермен жұмыс жасаңыз; • өлген адам мен қайғырушы адам арасындағы қарым қатынасқа көңіл бөліңіз; • егер өзін кінәләу сезімі негізсіз болса, одан айығуға көмектесіңіз;
• егер өзін кінәлау негізі бар болса, бұл жағдаймен қалай өмір сүретінін, кінәсін қалай өтей алатыны жайлы ойланыңыз; • өлген адам мен қайғырушы адам арасындағы аяқталмаған істерді тауып, сол сұрақтарды талқылаңыз; Егер қайғы созылмалы түрде жүретін болса, онда мыналарды ескеру керек: • Адам баласы неге бул фиксациядан бас тарта алмайды; • Өлім қайғы кезінде адам үшін кандай із қалдырады;
Психологиялық көмек көрсету этаптары, уайым қайғы этаптарымен бірге жүргізіледі: 1. Шок стадиясында көрсетілетін көмек. Қайғыға тап болған адамның қасында болу, жағдайын жасау, бір өзін жеке қалдырмау қажет. Өзіңнің мейірімділігіңмен ізгі ниетіңді білдіру, әсіресе жанасу арқылы. Мысалы: адамның қолынан ұстаганның өзі, мұздай изоляцияданда артық болады. Қайғы шеккен адам сенің қолыңды алу міндетті емес, бірақ біздің міндет әрқашанда көмек беру. ¡
2. Қатты қайғыру кезеңіндегі көмек: Өлген адам туралы әңгіме айту, өлімнің не себепті болғаны туралы және өзінің сол сәтте не сезгені туралы сұрау қажет. Қайтыс болған адам туралы сұрастырып, оның өмірі жайлы, қарым қатынастары жайлы тыңдау. Мысалы: «Ол кісі кімге ұқсағанын? » , «Оның суреттерін көрсетуін? » , «Ол адам нені ұнататынын? » , «Қайтыс болған кісі туралы не ойлайтынын ? » жайлы сурастыру. Бұл әнгіме еш мағынасыз болса да, қайғы шегуші адам ішіндегісін айтып салып жеңілдейді… Егер ол адам ештеңе айтқысы келмесе, оны қинап сұраққа алудың қажеті жоқ, тек ол адам сенің қасында болып, оны түсенгендігіңді білсе болғаны. Ал егер, сөйлескісі келген жағдайда, біз ол нәрсені әрқашанда жалғастырып кетуге дайын болуымыз керек.
¡ Аяқасты немесе зорлап өлтіргенде, ол оқиғаның әрбір бөлшегі туралы адам жеңілдеп қалмайынша сойлесу. Азап шегуші адамды мiндеттi түрде жұбатуға тырыспай, мұңын шағу мүмкiндiгiн беру керек, Ол адамды күнделiктi қызметке (бұл мерзiм аяғына жақындағанда) бiртiндеп араластыру керек.
3. Қалпына келтiру кезеңіндегі көмек. Өмiрге қайта оралуына , болашағын қайтадан жоспарлауға көмектесуi керек. Өлген адам туралы әлсiн-әлi айтқан кезде, оған айтуға мүмкіндік беру керек. Бұл мерзiмде жақындарынан және достары жақтан көмек сұрау қажет , олар қайғырушы адамның жеңілдеуіне, қайғысын умытуына көмектеседі.
«Қайғының емі» . Әр ұлтта, әр дінде өлімге деген көзқарас , оны шығарып салу салты әрқалай. Жоқтау салты. Ауылды жерде жоқтаушылар әліде баршылық. Сол жоқтау арқылы, қайғы шеккен адаммен бірге айқайлап жылау, оның қайғысын бөлісу өте маңызды көмек. Бұдан басқа өлген адамға мені кімге тастап кеттің деп бәрінің айқайлап жылауы, қайғырушы адамның жылулық, түсінушілік білдіріп, қайғысын бөліскендей болады.
Жылау фазасында реакция және емдеу. Ол кезде қайғырушы адам жыласа, тоқтатудың, жұбатудың қажеті жоқ, себебі, ол сол жылаумен өз өзін босатады. Керісінше, қайғырушыны қайтыс болған адамды көмуге, мешітке баруға итермелеу керек. Ол біртіндеп сол арқылы ішкі жан дүниесін уайымнан босатады. Реакция фазасында үй ауыстырып немесе басқа жаққа демалуға кету керек, әлде кішігірім уй жұмыстарымен айналысу қажет.
Қайғырушы адамдардың көбісінде, жаттанды әдсіздік дамиды. Туыстары, жақындары бул реакцияның өздерінің махаббаты, мейірімі арқылы орнын толтыруы қажет. Бұндай жағдайда, туыстарына қайғырушыны жұмыспен қамтуды, оның ойын басқа жаққа аударуларын түсіндіру керек.
Өлімнен кейінгі өмір. Қатты қайғыру, ең жақын туысы немесе жақыны қайтыс болғанда болады. Өлімнен кейін тек қайғы емес, сондай ақ өмірге деген құндылықтың жоғарылауы, айналаға деген көзқарасы өзгеруі мүмкін. Адам өзiн кешіруге, реніштен айығуға, оның жалғасына өз өмiрi, ерлiкке жауапкершiлiк қабылдай алады. Толықтай өзiн еркін сезуге қабiлеттi болып қалыптасады.
Қорытынды: Өмiрде әрбiр адам жақындарынан айырылу қайғысын басынан өткеруі мүмкін. Өмiр және өлiм өзара байланысты нәрсе, әрқашан өзара кезектесіп сабақтасып жүреді. Өлiм адамның өмiрiне және мiнез-құлқына өте үлкен әсер етеді, адамның қалыпты тіршілігінің түбегейлі өзгеруіне де ықпалын тигізеді. Қайғы - табиғи процесс, ол адамның ішкі дүниесін қатты күйзелтіп, жан-тәніне психологиялық тұрғыда аса салмақ түсіретін, ішкі келіспеушілікті жеңу үшін көп куш-қуатты қажет ететін стресстік жағдай.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. Вагин И. Психология жизни и смерти. СПб. , Питер, 2002. Вайтхед М. Консультирование человека в состоянии горя: модель помощи. Психология зрелости и старения, № 1 (17), весна, 2002. Василюк Ф. Пережить горе // О человеческом в человеке. М. , 1991. Каплан Г. И. , Сэдок Б. Дж. Клиническая психиатрия: В 2 т. М. , Медицина, 1994. Меновщиков В. Ю. Введение в психологическое консультирование. М. , 1998.
моля.ppt