
Президент укiмет жэне баскару жуйесi.pptx
- Количество слайдов: 15
Президент укiмет жэне баскару жуйесi орындады: студент 1 курс Пи. МНО-102 Макатова Айгерим тексерді : Омiрбаева Куляш Охаскызы
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Үкіметтің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясындабекiтiлген (64 бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iсқимыл жасайды.
Үкіметті құру Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер -Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер. Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Парламент Конституцияға сәйкес мына түрдегі заңнамалық актілер қабылдайды: Парламент Конституцияға сәйкес мына түрдегі заңнамалық актілер қабылдайды: Қазақстан Республикасының заңдары; Парламент қаулылары; Сенат пен Мәжілістің қаулылары.
Қызметі Аты-жөні Қызметке кіріскен күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2 сәуір 2014 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 4 сәуір 2014 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева 11 қыркүйек 2015 Министрліктің аты Аты-жөні Қызметке кіріскен күні ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Дәурен Абаев 6 мамыр 2016 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Асқар Мырзахметов 6 мамыр 2016 ҚР Әділет министрлігі Берік Имашев 20 қаңтар 2012 ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ерлан Сағадиев 10 ақпан 2016 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Тамара Дүйсенова 6 тамыз 2014 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әсет Исекешев 6 тамыз 2014 ҚР Қаржы министрлігі Бақыт Сұлтанов 6 тамыз 2014 ҚР Қорғаныс министрлігі Иманғали Тасмағамбетов 22 қазан 2014 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлы 6 тамыз 2014 ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Талғат Донақов 11 желтоқсан 2015 ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерлан Ыдырысов 4 сәуір 2014 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қуандық Бишімбаев 6 мамыр 2016 ҚР Ішкі істер министрлігі Қалмұханбет Қасымов 4 сәуір 2014 ҚР Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаев 25 наурыз 2016
Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әкешешесі Нұрсұлтан деп ат Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түптамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Қызмет жолы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960— 69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969— 73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973— 77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977— 79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2 -ші хатшысы. 1979— 84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984— 89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989— 91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1 -інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 78 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29 -ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10 -ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4 -інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. [1] 2011 ж. сәуірдің 3 -інде сайлаушылардың 95, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. [2] 2015 ж. сәуірдің 26 -ында сайлаушылардың 97, 7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. [3]
Нұрсұлтан Назарбаев
Конец
Президент укiмет жэне баскару жуйесi.pptx