
тукы.ppt
- Количество слайдов: 21
Презентациялық сабақ Тақырыбы: Тұқытәрізділер Орындаған: Туреханов Асылжан
Тұқылар (Cyprіnіdae) – тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған, 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500 -дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90 -ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар – кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т. б. ). Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т. б. ). Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас – өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Тұщы су балықтары. ТМД теңіздері мен өзен-көлдерінде 120 түрі белгілі. Уылдырығын өсімдіктерге, топыраққа, суға шашады. Тұқы балықтар, (қаракөз, табан, сазан, оңғақ балық т. б. ) кәсіпшілік балықтар түрі болса, тұқы, мөңке, дөңмаңдай көбейту мен жерсіңдіру балықтары.
Қаракөз, Арал қаракөзі (Abramіs safa aralensіs) – тұқымдасына жататын балық. Қаракөз Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Ал, Қаракөз түртармағы – Арал теңізінің су алабында – Сырдария мен оның көлдерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 28 см, салмағы 420 г-дай. Пішіні тыранға ұқсас, одан айырмашылығы – қабыршағы үлкен, құйрықасты (аналь) қанаты ұзындау болады. 7 – 8 жыл өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (көлеміне қарай 2, 2 – 33, 5 мыңдай) су темп-расы 12 – 16 0 С-қа жеткенде өзен арнасының құмды-тасты, құмды-сазды, сазды жерлеріне шашады. Қорегі – бүйірімен жүзушілер, бақалшақты шаяндар, қосжақтаулы моллюскілер, мизидтер, әр түрлі дернәсілдер, детриттер (өлекселер). Арал Қаракөзі Арал теңізінің экологиялық жағдайына байланысты саны кеміп келеді. Бұрын еті жақсы бағаланатын, кейінгі кезде ол майдаланып, кәсіптік маңызын жоғалтқан.
Сазан
Саза н - (латынша Cyprinus carpio) – тұқымдасына жататын балық. Саза нның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cаза ны (Саза н Cyprinus carpіo) және Арал саза ны (Саза н Cyprinus aralensіs) бар. Біріншісі –Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2, 5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1, 5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1, 5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0, 5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16 – 22ӘС, тұздылығы 9, 6% болса жақсы жетіледі. Саза ндар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты саза н саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты саза ндардың дене тұрқы да кішірейіп кетті. Мысалы, қазіргі кезде ергежейлі саза нды (ұзындығы 15 см, салмағы 70 г) кездестіруге болады. Саза нның еті дәмді, етінің майлылығы 4, 1%, белогы 16, 5%; кәсіптік маңызы өте үлкен.
Оңғақ
Оңғақ (лат. Tіnca tіnca) – тұқытәрізділер отрядына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Есіл, Нұра, Торғай өзендерінде, Қамыс – Самар көлдерінде кең тараған, аздап Жайық өзенінде де кездеседі. Арал және Балқаш су алаптарында жерсіндірілген. Денесі жалпақ, жуан, тығыз ұсақ қабыршақтармен қапталған. Ұзындығы 32 см-дей. Екі езуінде қысқа мұртшалары болады. Балықтың сыртқы түрі негізінен қоңыр түсті, алтын сияқты жылтыраған рең байқалады. Судан шығарғанда түсі оңып кетеді, балықтың аты осыған байланысты қойылған. Аталықтарының құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтары едәуір жуан, сол белгісімен аналықтарынан оңай ажыратылады. Оңғақ жыныстық жағынан 3 – 4 жылда жетіледі, уылдырығын (320 мыңдай) тұңғиық және шылау өскен жерлерге мамыр айынан бастап 3 – 4 ай бөліп-бөліп шашады. Оңғақ балдырлармен, бентостық организмдермен (әсіресе хирономидтер мен біркүндіктер) қоректенеді. Еті үшін көп ауланады. Кәсіпшілік және өсіру балықтары.
