
7_29-30_states_-substance.pptx
- Количество слайдов: 23
Проблемалық жағдай Мысал 1 1 литр су 1 литр спирт Қоспа 2 литрден кем? НЕГЕ?
Заттың күйлері. Заттың қатты, сұйық және газ күйлерінің айырмашылығы. Физика пәнінің мұғалімі: Оңғарбай Ж.
Диффузия құбылысы немен түсіндіріледі?
Диффузия жылдамдығы қандай шамаларға тәуелді? • • • Заттың температурасына; Сыртқы механикалық әсерлерге; Зат мөлшеріне; Зат құрамына. Зат күйіне
Барлық заттар (кейбірін есептемегенде) 3 агрегаттық күйде бола алады. Қатты ГАЗ тәрізді сұйық Кристалдар (нағыз қаттылар) Аморф денелер (тұтқыр сұйықтар)
Қатты денелер Кристалл тор Кристалл
Кристалдар • Белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық қатты денелер. • Кристалдар –анизотропты, яғни оның физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді. ; • Кристалда жарықтың таралу жылдамдығы, жылу өткізгіштігі, серпімділік модулі тб физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді; • Кристалдың атомдары кеңістікте қатаң тәртіппен орналасып-кристалл торын құрайды. • Мысалы; ас тұзы, слюда, қант түйіршігі, графит, көмір, алмас, кварц тб. • Кристалдар белгілі бір бұрыштармен орналасқан, жазық көпбұрыштардан тұратын болса монокристалдар д. а • Егер кристалл өте ұсақ кристал жиынтығынан тұратын болса, поликристалл д. а.
Аморф денелер • Аморф денелер белгілі балқу температурасы жоқ, атомдарының орналасуы тек жуық тәртіппен орын алған денелер. • Сондыұтан оларды тұтқыр сұйықтар деуге болады. • Аморф денелердің физикалық қасиеттері бағытқа тәуелсіз, яғни аморф денелеризотропты. • Мысалы: әйнек, шыны, оптикалық линзалар,
Зат күйлерінің молекулаларында өзгешелік болмайды, тек орналасуында ғана өзгеріс болады.
Мұз молекулаларының орналасуы
Су молекулаларының орналасуы
Су буы молекулаларының орналасуы
• Жоғарыда аталғаннан басқа физикадан заттың 4 -ші және 5 - күйлері болады. • Плазма-өте жоғары температурадағы қызған газ. • Сингульяциялық күй- заттың өте тығыз сығылған күйі. Сингульяциялық күйдегі заттың тығыздығы 1068 т/см 3 шамасына дейін жетеді !!!
Зат күйлерінің негізгі қасиеттері(кестені толтыру) Заттың күйі Газ Сұйық Қатты Негізгі қасиеттері Молекулаларының арақашыктығы (бір молекуланың диаметрімен салыстырғанда) Молекулалары калай қозғалады
Зат күйлерінің негізгі қасиеттері Заттың күйі Газ Сұйық Қатты Негізгі қасиеттері Молекулаларының арақашыктығы (бір молекуланың диаметрімен салыстырғанда) Молекулалары калай қозғалады Неғұрлым үлкен көлем алуға тырысады, көлемін де, пішінін де сақтамайды, оңай сығылады Молекуланың өз өлшемінен ондаған есе артық Өзіне берілген көлем ішінде ретсіз, шапшаң Қозғалады Өзі кұйылған ыдыстың пішінін алады, көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды, аққыш Молекуланың өз өлшеміндей Орнықты күйінің маңайында секірмелі, тербеле козғалады: Көлемін де, пішінін де сақтайды. Молекулалары белгілі бір Тепе-теңдік ретпен орналасады, ара- күйіне қатысты қашықтығы молекуланың тербеле өз өлшемінен кем Қозғалады
Тақырыпты пысықтауға арналған есептер мен жаттығулар: А-деңгей
Логикалық есептер
1. Торкөз сызығы бар қағазға, радиусы 4 см шеңбер салыңдар. А) шаршыларды санау тәсілімен шеңбердің ауданын табыңдар. Ә) формула бойынша шеңбердің ауданын есептеңдер. Алынған мәндердің қателіктерін есептеп шығарыңдар. 2. Жас бамбук тәулігіне 86, 4 см өседі. Ол секундына қанша өседі? 3. Майы бар жабық құтының ішіндегі ауа көпіршігінің көлемі бөтелке салқындағанда арта ма? Әлде кеми ме?
1. Көлемі 0, 002 мм 3 бір тамшы май су бетіне тамып, ауданы 100 см 2 жұқа қабат болып жайылды. Осы қалыңдықтағы май молекуласының диаметрін анықтаңдар. 2. Егер 6 тәулік бойы тоғандағы мұз тәулігіне бірқалыпты 5 мм қалыңдықта өсіп отыратын болса, осы қалыңдықтың өсуінің уақытқа байланысты графигі қандай болады? Мұздың бастапқы қалыңдығын 1 см тең деп алыңдар. 3. Вакуумде заттарды тозаңдата бүрку жолымен бұйым бетін 0, 001 мкм қалыңдықта хроммен қаптауға болады. Хром атомының өлшемі сантиметрдің 1/100 000 үлесіне тең деп алып, қапталған пленкадағы атом санын анықтаңдар.
Үй жұмысы • 115 -123 сұрақтарға жауап беру. Есептер жинағы 18 -бет • ІІ тараудың маңыздысын жаттау!!! (56 бет)
Рефлексия • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңіздер? • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет? • Сабақта не ұнады? неге? • Сабақтың несі ұнамады. ? Сабақ презентациясын www. zhangozy. wordpress. com сайтынан көшіріп алуға болады.
Есіңе сақта-Remember! Элементар бөлшек Электрон Протон Нейтрон Молекула Диффузия Температура Термометр Заттың күйлері Элементарные частицы Электрон Протон Нейтрон Молекула Диффузия Температура Термометр Состояния вещества Қатты Сұйық Газ Твердый Жидкость Газ Elementary particle Electron Proton Neutron Molecule Diffusion Temperature Thermometer The states of substance Solid Liquid Gas
7_29-30_states_-substance.pptx