Матриархат.pptx
- Количество слайдов: 8
Презентация Тақырыбы: Матриархат Орындаған: Тобы: Қабылдаған:
Адамдар ертеде 2 бөлінген. Патрихат Матрихат
Матриархат, аналық ру (лат. matrіs — ана және грек. arche — билік, үстемдік) — алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық құрылымның бірі. М. кейінгі палеолиттe (б. з. б. 40 — 10 -мыңжылдық аралығы) қалыптаса бастаған. М-тың дамуы қазіргі адамдардың (homo sapіens — саналы адам) қалыптасу кезеңімен сәйкес келеді. М. рулық қауымдардың пайда болуына жағдай жасады. Ру қоғамдық ұйымның бір түрі ретінде қалыптасып, онда әйелдер үстемдік жүргізді. Қоғам өмірінде әйел үстемдігінің орнауы олардың дүниеге ұрпақ әкелудегі табиғи қызметіне, полигам. (көп некелік) қатынастарға және тұрмыс-тіршілік пен үй шаруасының ұйтқысы ретіндегі рөліне тікелей байланысты болды.
Анкара музейіндегі Ана мүсіні
Матриархат дегеніміз бұл қоғамда әйел затының үстемдік етуі, яғни еркектерден әйелдердің бір саты жоғары болуы(қазіргі біздің қоғамымыздың антонимі). Осыдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын әлі аңшылық пайда болмағанда, адамдар терімшілікпен айналысып жүргенде отбасыда әйелдер басшы болған дейді ғой, сол заманды матриархат деп атайды.
Матриархаттың негізгі белгілері: ұрпақтың тегі мен бастауы анадан есептеліп таратылды, тұрмыста және қоғамдық өмірде әйелдер шешуші рөл атқарды, мүлікке мұрагер болды.
Матриархат неолит дәуірінің соңына қарай әлсірей бастады. Оған себеп болған өндірістік қатынастардағы сапалық өзгерістер: мал және егін ш. , кен өндіру мен металл өңдеу (мыс, қалайы) ісінің қалыптаса бастауы болды. Бұл өндіріс салалары ер адамның күшін мейлінше қажет етті. Сонымен бірге осы кезеңде моногам. (дара некелік) қатынастар орнай бастады. Осы аталған қоғамдық үрдістер М-тың патриархатпен (аталық ру) алмасуына негіз болды.
Матриархат - отбасындағы билік әйелге, анаға тиесілі қоғамдық құрылым формасы. Матриархат - қоғамда әйелдердің басшылық ет Minangkabau қауымдастығы Суматраның батысында өмір сүреді және оның құрамында шамамен 4 миллион адам бар. Бұл қоғам қазірг замандағы осындай типті қауымдастықтардың ішінде ең үлкені және тұрақтысы болып саналады. Ғалымдар, алайда, оны матриархатта гөрі, матрилинейлік деп атайды. Бұл оның негізгі сипаты. Мұндай қауымдастықтар, сонымен бірге, Қытай және Үндістан аумақтарында да бар.
Матриархат.pptx