Майбалық
Майбалық, шемей (Chalcalburnus chalcoides), тұқытәрізділерге жатады. Каспий, Қара теңіз, Арал теңіздерінде таралған. Өрістейтін және тұщы суда кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда екі түр тармағы: Каспий Майбалығы (теңіздің оңтүстік - батысында кездеседі) және Арал Майбалығы қазір Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдер (Қараөзекті қоса алғанда) табиғи ареалында] тіршілік етеді. Ересектерінің ұзындығы 19 – 27 (31) см, салмағы 158 – 232 г. Жыныстық жағынан 2 – 6 жылда жетіледі. Бұрын көпшілігі уылдырығын теңіздің жағалауларына, өзеннің сағасына шашатын (тұздылығы 11‰ - ге дейін). Қазіргі уақытта негізінен Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде көбейеді. Уылдырығын (18, 2 – 73, 9 мың) мамыр – маусым айларында су температурасы 15°C болғанда, тереңдігі 0, 5 – 2 м су түбіндегі тастарға шашады. Шабағы алғашында планктонмен, кейін жәндіктермен, біркүндіктермен, кейде балдырлармен қоректенеді. Арал теңізінен кәсіптік балық ретінде 1960 жылдарға дейін көп ауланған. Қазір олардың саны жылдан жылға азайып келеді.
Күтім(Rutіlus frіsіі kutum) – тұқымдасына жататын ойықтіс балығының түртармағы. Қазақстанда Каспий теңізінің оңтүстік-батыс және орталық бөліктерінде кездеседі. Ұзындығы 65 см-ге дейін жетеді, салм. 1 – 1, 2 кг. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
ШОРТАНТӘРІЗДІ АҚМАРҚА
ШОРТАНТӘРІЗДІ АҚМАРҚА (Аspіolucіus esocіnus) – тұқытәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Негізгі мекені – Орта Азияның су айдындары. Әмудария мен Сырдарияның жазыққа шыққан бөліктері мен суландыру каналдарында өмір сүреді. Соңғы кезде Шортантәрізді ақмарқаның қазақстандық ареалы біршама азайған, соңғы 40 жылда кездеспеген. Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Дене пішіні жұмыр, басы ұзын (ол денесінің ұзындығының 25%-дай мөлшеріне тең), көздері кішкентай, аузы үлкен. Астыңғы жақтары ілгері қарай ұмсынған және олардың ортасында үстіңгі жақтарының ортасындағы ойыққа кіретін төмпешігі бар. Арқа қанаты тік, олар құрсақ қанаттарына қарсы орналасқан. Денесі күміс түстес, қабыршақтары ұсақ, ұзындығы 63 см-ге дейін (қанатын қоспағанда), салмағы 3, 5(5) кг. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі (ұзындығы 45 – 50 см болғанда). Ақпан – наурыз айларында өзендердің қатты ағысты жерлеріне, су темп-ратурасы 5 – 10°С болғанда уылдырығын (саны туралы дерек жоқ) шашады. Бұлар тез өсетін балықтар. Негізінен балықтармен (сүйрік қанат, қылыш-балық, тарақ-балық, талма-балық, т. б. ) қоректенеді. Таралу аймағы қай жерде де өте аз. Қазақстанда Шортантәрізді ақмарқа соңғы рет 1953 ж. Жаңашиелі жармасынан ұсталды деген мәліметтен басқа дерек жоқ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Мөңке — тұқымдас балық
Тыран (Обыкновенный, восточный, дунайский) лещ -наиболее общеизвестный представитель рода лещей из семейства карповых рыб, отряда карпообразных.
