Narkologialy_1179_aurulardy_1187_etiologiasy_zh_1241_ne_taraluy.ppt
- Количество слайдов: 16
Психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасы сөж Тақырыбы: Наркологиялық аурулардың этиологиясы және таралуы Орындаған: Орымбаева Н. П. Гинаятов А. Факультет: ЖМ Курс: 5 Тобы: 55 -1 Тексерген: Акшалова А. К.
I. II. 1) 2) Кіріспе Негізгі бөлім Алкоголизмнің таралуы Этиологиясы III. Пайдаланылған әдебиеттер
Алкоголизм – спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт патологиялық әуестікпен қолдану барысында пайда болатын, психикалық, кейіннен физикалық тәуелділікпен сипатталатын созылмалы ауру.
Алкоголизм кеңінен таралған ауру. Соңғы жылдарда дүние жүзі бойынша, алкоголизммен зардап шегетіндердің саны артуда, әсіресе, жасөспірімдер мен әйелдер арасында. Егер 1950 -1960 жылдары ерлер мен әйелдер арасындағы алкоголизммен ауыратындардың ара қатынасы 10: 1 болса, 80 жылы бұл көрсеткіш 5: 1 құрады. Ішімдікке салынудың таралуын тұрғындар арасында әр адамның қолдану мөлшеріне байланысты бағалайды. Егер жылына әр түрғынға есептегенде 5 л болса – орташа, ал 10 лден көп болса өте жоғары деп есептейді. 80 жылдардағы статистика бойынша Европа елдеріндегі таралуы: ең жоғары Францияда (жылына 13 л), ең төмен Норвегия мен Исландияда (4 л) болған. 2001 жылдағы статистика бойынша спиртті ішімдікті қолдану әр адамға 8, 07 л-ден келген.
ДДҰ бойынша, спиртті ішімдікті қолданудан біздің еліміз көрші елдерді басып озып, 8 -ші орында тұр. Ресей 22 -ші орында. Ал рейтинг көш басшысы – африкалық Уганда. Статистика бойынша әр жанға шаққанда Қазақстан тұрғындары жылына 12 л спиртті ішімдік қолданады екен, ресейліктермен салыстырғанда 1, 5 есе артық. Наркологтардың есебі бойынша соңғы 3 жыл ішінде Қазақстандағы балалар алкоголизмі 10 есе, жасөспірімдер арасында 2 есе ұлғайған. Статистика бойынша, халықтың 45, 4% айына 1 -2 рет ішімдік қолданады. Соның ішінде жасқа байланысты: 20 -29 жастағылар – 64, 4%, ал 15 -17 жастағылар 37%-ды құрап отыр.
Бүгінгі таңда ҚР-да алкогольге тәуелді адамдар барлық тұрғындардың 3%-ын (шамамен 448600 адам) құрайды. Алматы қаласының өзінде медико-әлеуметтік түзету Наркологиялық орталығында тіркелген әйелдердің саны 5317, олардың ішінде 413 жасөспірім қыздар. Аудан бойынша таралуына келсек, еліміздің шығысында орталық аудандармен салыстырғанда 1, 6 есе жоғары, ал оңтүстік пен батыс аудандарда 1, 5 -3 есе төмен.
№ Таралу критериилері 1 Алькогольды қолдану нәтижесінде психикалық бұзылыстармен есепте тұрған науқастар саны 2 Тұрғындардың жанына шаққанда абсолютті алкогольдің қолданылу саны 3 Алкогольды психозбен ауырғандар саны 4 Таңдамалы зерттеу негізіндегі эксперттердің бағалауы бойынша
Алкогольды ұзақ және интенсивті қабылдау – алкоголизмнің дамуына әкелетін бір ғана фактор емес. Кейбір адамдар 15 жыл бойы ішімдік ішкенімен, оларда психикалық та, физикалық та тәуелділік дамымайды. Алкоголизмнің дамуына әсер ететін факторларды шартты түрде әлеуметтік, психологиялық және биологиялық деп жіктеуге болады. Психологиялық факторлардың ішінен көңіл бөлетін жағдай – спиртті ішімдіктерді қолдануға деген мотивация.
Мотивтерді, яғни ішуге деген құмарлықты гедонистикалық, атарактикалық деп бөлеміз. Гедонистикалық мотивтер: • Рахат сезімге бөлену; • Эйфория шақыру; • Өзін «жоғарыда» сезіну. Атарактикалық мотивтер: • Релаксацияға, тынышталуға қол жеткізу; • Қиыншылықтардан құтылу; • Қорқыныш пен мазасыздықты жою. Сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық мотивтер де бар. Оларға – дәстүрлік (ішімдіктермен өткізетін салт-дәстүрлер) және субмиссивтік (басқа адамдар мен топтарға бағынушылық) жатады.
• • Жоғары мазасыздық және ергіштік; Тұрақты және маңызды қызығушылықтардың болмауы; Қоғамға бейімделудің жеткіліксіздігі; Физикалық және эмоциональдық жүктемелерді көтере алмаушылық; Өзін төмен ұстау; Әлеуметтік-позитивті жағдайдың болмауы; Стресстік әсерлерге қарсы тұру қабілетінің төмен болуы; Ұрыс-керіс жағдайларды шешу қабілетінің төмендеуі;
айналасындағы адамдардың ішімдікті қолдануы; отбасылық жағдай (ата-анасының араққа салынуы, ата-анасының ажырасуы, толық емес отбасы, отбасындағы бір-біріне деген жауыздық, ата-анасының жұмыс басты болуы, баланы бақылаусыз қалдыру); білім дәрежесі.
Тұқым қуалаушылық Жүктілік кезіндегі патологиялар Босану кезеңінің асқынулары (жарақат, гипоксия)
1. 2. 3. Субханбердина А. С. Наркология: Учебник. – Алматы: Раритет, 2009. – 336 с. Коркина М. В. , Лакосина Н. Д. Психиатрия: учебник. – М. : Медицина, 1995. – 608 с. www. google. ru
Narkologialy_1179_aurulardy_1187_etiologiasy_zh_1241_ne_taraluy.ppt