Арал қаязы
Тип Хордалылар Chordata Клас Балықтар Pisces Отряд Тұқытәрізділер Cypriniformes Тұқымдас Тұқылар Cyprinidae Туыс Қаяздар Barbus Түрдің авторы Kessler 1872
Арал Қаязы (Barbus brachycephalus) – тұқымдасына жататын балық. Арал қаязының тіршілік ету ортасына байланысты Каспий және Арал тұқымдары бар. Дене тұрқы 111 см, салм. 22 – 23 кг-дай. Арал қаязының еті дәмді, кәсіптік маңызы зор. Туыстың Қазақстандағы екі түрінің біреуіне қатысты наминатипты түршесі. Оның табиғи таралу аймағы Арал теңізінің су алабы. Бұрын жылына 1743 т дейін ауланса, 1978 жылдан бері аулау тоқтатылды. Балқаш-Іле су алқабына жерсіндірілген. Ұзындығы 1 м асады, салмағы 22 кг шамасында. Бұл қаяздың өтпелі түрінің жойылып кету қаупы бар, ал жергілікті түрінің барлық жерде де саны азаюда, оның себебі, су жүйелеріндегі бірқалыптылықтың бұзылуы. Өзбекстанның қызыл кітабына енгізілген (1983). Қазақстанның Қызыл кітабына да енгізілген.
Көкбас
Көкбас (лат. Diptychus) — тұқытәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасы тармағына жататын балық. Көкбастың екі түрі бар: қабыршақты көкбас (лат. Diptychus maculatus) және қабыршақсыз көкбас (лат. Diptychus dybowskіі). Қабыршақты көкбас Қазақстанда Балқаш – Iле алабында, Тентек өзенінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бір-бірімен түйіспейтін кейде жиілеу, кейде сирек қабыршақтары бар, құйрық жағының қабыршақтары жиірек, бүйір сызығының қабыршақтары ірілеу және түйісіп орналасқан. Үлкен аузы басының астында орналасқан. Астыңғы жағын өткір қырлы мүйізді қабық жапқан. Езуінде қысқа 1 жұп мұртшасы болады. Денесінің түсі тіршілік ортасына сәйкес өзгеріп отырады, жалпы арқа жағы қоңырлау, ал құрсақ жағы ақшылдау. Жыныстық жағынан жетілген аталықтарының денесінде, басында, барлық қанаттарында (кеуде қанатынан басқа), тілікшесінде ұрық шашарда мөлдір бүршіктер пайда болады. Сирек те болса осы тектес бүршіктер аналықтарында да байқалады. Ұзындығы 30 см, салм. 560 г-дай, 11 жылдай тіршілік етеді. 4 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіліп (аталықтары 1 жыл бұрын), біршама ірі уылдырығын (1 – 5 мың) әр түрлі суда, өзеннің ағысты, тасты жеріне сәуірден қыркүйектің ортасына дейін 2 – 3 рет бөліп-бөліп шашады.
Қабыршақсыз көкбас Қазақстанда Сырдария, Шу, Балқаш – Iле және Зайсан көлi су алабында тіршілік етеді. Дене пішіні қабыршақты Көкбасқа ұқсайды: қабыршағы тек бүйір сызығы мен тілікшесінде және кеуде қанатының үстінде болады. Аузы басының астында, еріндері етті, астыңғы ерні ортасынан жырық. Езуінде қысқа 1 жұп мұртшасы бар. Түсі ақшыл-сарғыштан қоңыр-сарғышқа дейін өзгеріп тұрады. Тіршілік ететін жеріне, дене көлеміне қарай бүйірінде әрқалай қоңыр дақтар болады. Ұзындығы 35 см, салмағы 580 г-дай, 12 жылдай тіршілік етеді. 4 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіліп (аталықтары 1 жыл бұрын), ірі уылдырықтарын (1, 2 – 12, 4 мың) мамыр – тамызда өзеннің баяу ағысты, қиыршық құмды-тасты жеріне шашады. Уылдырығы – улы. Қабыршақсыз көкбас – кәдімгі бентофаг; қорегінің негізін біркүндіктердің, плекотералардың, жылғалықтар және хирономидтердің дернәсілі, бүйірімен жүзушілер, моллюскілер, өте сирек те болса балдырлар мен ауада ұшатын жәндіктер құрайды; дернәсілдерінің қорегінде су бүргелері, циклоптар, т. б. кездеседі. Көкбас Қазақстанда кәсіптік балық түріне жатпайды, тек әуесқойлар аулайды.
Назарларыңызға рахмет!
тукы.ppt